188
қойылған қҧрал-саймандар алдыңғы уақыттарға жататын ескерткіштермен
генетикалық байланыста екендігі анық байқалады.
Оба ҥйіндісі астынан қазылған қабірде жерлеу дәстҥрі жалғаса береді.
Тас плиталармен жабылған қабір шҧңқырлары пайда бола бастайды. Қайтыс
болған адамдар шалқасынан жатқызылып,
басы батысқа қаратылған, кейде
бҧл бағыт солтҥстікке қарай аздап ауытқып отырады. Қыш ыдыстар тҧрпаты
б.з.б. ІІІ-І ғасырлардағы кешендерге ҧқсас болып келеді. Алғашқы рет
шарықта жасалған жалпақ тҥпті кӛзелер мен тостағандар секілді жекелеген
ыдыстар пайда бола бастайды. Кейбір ыдыстарда кҥйіп
кеткен астың
қалдықтары сақталған. Молалардан қой сҥйектері (ақіреттік ас қалдықтары)
жиі кездеседі. Қару-жарақтан темір семсер бӛліктері, ҧңғылы ҥш қанатты
темір жебе ҧштары кездеседі. Жиі ҧшырасатын әшекейлер арасында темір
тҥйреуіш, спираль тәріздес алтын сырға, каури қабыршақтары бар. Берікқара-
2 кейінгі кешенінен қытай қола айнасының бӛлшегі мен нефрит тостағанша
шыққан. Сырттан әкелінген заттар кӛшпенділерде
біздің заманымыздың
шебінде Хань мемлекетімен байланыс орнату нәтижесінде пайда бола
бастайды.
Қаратау қорымдарындағы жерлеу ғҧрпы мен заттай мәдениеттің усунь
кезеңіндегі Жетісу ескерткіштерімен елеулі ҧқсастығын бағамдаған
А.Г.Максимова Қаратаудың солтҥстік беткейін
усунь жерінің шеткі аймағы
деп қарастырады.
Соңғы жылдары усунь ескерткіштерінің бірқатары зерттелінген.
Солардың бірі –
Шаңырақ қорымы. Ол Алматы қаласының аумағында
орналасқан. Қорым ҥш обадан тҧрады, олардың әрқайсысы биіктігі 3 м-ге,
диаметрі 40 м-ге дейін жететін топырақ ҥйінді болып табылады. Кӛне
замандарда оба биіктігі жайылып кеткен топырағана қарағанда одан биік
болған, шамамен 4-5 м-ге жеткен. Ӛкінішке орай, әдеттегідей археологтар
тоналған обаларды қазған. Далалық ізденістер
барысында әшекейлердің
жекелеген бӛліктері, қыш ыдыстар мен шашылған қаңқа қалдықтары аршып
алынған. Обаларды тонау «мҧқият» жҥргізілген.
Әйтсе де Шаңырақ обаларын қазу жерлеу конструкциясына қатысты
қосымша материалдар алуға мҥмкіндік берген. №1 обаның тас сақинасы
болған, оның диаметрі 30 м, биіктігі 2,5 м. Оңтҥстік-батыс бӛлікте обадан
тыс диаметрі 1 м тас қаландысы анықталған, оның ғҧрыптық қҧрылыс болуы
әбден мҥмкін. Мҥрде батыс-шығыс бағытындағы тік бҧрышты
қабір
шҧңқырына (тереңдігі 0,85 м) қойылған. Солтҥстік қабырғасынан ҧзындығы
2 м-ге дейін байқалған дәліз (дромос) аршылған.
№2 оба диаметрі 32 м-ге, биіктігі 2,97 м-ге жеткен. Аршылғаннан кейін
қабір шҧңқырының ауданы 2,90х3,05 м, тереңдігі 67 см тікбҧрышты
жоспарда болғандығы анықталды. Мола шҧңқырының солтҥстік шетінен
солтҥстік-шығыс бағытта дәліз (дромос) тҥскен. Дромос ені 65-70 см,
ҧзындығы 11 м. Оба қҧрылысы зор қызығушылық туғызады. Қабір
шҧңқырының шетінен бастап саз балшықтан мола ҥсті қҧрылысы
тҧрғызылған, оның табанындағы ені 1,5 м, диаметрі 6х6,5 м.
Конструкция
ҥстіне топырақ ҥйілген, ол ӛз кезегінде тас сауытпен қапталған, тас сауыттың
189
табанынан бастап есептегендегі диаметрі 28 м. Мола шҧңқыры ағашпен
жабылғандығын, шірік ағаш қалдықтары да аңғартады.
№3 оба ҥйіндісін аршыған кезде де саз балшықтан соғылған қабір ҥсті
конструкциясының жекелеген бӛліктері анықталған. Мҥрде оба ортасындағы
ҧзындығы 3,5 м-ге, ені 3 м-ге, тереңдігі 1,5 м-ге жететін топырақ қабатынан
қазылған қабірге қойылған. Мола шҧңқырының еденіне ӛзен малта тастары
тӛселген, қабырғалары ағашпен қапталған. Қазба барысында киімге тағылған
алтын қаңылтыршадан жасатылған ромб, тікбҧрыш, дӛңгелек
пішіндегі
тоғалар (18 дана), моншақтар, қатты татталған темір тарақ, шеге, т.б. заттар
алынған.
Қабірлердің бірінен алынған алтын жалатылған қола тҥйреуіштер (8
дана) ерекше кӛзге тҥседі, олар шашты бекітіп тҧру ҥшін пайдаланылған.
Барлық тҥйреуіштердің тҥйіршікті басы мен кесіндісі дӛңгелек білігі (сабағы)
бар, ал ҧзындықтары 10-16 см.
Жалпы алғанда, зерттелген обалардың жалпылама сипаты (тҥрі, қабір
шҧңқырының бағыты, қабір қҧрал-саймандар) б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларға жатады
және де Усунь дәуірімен тығыз байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: