223
жылдам қозғалатын темір айылбастардан тҧрады. Ат әбзелдерінен
ауыздықтар сақталған. Кейбірі алтын қаңылтырмен жабылған. Әйел
адамдардың қабірінен сапты жалпақ қола айналар, жануарлар сҥйектерінен
жасалған бойтҧмарлар, темір сақианалар, жҥзіктер, сан алуан моншақтар мен
саз балшықтан жасалған ҧршықбастар секілді
сәндік заттар мен әшекейлер
табылған. Қыш кӛзелер ер адамның да, әйел адамның да қабірлерінен
шығады. Камера дәліздің жалғасы болған катакомбаларда кірер есік таспен
немесе қамыспен жабылған (ІІ-тип). Мҧндағы керамика І-типтегі
катакомбалардан табылған ыдыстардан сәл ӛзгешелеу. Ӛзіндік қҧты
сауыт
(фляга) ерекшеленеді. Жекелген заттардың кейбірі де ерекше. Ҥшінші
типтегі жерлеу ескерткіштері бҥйірлі молалардан тҧрады. Олардың барлығы
аздап батысқа немесе шығысқа қарай ауытқи меридиан бағытта созылып
жатыр. Бҥйірлі қазбаның қуысы батыс және шығыс қабырғаны бойлай
қазылған. Оған кірер ауызға тас немесе шикі кірпіш (39х39х12-15 см)
қаланған. Молалардан қару-жарақтар – темір қанжар мен ҥш қалақты сапты
жебе ҧштары, садақтың сҥйек жапсырмалары табылған. Тҥбі жалпақ кӛзелер,
ҧстағышты саптыаяқтар, т.б. да аршып алынған. Шәушіқҧм қорымындағы
бҥйірлі қабірлердің ІІ-ІҤ ғасырлардағы Тӛменгі
Еділ маңындағы кейінгі
сармат және де Ферғана, Ташкент пен Бҧхара жазираларындағы
ескерткіштермен ҧқсастығы байқалады.
Мҧндай молалар Ташкент жазирасынан, Ахангаран ӛзені алабынан, Кҥл-
Ата қаласының маңынан да анықталған.
Қарапайым топырақ молалар қарастырылған қорымдарда кӛп кездесе
қоймайды. Шәушіқҧм қорымындағы екі обадан сары топырақ ҥйіндісі
астындағы бҧрынғы жер бетіне салынған тас қоршау табылған. Ер адам
жерленген қабірдің бірінен темір семсер бӛлшектері,
қола сырға мен екі
ыдыс – қҧмыра мен тҥбі дӛңгелек тостаған алынған. Керамика ӛзге жерлеу
типтеріндегі ыдыстардан ӛзгеше, бірақ кейбір ыдыстар сол типтерге жататын
қҧмыралардай сырланған.
Достарыңызбен бөлісу: