Стан археологиясы


Арал маңы сақтарының ескерткіштері



бет67/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Арал маңы сақтарының ескерткіштері 
Ерте сақ ескерткіштері. Бҧл кезеңге Оңтҥстік Тҥгіскен мен Ҧйғарақ 

қорымындарындағы қабірлер жатады. Оңтҥстік Тҥгіскен қорымынан 50 оба


анықталған, оның 38-і қазылған, Ҧйғарақтан 80 шақты оба анықталған, оның 
70-і аршылған.
Оңтҥстік Тҥгіскен қорымы екі кешенге бӛлінеді. Олардың біріншісі 12 
обадан, екіншісі – оңтҥстік – 29 обадан тҧрады. Солтҥстік Тҥгіскен
некрополында тоғыз оба орналасқан. Оңтҥстік Тҥгіскен б.з.б. VІІ-V 
ғасырлармен мерзімделінеді, сондай-ақ б.з.б. V ғасыр обалары қорымның
оңтҥстік бӛлігінде топталған, ал ең ерте кезге жататындары оның солтҥстік 
шетінде шоғырланған. Ҧйғарақ қорымының обалары б.з.б. VІІ-VІ
ғасырлармен мерзімделінеді; б.з.б. V ғасыр обалары бірен-саран ғана, олар 
ҥш топта шоғырланған – шығыс (30 шақты), орталық (27) және батыс (21).
Оңтҥстік Тҥгіскен мен Ҧйғарақ қабірлерінде жерлеу ежелгі жер бетінен 
қазылған топырық шҧңқырларға мҥрдені қою (жерлеу) ғҧрпы бойынша
атқарылды, алайда мҥрдені ӛртеу салты да кездеседі. Барлық жағдайда ҥстіне 
оба тҧрғызылған. Обалардың сақталған биіктігі 0,3-2 м, диаметрі 10-40 м
шамасында. 
Мҥрденің жерленуіне қарағанда қайтыс болған адамды шалқасынан
қамыс тӛсенішке жатқызған, басын батысқа немесе оңтҥстік-батысқа 
қаратып, бҧтақтармен және қамыспен ӛрілген жеңіл ағаш каркас қҧрылыс
ішіне қойған. Қҧрылыс іздері шіріп кеткен не болмаса жанып кеткен 
дӛңгелек бағана шҧңқырлары тҥрінде сақталған. Жерлеу қҧрылысының
айналасы шыбық-шӛпшектермен және қамыс қабатымен жабылған. Жоспары 
бойынша бҧл қҧрылыстар дӛңгелек, сопақша келген, тік бҧрыштылары сирек
кездеседі. Баған шҧңқырларының шеңбері бір қатар, алайда оның ішіне 
шаршы бҧрышында тӛрт бағанадан тҧрғызылған камера секілді қҧрылыс
жасалған. Кейде шеңбер екі бағаналар қатарынан да тҧрды.
Оңтҥстік Тҥгіскен мен Ҧйғарақ обаларындағы жерлеу ірі тік бҧрышты
топырақ қабірлерінде жҥзеге асырылған. 
Бірінші, ең кӛп таралған типіне шығыстан батысқа қарай бағытталған
кӛлемі 2,7х2,3 – 4,5х3,7 м, тереңдігі 1-2 м шҧңқырдағы қабірлер жатады. 
Әдетте жерлеу шҧңқырын кӛлденеңінен ағаш бӛренелер жауып тҧрды. Бҧл
конструкция ҥстіне қамыс қабаты немесе ҧсақ бҧтақтар тӛселді. Қамыс 
моладан шыққан топырақ пен шҧңқыр айналасындағы жер бетіне де тӛселді,
содан кейін барып оба тҧрғызылды. Кейде шҧңқырды айналдыра одан 



198


біршама қашықтықтан қамыс қабатымен жабылған аса терең емес ор
қазылды. Оңтҥстік Тҥгіскенде Ҧйғараққақарағанда отпен байланысты салт 
іздері жиі кездеседі. Шҧңқырдың ағаш жабындысын жиі ӛртеген, алайда оны
дереу топырақпен сӛндіріп отырған, нәтижесінде қҧрылыс толық жана 
қоймаған. Мҥрдеге от тимеген.
Бірінші типтегі қабірлер б.з.б. VІІ-V ғасырлармен мерзімделінеді.
Екінші типтегі қабірлер тек қана Тҥгіскеннен кездескен. Бҧл тік
бҧрышты келген топырақ шҧңқырлары не болмаса бҧл ҥш обаның 
камералары аласа жалмен қоршалған. Оба ҥйіндісі жал сақинасы шеңберінде
тҧрғызылған және қазіргі таңда сақтала қоймаған. 
Барлық молалар ағаш жабындымен жабылған. Екінші типтегі қабірлер
б.з.б. VІ ғасырмен мерзімделінеді. 
Ҥшінші типтегі жерлеу қҧрылыстары тек Ҧйғарақтан ғана анықталған,
қазылған бҧлардың саны 13. Басым бӛлігі оба тобының батысында 
орналасқан. Салыстырмалы тҥрде алғанда бҧлар тар тік бҧрышты, сопақшаға
жақындау келген, кӛлемі 1,75х1,4-3х1,63 м топырақ шҧңқырлар. Олардың 
тереңдігі 0,62-1,35 м аралығында, сонымен қатар ӛте ҧсақ молалар да
кездеседі. Сырық негізінде жатқан шыбықпен және қамыспен жабылған. 
Ҥшінші типтегі қабірлер б.з.б. ҤІІ-ҤІ ғасырлармен мерзімделінеді.
Тӛртінші типтегі қабірлер Тҥгіскеннен белгілі және бай қабірлерімен 
ерекшеленеді (қазылғандарының саны алтау). Бҧлар тік бҧрышты қабір
шҧңқырлары (2,5х3-3х3 м, тереңдігі 2-2,5 м) болып табылады, қабір 
бҧрыштары әлемнің тӛрт тарапына бағытталған және оңтҥстік-шығыс
жағында ҧзын (5-12 м) дәліз-дромосы болады. Шҧңқыр мен оған жақын 
дромостың бӛлігі әдетте жиі ӛртеп, бірден сӛндіріп тастап отырған ағашпен
жабылған. Бір рет қана моланы айналдыра жер бетінде болған оттың іздері 
байқалған. Бҧрыштарына бағана типіндегі шҧңқырлар қазылған, ал мҥрде
мола қабырғасынан бӛлініп тҧрған ор арқылы жер «ҥстел» ҥстіне 
жатқызылған сияқты орналастырылған. Барлық молалардан ӛлікті жерлеу
салты анықталған. Мҥрденің басы шҧңқырдың диагоналі бойынша шығысқа 
– солтҥстік-шығысқа қаратылып, «салт атты кейпінде» арқасымен созыла
жатқызылды. Барлық «дромосты молалар» б.з.б. Ҥ ғасырмен мерзімделінеді.
Оңтҥстік Тҥгіскен мен Ҧйғарақ обаларындағы жерлеу қҧрылыстарының
орналасуы мен кейбір ғҧрыптық элементтері Солтҥстік Тҥгіскеннің кейінгі 
қола кесенелерімен ҥндеседі.
Оңтҥстік Тҥгіскен мен Ҧйғарақ қабірлерінің кӛпшілігі, ӛкінішке орай, 
тоналған.
Әдетте, барлық тоналған қабірлердегі қҧйымшақ сҥйектері сол кҥйінде, 
ешкім тиіспеген қалпында сақталған, қаңқаның басқа бӛліктері мен бас
сҥйектерін тонаушылар шашып немесе лақтырып кеткен. Бҧл мейлінше 
қҧнды заттар басқа, кеудеге және қолға тағылған деп топшылау жасауға
мҥмкіндік береді. Сірә, мҥрдені молаға киімімен және бас киімімен жерлеген, 
олар ҧсақ моншақтармен және алтын қапсырмалармен әшекейленген.
Тҥгіскен қорымындағы №54 обадан (б.з.б. V ғасыр) алтын қаңылтыршадан 
жасалып, аппликация тҥрінде белбеуге тағылған ӛрнекті жапсырмалар




199


алынған. Кӛптеген қабірлерден халцедон, сердолик, т.б. тас жыныстарынан
дайындалған моншақтар кездескен. Ҧйғарақтағы әйел адам қабірлерінен 
білезік, ер адамдар моласынан сырға табылған. Қоладан және темірден
жасалған пышақтар ер адамның да, әйел адамның да аяқ жағынан алынған. 
Сірә, жылқының жерленуін кӛрсетуі тиіс болған ат жҥгендері, 100-ден астам
қабірлерден кездескен, олардың кӛпшілігі ер адам мен әйелдердің аяқ 
тҧсынан алынған.
Керамика әйелдердің және ер адамдардың қабірлерінен ҧшырасқанымен, 
барлығында жоқ. Әдетте ол жапсырылған бір ыдыс, кейде оның саны екеуге
дейін жеткен. Тәртіп бойынша олар мҥрденің аяқ жағында тҧрған.

Ер адамдардың қабір қҧрал-саймандарында қару-жарақ маңызды орын


алады. Олар: қола жебе ҧштары (кейде жебе ҧштарының шоғыры кездеседі, 
сірә, олар қорамсаққа салынса керек), қайрақ таспен бірге болатын қоладан
және темірден жасалған қанжарлар, ҧзын темір семсерлер. Бір рет биметалл 
кҥрзі ҧшырасқан.
Әйел адамдардың қабірлерінде жиі кездесетін қҧрал-саймандар: диск 
тәріздес қола айна, тас алтарь, жалпақ етіп ӛңделген сҥйек (бояу езуге
арналған), шаруашылық заттар (дәнҥккіш, ҧршықбас, т.б.).
Б.з.б. VІІ-V ғасырларындағы керамика жапсырмалы ыдыстар тҥрінен
тҧрады. Олар шамот пен ҧсақ әктас бӛлшектері қосылған саз балшықтан 
дайындалған, тҥсі сҧр не болмаса қоңырқай, кейде сырты сҧйық балшық
қаптамамен кӛмкерілген, онда қызыл бояудың аққан іздері байқалады. Биік 
тік мойыны бар және жайпақ тҥпті, кӛбінесе жылтыратылған, алмҧрт
бітімдес ыдыстар керамиканың негізгі тҥрлері болып табылады. Шҥмегі 
тҥтікше ыдыстар Тҥгіскен мен Ҧйғарақтағы б.з.б. VI ғасырдағы қабірлерден
табылды, Қазақстан аумағындағы басқа сақ кешендерінде олар ҧшыраспады. 
Сонымен бірге Оңтҥстік Тҥгіскен мен Ҧйғарақта бір не екі тҧтқасы бар
жапсырма сапты аяқтар, ернеуі ішіне қарай аздап емеурілген, бҥйірі 
шығыңқы тостағандар да кездесті.
Арал маңындағы ерте сақ қабірлерінен б.з.б. VІІ-V ғасырларда кездесетін 
тас алтарь немесе қҧрбандық ыдысының екі тҥрі бар: бірінің аяғы бар,
екіншісінің аяғы жоқ. Аяқсыз қҧрбандық ыдыстар тҧрпаты сопақша және 
тҧмсық тәріздес болып бӛлінеді. Олардың жанында бояу жағылған малта
тастар жатады, қҧрбандық ыдыстардан бояу іздері немесе отты имитация 
жасайтын қызыл реальгар секілді заттар да ҧшырасады. Алтарь кездескен
әйел адамдардың қабірі абыз моласы ретінде қарастырылады, ал олардан 
табылған айналардың магиялық мәні де болған сияқты.
Ең кӛп таралған Арал ӛңірі сақтарының қару-жарағы садақ пен жебе 
болып табылады. Садақ қалдықтары табылмаған, алайда жебе ҧштары
молынан ҧшырасқан. Молалардағы жебе ҧштары әдетте қорамсақта жатқан. 
Тҥгіскендегі б.з.б. Ҥ ғасырға жататын обалардың бірінен 50 шақты жебелері
(ҧзындығы 70 см) бар қорамсақ табылған. Қорамсақ теріден жасалған. Оның 
тӛменгі шеті алтын жапсырма тоғалармен әшекейленген. Ҥстіңгі жағында
алтын қапсырма қаусарып тҧрған клапаны болса керек. Қорамсақты сол 
жаққа тағып жҥрген, жебе ҧштары тәртіп бойынша тӛмен қаратылған. Сҥйек




200


жебе ҧштары (екі қалақшалы ромб тҥрінде, ҧңғымалы) да кездесіп отырады.
Мҧнда да жебе ҧштарының басты-басты екі тҥрі – қысқа сапты және ҧңғылы 
тҥрі қатар қолданылған. Б.з.б. VІІ-V ғасырлардағы обалардан ҧңғылы және
сапты металл жебе ҧштарының болуы тән. Қысқа мойынды жебе ҧшының 
орнына б.з.б. VI ғасырдың екінші жартысында қанды басы ҥш қанатты
немесе ҥш қырлы ҧңғылы жебе ҧшын қолдану басқа аудандарға қарағанда 
ертерек басталды. Б.з.б. V ғасырға қарай сапты жебе ҧштарын ҧңғылы
(тӛлкелі) ҥш қалақты және ҥш қырлы жебе ҧштары (б.з.б. VІ ғасырда кеңінен 
таралған) біртіндеп ығыстыра бастайды.
Қанжарлардың екі тҥрі белгілі. Бірі қоладан, келесісі темірден жасалды. 
Алғашқысының ҧштығы саңырауқҧлақ тәрізді, екіншісінің айқыштамасы
(балдағы) кӛбелек тҥрінде.
«Савромат әлемімен», оның ықпалымен байланысты болған қару-
жарақтардың біріне б.з.б. Ҥ ғасырға жататын обалардан алынған ҧзын темір 
семсерлер жатады. Қазба кезінде табылған осындай бір семсердің ҧзындығы
1,25 м-ге жеткен, оның сопақша келген сабы, кӛбелек тәрізді айқыштамасы 
бар. Семсер ағаш қынапта жатқан, қынаптың сырты алтын қаңылтыршадан
жасалған қапсырмалармен сәнделген. Оның айқыштама тҧсында арқардың 
басы бедерленген. Жҥзінің орта бӛлігіне қасқырға келіңкірейтін
фантастикалық аңның бейнесі тҥсірілген. Тағы бір семсер (ҧзындығы 1,1 м) 
сабының екі бҥйіріне білік жасалып, бҥйрек тҥріндегі айқыштама орнатылып,
соңында ол тырнақ тәрізді ҧштыққа айналған. Бізге қынаптар жете қоймаған, 
бірақ аң стилінде бейнелер тҥсірілген тік бҧрышты алтын пластина сынығы
соның жапсырмасы болуы ықтимал. 
Ерте сақ жҥгендері де ерекше қызығушылық туғызады. Ҧйғарақтағы
қабірлердің жартысынан дерлік жҥгеннің калдықтары – ауыздықтар, 
айшықтар, әр тҥрлі қапсырмалар, сондай-ақ тартпалардың айылбастары
табылған. Кейбір ауыздықтардың, айшықтардың тҥрлері мен оларды жасау 
әдістерінде, айылбастарында және жҥген жиынтығының бірқатар заттарында
ғана емес, сонымен қатар сол жиынтықгарға кіретін заттардың ӛз қҧрамында 
да ҧқсастық байқалады. Алайда Ҧйғарақтағы ер-тҧрман ауыздық пен
айшықты бірге қҧйып шығарған ерекше ҥлгіде болды. Сондай-ақ, ҥш тесікті 
мҥйіз не қола айшықты, ҥзеңгі тҥріндегі шығыршықты ауыздықтары бар
жҥгендер де ерекше ҥйлесімімен кӛзге тҥседі. Ҧштары тікбҧрышты жҧмыр 
келген және қосарлы қондырмалы айшықтары бар, бітімі ӛзгеше
ауыздықтардың Арал ӛңірінен кӛптеп табылуы бҧл ауданның осындай 
ҥлгідегі жҥген жасайтын орталықтардың бірі болғанын кӛрсетеді. Ат
әбзелдері қҧрамына кірген заттардағы алтын қапсырмалар, тоғалар мен 
жапсырмаларға аңның бейнелері тҥсірілген. Хайуанаттар бейнелерінің
арасында бҧғы, киік, жылқы, таутеке, қабан, арыстан, барыс не қабылан, 
жыртқыш қҧс, тҥйе бар. Бҧл заттардың жасалу әдістері мен стилі Арал ӛңірі
сақтарының мәдениетін скифтік-сібірлік ӛнер дҥниесіне енгізеді.
Арыстанды бейнелеу Арал маңы сақтарының тҧрақты тақырыптардың
бірі болып табылады. Ең ерте кезге (б.з.б. VІІ-VІ ғасырлар) жататын тӛрт 
олжа бар, олар отырған арыстандар тҥсірілген тӛрт пластина. Жалпы алғанда,




201


Оңтҥстік Тҥгіскеннің № 45 обасындағы б.з.б. VII-VI ғасырларға жататын
кешеннен отырған арыстанның бейнесі салынған тартпаның екі тоғасы (дәл 
сондай тоға Ҧйғарақта да бар), басы артына қарай бҧрулы отырған
арыстандарды ойып салған тӛрт алтын тілік табылды. №31-обадан Алдыңғы 
Азиядағы ежелгі тҥріне ҧқсас тҥрегеп тҧрған арыстан мҥсіні бар алтын
қаптырма табылды. №53-обадан табылған жҥріп келе жатқан арыстандардың 
мҥсіндері осындай ҥлгіге еліктелінгені анық, бірақ аң мҥсінін орналастыруда
ӛзгеріс бар, кӛздерін дӛңгелек дерлік етіп жасаған, жалы жоқ.
Скиф-сібір ӛнерінде кеңінен танымал жыртқыш қҧстың бейнесі
Сырдарияның тӛменгі ағысындағы сақтардың да ӛнерінде кӛрініс тапты. 
Кӛбіне ӛз ерекшеліктерімен салынған жыртқыш қҧстың басы тҥріндегі
қаптырмалар кӛп, әдетте оны ӛз ерекшеліктеріне әбден бейімдендіріп 
бейнелейді.
«Скиф әлемінде» кеңінен танылған жылқы бейнесі жекелген заттарға 
салынған. Әсіресе бҧл жерде екі қола қапсырма ӛзіне ерекше назар
аудартады, мҧнда жылқылардың басы геральдикалық тҧрғыдан берілген, 
олардың бірінде ат тҧяғы тҥріндегі ілгек орналасқан.
Қҧйрығының ҧшын қайқайта иген және аяғының нобайы бар белгісіз бір 
жыртқыштың мҥсінінің бергі жағына ӛзінің кӛрнектілігі жӛнінен екі бҧғы ӛте
тамаша бейнеленген алтынның жалпақ тілігі (Оңтҥстік Тҥгіскен б.з.б VII 
ғасыр) Арал ӛңірі сақтарының бейнелеу ӛнерінің ертедегі ҥлгілері катарына
жатады.

«Скиф әлемінде» кеңінен мәлім таутеке мен қабанды бейнелеу де Арал


ӛңірі сақтары ӛнерінде кездескен. Олардың басқа заттарда бейнеленген 
тҥйенің басы секілді жергілікті мотивке жататындығы сӛзсіз.
Аң стилі ӛнерінде фантастикалық хайуандардың бейнесі жиі кездесіп 
отырады. Олардың бейнесі хайуанаттар әлеміне кіретін тҥрлі ӛкілдердің
бейнесімен астасып жатады. Оңтҥстік Тҥгіскен қорымындағы обадан 
алынған семсер қынабына тағылған алтын жапсырма дәл осындай ӛнер
туындысын кӛрсетеді. Онда жерге бірінен кейін бірі жабысып жатқан екі 
фантастикалық аң бейнеленген. Сауыры мен бҧралаңдаған қҧйрығы мысық
тҧқымдас аңдарды еске тҥсіреді, басы аттың басына ҧқсас, тістерін ақситқан 
араны қасқырдыңкіне ҧқсайды. Иық тҧсына ҥш бҧрыш тҥрінде ою-ӛрнек
тҥсірілген. 
Оңтҥстік Тҥгіскен мен Ҧйғарақ кешендерінен сақ әлемінің оңтҥстік
ортаазиялық және алдыңғы азиялық елдермен байланыс жасағаны (бейнелеу 
ӛнерінде арыстан мен қабылан, шеттен әкелінген ыдыстар, моншақтар) нақты
кӛрініс табады
.
Шығыс Арал маңындағы ерте сақ ескерткіштерінен табылған 

олжалар кейбір бейнелердің алдыңғы азиялық екендігін дәлелдейді. Сонымен


қатар іргелес аймақтарға тән бірқатар олжалар да анықталып отыр.
Арал ӛңіріндегі, Орталық және Солтҥстік Қазақстандағы, Жетісу
жеріндегі ерте сақ мәдениеттерінің ӛзара жақындығы аңғарылады. 
Арал маңындағы Жаңадарияның орта ағысындағы аңғардан табылған сақ
ескерткіштерін зерттеу нәтижелері, олардың б.з.б. Ҥ ғасыр соңы мен б.з.б. V-
ІV ғасырлар шебінен б.з.б. ІІ ғасырға дейінгі уақытты қамтитындығын




202


дәлелдеп отыр. Мҧндағы бірқатар ерекшеліктер (таралу типі, керамикалық
кешен, жерлеу ғҧрпы мен қҧрылыстар) Шірік-Рабат қаласының атауынан 
келіп шыққан шірік-рабат мәдениетінің ғылымда орын алуына мҥмкіндік
берді, қазіргі кҥнде археология тарихнамасында оның ӛзіндік орны бар. 
Кӛрсетілген уақытқа алты бекіністі қоныстар (Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда,
Баланды, Қабҧлқала (Шағырлы), Шірік-3, Сеңгірқала) мен 200 шақты бекінісі 
жоқ қоныстар жатады. Соңғы аталғандардың басым бӛлігі ирригациялық
қҧрылыстар аймағымен тығыз байланысты. Сондай-ақ екі жҥзден астам жер 
бетіне салынған қабір қҧрылыстары, біраз оба ҥйінділері, екі топырақты оба
мен бірнеше қолӛнер кешендері (кҥйдіретін пештер, мҥсін жасау ӛндірісі мен 
кҥйдіруге жерлер, шеберханалар) де белгілі. Аталған ескерткіштердің тек
кейбіреулерінде ғана қазба жҧмыстары жҥргізілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет