Стан археологиясы


Б.з.б. ІV-ІІ ғасырлардағы ескерткіштер



бет68/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Б.з.б. ІV-ІІ ғасырлардағы ескерткіштер Жаңадарияда ӛткен кезеңдегі
Сырдарияның тӛменгі ағысындағы (Ҧйғарақ, Оңтҥстік Тҥгіскен қорымдары) 
сақ тайпаларының мәдениеті негізінде қалыптасты және оған Орта Азия
оңтҥстігіндегі егіншілік жазираларының да кҥшті мәдени ықпалы тиді, бҧл 
қҧрылыс техникасынан, архитектуралық ерекшеліктен, қыш қҧмыралар
тҧрпатынан да байқалады.
Оңтҥстік ықпал б.з.б. ІV-ІІ ғасырларда Сырдария тӛменгі ағысындағы
сақ тайпаларының мәдениетіне жаңа келбет әкелгенімен, ерте сақ 
ескерткіштерінен сақталған мирасқорлық тек керамикадан ғана емес,
сонымен бірге жерлеу ғҧрпынан да байқалады. 
Шірік-рабат мәдениеті ескерткіштерінің топографиясы тайпалардың
ирригациялық жҥйелер аймағындағы жазираларды қоныстанғандығын 
байқатады. Магистраль канал секілді ірі суландыру жҥйелері ӛте сирек
кездеседі. Сірә, ескі арналарда жасалған су қоймаларына жауын-шашынды 
жинап, пайдалану ҥлкен маңызға ие болған. Жазиралардың жалпы ауданы
әркелкі. Мәселен, ең ҥлкені – Бәбіш-Молда 10 мың гектар, ал Баланды 150-
200 гектар шамасында.
Шірік-Рабат қаласы Жаңадария жағалауындағы тӛбешікте орналасқан. 
Жоспары сопақша келген, ол бҥкіл тӛбешіктің ҥстін қамтиды (850х600 м).
Ежелгі қамал (б.з.б. ІҤ-ІІ ғасырлар) ауданы 4 га-дан астам, ол екі қабатты 
дуалмен қоршалған. Осы уақытқа орталық бӛліктегі тікбҧрышты бекініс те
жатады. Ескерткіштің оңтҥстік жағын ортағасырлық уақыттағы дуал қиып 
ӛтеді, оған ежелгі дӛңгелек кесене қосылған. Сол кездері кейінгі уақытқа
жататын тікбҧрышты цитадель де салынған. Қала ормен қоршалған (ені 40 м 
шамасында, дуал тҥбінен есептегендегі тереңдігі 4 м). Ежелгі қамал
қабырғасында (қалыңдығы 4,5 м) оқ ататын галерея (ені 1,8 м) орналасқан. 
Қабырға тікбҧрышты кейіптегі одан 6 м шығып тҧратын мҧнаралармен
кҥшейтілген. Мҧнарада да, қабырға сияқты кірер-шығар жерінде бір 
биіктікте оқ атуға арналған орын болды. Қаладағы тҧрғын жайлар
ескерткіштің оңтҥстік бӛлігіндегі, ішкі қорғаныс қабырғасының жанынан 
тҥсірілген шағын қазбадан анықталған. Мәдени қабаттың жалпы қалыңдығы
2 м-ден асады, жоғарғы қабаты ХІІ-ХІІІ ғасырларға, тӛменгі қабаты б.з.б. VІ-
ІІ ғасырларға жатады.




203


Қала аумағындағы ескерткіштердің ең ежелгі тобы топырақтан
тҧрғызылған алты обадан тҧрады, олардың тӛртеуі орталық тікбҧрышты 
бекініс шебінде орналасқан. Бір оба қазылған. Қаладан сонымен қатар екі
жерлеу сағаналары аршылған. 
Алғашқыда Шірік-Рабат бекіністі қала-қамал болған сияқты, оның
аумағына бастапқыда обаға, кейіннен кесенелерге тайпа кӛсемдері жерленді. 
Шірік-Рабат қаласы мен оның тӛңірегіндегі ескерткіштерді соңғы
жылдары Мемлекеттік «Мәдени мҧра» бағдарламасы бойынша Шірік-Рабат 
археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Қҧрманқҧлов) зерттеп жатыр.
Мҧнда бірнеше ескерткіштер аршылып, тҧрмыстық-шаруашылық заттар, 
қару-жарақтар, қыш ыдыстар алынған. Алтыннан жасалған заттар ерекше кӛз
тартады. Табылған қыш ыдыстардың бірінен грек тіліндегі жазу анықталған. 
Онда Тир қҧдайға арналған сӛздер жазылған. Соңғы жылдардағы зерттеулер
Шірік-Рабат ӛңірінің тҧрғындары алыс-жақын елдермен тығыз мәдени-
экономикалық байланыстар орнатқандығын нақты дәлелдейді.
Жаңадарияның келесі бетінен Шірік-3 бекіністі қонысы ашылған. Оның 
жоспары – бҧрыштары дӛңгеленген тікбҧрыш (108х122 м). Кейбір
жерлерінде биіктігі 1,5 м-ге жететін оқ ататын ойықтары бар бекініс 
қабырғалары (ені 3 м-ден астам) сақталған.
Бәбіш-Молда жазирасында Бәбіш-Молда-1 қаласы мен Бәбіш-Молда-2 
кесенесі орналасқан. Қала бекіністі, сызбасы бҧрыс, дуалмен қоршалған.
Солтҥстік бӛлігінен мӛлшері 100х100 м шаршы тҥріндегі «цитадель» кӛзге 
тҥседі.
«Цитадельдің» ортасында «Ҥлкен ҥй» деп аталған шаршы тҥріндегі 
ғимараттың (44х44 м) қалдықтары сақталған. Ол оқ ататын орындары бар
пахса қабырғамен қоршалған. Ғимарат дәліз секілді бӛлмелер арқылы екіге 
бӛлінген. Ғимараттың солтҥстік-шығысы мен оған залдың оңтҥстік жағынан
кіретін бӛлігі аршылған. Стратиграфиялық жағынан «Ҥлкен ҥйдің» ҥш кезеңі 
анықталған.
Қаладан 
«донжон» аталған нысан толығымен аршылған. Бҧл
«цитадельдің» оңтҥстік-батыс бҧрышына жақын орналасқан бекінісі мықты 
қамал (30х30 м). Оның қабырғалары 4-5 метрлік биіктігін сақтап қалған,
массив ішінен бірінші қабатта қаланған кҥмбезді бӛлмелер аршылған. 
«Донжонды» қазу барысында ҥш қҧрылыс кезеңі анықталған. Кҥмбезделген
бӛлмелер тҧрғын жай болғандықтан, олардан мол археологиялық 
материалдар алынған, олардың негізінде шірік-рабат мәдениетінің ерте кезеңі
жіктелінеді. 
Қала тіршілік еткен кейінгі кезеңмен ескерткіштің оңтҥстік жағындағы
қҧрылыстар тікелей байланысты. Ол жартылай дӛңгелек келген әрі 
қабырғадан шығып тҧрған мҧнаралы дуалмен қоршалған. Ескерткіштің
мҧндағы бӛлігінен, яғни оңтҥстік-батысынан жеке тҧрған, шикі кірпіштен 
кӛтерілген ғимарат қалдықтары, сондай-ақ жартылай жертӛлелер немесе
мҥсіндер мен тҥйіршіктерді ӛндірген орындар анықталған. Бекініс 
қабырғаларын бойлай орналасқан каркас-бағаналы жайлардың қабырғалары
да байқалған. 



204


Баланды орталық кешені ҥш ескерткіштен тҧрады: Баланды-1 шағын
қамалы, оған жалғасып жатқан қоныс пен Баланды-2-3 атты екі қабір 
қҧрылыстары.
Бәбіш-Молда-1 ескерткішіндегі «ҥлкен ҥй» жоспары кірер есіктен 
басталып, екі кӛлемді мҧнаралармен жиектелінетін ӛсті анфиладты
ғимаратымен ерекшелінеді. Ҥйдің шығыс бӛлігінен аршылған жоспары 
мҧнда ерекше жағдайларға және қабылдауларға арналған салтанат залы
болғандығын аңғартады. Бҧл кешеннің жоспарлану принципі ахеменидтік 
архитектураға тән.
Сол себепті де Бәбіш-Молда-1 «ҥлкен ҥйінің» қҧрылысын кейінгі 
ахеменидтік сатрап резиденциясы қатарында қарастырған жӛн, мҧндай
қҧрылыстарды салу Ахеменидтер державасының кҥйреуі алдындағы 
солтҥстік шеттегі сатраптықтарда жҥзеге асқан болатын. Тек Сырдарияның
тӛменгі ағысындағы аумақ Ахеменидтер державасы қҧрамына енгеннен кейін 
ғана, мҧндағы б.з.б. ІV ғасырда шикі кірпіштен соғылған монументтік
қҧрылыстарды, керамика кешендерде осы бағытта байланыстыруға болады, 
олар Орта Азия оңтҥстік аудандарынан (Соғды, Парфия, бәлкім Бактрия),
Ахеменидтер державасының шығыстағы егіншілікпен айналысатын шеткі 
облыстарынан табылған заттарға ҧқсас болып келеді. Осылайша,
археологиялық материалдар Ахеменидтер державасының қиыр солтҥстік-
шығыстағы иелігіне енген кейінгі сатраптық орнын Сырдария арнасындағы
жартылай отырықшы кӛшпенділер жерінен алдын-ала анықтауға мҥмкіндік 
беріп отыр.
Жаңадариядағы монументтік ғимараттар қҧрылысы мен бекініс 
қабырғаларын тҧрғызу Орта Азия оңтҥстік аудандарынан әкелінген шеберлер
мен қолӛнершілер кӛмегі арқылы жҥзеге асқан сияқты. Бҧл керамикалық 
материалдар бойынша да анық байқалады.
Сырдарияның 
тӛменгі
ағысындағы 
шірік-рабат
мәдениетінің 
монументтік қҧрылыстары мен бекіністі қоныстарына алдыңғы кездегі сақ
тайпаларының тҧрақты және уақытша қоныстары негізін қҧрушы болды, 
оларда шикі кірпіш қҧрылыстарының іздері жоқ. Шірік-рабат мәдениетінің
кҥрделі әрі алуан тҥрлі жерлеу ескерткіштерінен де жергілікті дәстҥр мен 
сыртқы әсер байқалып қалады. Олардың барлығы екі топқа бӛлінеді: топырақ
қабірлер мен жер ҥсті кесенелері. Дегенмен екі топқа жататын белгілі 
ескерткіштер арасынан зертелгендері әлі де аз болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет