Стан археологиясы



бет73/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Жерлеу инвентары. Қыш қҧмыралар мен кӛзелер тазартылған қабірлердің
90%-нан кездескен. Қыш қҧмыралардың екі тҥрі бар, бірінде су ағатын жері 
болса, екіншісінде мҧндай бӛлік жоқ. Кӛзелерді де ҧстағышына қарай екі
типке бӛлуге болады: сақина тҥріндегі ҧстағыш иық тҧсына немесе ортаңғы 
бӛлігіне орнатылады; ҧстағыш иық тҧсы мен ернеуді біріктіріп тҧрады.
Керамикалардың кӛпшілігі қауыншы мәдениетінің қыш ыдыстарына ҧқсас 
болып келеді.
Кӛп шыққан олжалардың қатарына моншақтар да жатады. Олар хрусталь 
мен сердоликтен жасалған дӛңгелек және қырланған ірі моншақтар болып
табылады. Сонымен қатар қабырғалы және дӛңгелек шыны пастасынан 
дайындалған моншақтар да ҧшырасады. Қара ақық, цилиндр тәрізді ҧсақ
маржандар, дӛңгелек жҧмыр янтарьлар да кездеседі. Миниатюралық 
қҧмыралар тҥріндегі керамикалық моншақтар да ӛте қызықты.
Кей жағдайларда ер адамдар мен әйел адамдар қабірлерінен бір сырға да 
табылады. Олардың типі әркелкі. Қола сымнан жасалған басы біріктірілмеген
сақина секілді мҧндай сырғалардың орталық бӛлігі аздап жҧмыр, ҧштары 
ҥшкірленіп келеді. Қола сырғалар сақина іспеттес, олардың бір шеті спираль-
конус алқаны қҧрайды. Жҧқа қола жапырағынан іші қуыс етіп жасалған 
конусқа алқа орнатылса керек. Тӛменгі бӛлігіне ойықша тҥскен жҧмыр кҥміс




217


сырға табылған. Әйелдердің ҥш қабірінен қаңқа мен мойын сҥйегі арасынан
және сол шынтағынан екі-екіден тҧрған тау теке тҥріндегі қола бойтҧмарлар 
аршып алынған. Бҧлар кеуде тҧсында хрустальдан, сердолик пен паста
моншақтарынан тҥзілген алқа жиынтығына кірген. Бір рет мҧндай заттар 
кешенінің жиынтығында қола қоңырау мен ҥлкен ине тҥріндегі тескіш те
болған. Келесі бір әйелдің қабіріндегі алқа қҧрамына тек бір ғана тау теке 
тҥріндегі бойтҧмар, тҥз тағыларының сҥйектерінен жасалған алқа кірген.
Әйелдердің шаштары сҥйектен жасалған тҥйреуіштермен сәнделді. 
Мойындарын екі сақина тҥріндегі бекітілген қола шынжыр жауып тҧрды.
Сопақша келген кҥміс алқа-кулон жасалуы жағынан ӛте ӛызықты. Оның 
ортасына қызыл тас (гранат) орнатылған, ҧсақ тҥйіршікті белбеумен
оқаланған. Пластинаның шетіне де тҥйіршіктердің тағы бір қатары 
орнатылған.
Қазба кезінде байқалған нәрсе және алдын-ала олжаларға жасалған 
талдау аршылған қабірлердің біртҧтас мәдени-тарихи кешенге кіретіндігін
пайымдауға мҥмкіндік береді. Аталмыш қорымның жерлеу ғҧрпы мен 
олжалар қҧрамы бҧрын зерттелген Мардан (Талтақай) қорымындағы
материалдарға жақын екендігін нақтылады. Сағаналардан қазылған мҧндағы 
қабірлер б.з.б. І ғасыр мен б.з. ІІ ғасырларына жатады, ол «У-шу» типіндегі
монеталар мен кедір-бҧдыр ӛрнегі жоқ қыш қҧмыралар негізінде анықталған. 
Ғҧрпы бойынша заттар кешеніне Қыркескен қорымы да жақын, ол б.з. ІІ-
ІҤ ғасырларымен мерзімделген. Кӛк-Мардан қаласының жанындағы қорым 
материалдары да бҧларға ӛте ҧқсас.
Мардан-Кҥйік қорымынан табылған жекелеген заттардың тҥрлері Орта 
Азия, Қазақстан, Еділ маңы, Солтҥстік Кавказ ӛңірлеріндегі ескерткіштер
материалдарынан да белгілі болып отыр. Айталық, бастың мҥсіні жасалынған 
сҥйек тҥйреуіштер Орта Азия ескерткіштерінен кездесетін әдеттегі жағдай.
Жартылай бағалы тастар салынған, тҥйіршіктермен оқаланған медальондар 
Еуразия далалы аудандарында кейінгі сармат заманында кеңінен таралған
болатын. Б.з. ІV-V ғасырларына жататын Бурабай маңындағы қабірден 
алынған заттар кешені де оларға ҧқсайды. Аталмыш қорымнан алқа-
медальон; қиыстырылған (септелген) айылбастар; қос пирамида тәрізді 
сердолик моншақтар; ҥш қалақты темір жебе ҧштары; сондай-ақ дӛңгеленген,
бір шеті спираль секілді шиыршықталып тӛмен қарай тҥсірілген, екі ҧшы бір-
біріне қайыстырылған, жҧқа сым тҥріндегі алтын сырғалар табылған. Б.з. ІV-
V ғасырларына жататын Қанаттас қорымынан кӛлденеңінен тар кҥміс 
қапсырмалар жапсырылған белбеу аршып алынған. Мҧндай бҧйым онымен
бір мезгілдегі Қызыл-Қайнар қонысы жанындағы бейіттен де табылған. Сол 
себепті де Қоңыртӛбе қорымын ІІІ-ІV ғасырларға, бәлкім, VІ ғасырларға да
жатқызуға болатын сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет