Стан археологиясы



бет69/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Баланды-1 – жоспары тікбҧрышты бекініс (80х130 м), ол кейбір 
жерлерінде биіктігі 3 м-ге дейін жететін шикі кірпіш қабырғамен қоршалған.
Бҧрыштары мен ҧзын қабырғаларын бойында оқ атуға арналған орындары 
бар жартылай дӛңгелек мҧнаралар тҧрғызылған. Бекініске кіретін есік
солтҥстік-батыс қабырғада болған секілді. Ескерткіште шағын барлау 
қазбалары жҥргізілген, алынған нәтижелер Баланды-1 «ҥлкен бекіністі ҥй»
деп қорытындылауға мҥмкіндік берді, оның кешенінде тҥрлі-тҥсті сылақпен 
әшекейленген салтанат залдары анықталған.
Керамикалық 
материалдарына қарағанда ескерткіш шірік-рабат
мәдениетінің екінші кезеңіне жатады. 



205


Шірік-Рабат қаласында орналасқан ҥлкен обалардың бірі толығымен
қазылған. Оның ҥйіндісінің (диаметрі 60 м, биіктігі 3,5 м) астындағы 
материктік топырақтан ҥлкен, шаршы секілді (7,5х7,2 м, тереңдігі 2,5 м)
жерлеу камерасы табылған, оның оңтҥстік жағындағы дәліз-дромосы ҧзын 
(16,5 м) әрі тар (0,9 м). Алты тік текпішектер арқылы тҥсетін дромос тҥбі
камера тҥбінен 0,5 м биік. Қҧрылыстың барлық қабырғалары балшықпен 
жҧқа етіп сыланып, әктелген. Дромос пен жерлеу камерасы алты қабат қамыс
тӛсенішпен жабылған. Оба ежелгі заманда-ақ тоналғандықтан, адам сҥйегі 
сақталмаған. Қҧрал-саймандар арасынан сақталғандары – екі қҧмыраның
бӛлшектері, алтыннан жасалған кішкентай бір бҧйым, ҧңғылы ҥш қанатты 
қола жебе ҧшы мен жҥзі енді, сабы жалпақ (сірә, кӛбелек айқыштамалы
(балдақты) және ҧштығы сопақша) темір семсер (ҧзындығы 85 см).
Обалардағы қатардағы қабірлер қоныстың сыртында орналасса керек,
алайда олардың топырақ ҥйінділері сақталмаған. Бҧған сірә, Баланды-4 
қорымынан қазылған қабір айғақ бола алады. Қабірдің ӛзі қатты шайылып
кеткен. Қабір шҧңқырының 40 см-дегі тек тӛменгі бӛлігі ғана сақталған, ол 
сопақша келген (5,3х3,8 м), оңтҥстік-шығыстан солтҥстік-батысқа қарай
созылып жатыр. Қабір шҧңқырының оңтҥстік қабырғаынан текпішек іздері 
сақталған, ол сірә дромостың текпішектері болған. Шҧңқырдан бастары
оңтҥстік-шығысқа бағытталған жеті мҥрде табылған. Барлығы аяқ-қолдары 
созыла шалқасынан жатқызылған, тек бір мҥрденің ғана аяқтары ромб
тҥрінде кездескен. Қабір қҧрал-саймандары 11 қыш ыдыстан, темір 
қанжардан, қоладан жасалған ҧңғылы ҥш қалақты жебе ҧштарынан, спираль
тәрізді қола сақинадан, шыны моншақтар мен алқадан тҧрады. 11 ыдыстың 
тек екеуі ғана шарықта дайындалған.
Тағы бір топырақ қабатынан жасалған қабір қҧрылысы Бәбіш-Молда-2 
ескерткішінен солтҥстікке қарай 800 м-ден қазылған. Ол, шағын табиғи
тӛбешікке (қазіргі тақыр деңгейінен 2,7 м биік) орналасқан, жоспары шаршы 
тҥріндегі алаңқай (5,5х5,5 м), шеттері текпішек секілді. Алаңқай бҧрыштары
әлемнің тӛрт тарапына бағытталған. 
Жоғарғы текпішектерден (ені 70-75 см)алаңқай бҧрыштары жанынан
және орта тҧсынан сақталып қалған алты ірі кӛзе тәрізді ыдыстар шыққан, 
олар ашық отқа кҥйдірілген, ішінде жас балалардың сҥйектері болған. Екінші
текпішектен шҧңқырға жерленген ҥш мҥрденің қалдықтары анықталған. 
Алаңқайдан 1,5 м солтҥстік-батыста жатқан бірінші қабірге ересек адам
жерленген, оның басы оңтҥстік-батысқа қаратылып, аяқ-қолдары бҥгіліп 
қойылған. Ал алаңқайдан 70-75 см жатқан екі қабірдің бірі ересек адамға,
екіншісі жасӛспірім балаға тиесілі. Екі мҥрде де арқасымен жатқызылған, 
бірінің басы солтҥстік-батысқа, келесісінің басы оңтҥстік-шығысқа
бағытталған. Жас жеткіншектің бас жағынан қызыл балшықтан дайындалған 
қҧмыра секілді қыш ыдыс алынған. Орды аршыған кезде екі ҧңғылы ҥш
қалақты қола жебе ҧштары, тастан дайындалған заттың бӛлшектері шыққан. 
Шірік-рабат мәдениетінің екінші топтағы қабірлері жер бетіне
тҧрғызылған кесенелер болып табылады. Мҧндай қҧрылыстардың 



206


жиырмадан астамы белгілі. Олар бір-бірінен және қоныстарды 0,5-10 км
қашықтықта орналасқан.
Сыртқы тҥріне қарап, оларды екі тҥрге бӛлуге болады: жоспары –
шаршы және дӛңгелек. 
Бәбіш-Молда-2 қҧрылысы ӛлшемдері 21х21 м, биіктігі 7 м-ге жететін
монументтік қабір ғимараты болып табылады. Негізіндегі цоколь (30х30 м, 
биіктігі 3,5 м) алты қатар пахса блоктарынан тҧрады. Ғимараттың жоспары
симметриялы – жалғасқан екі кҥмбезді дәліз кҥмбезделіп жабылған жерлеу 
камерасының бҧрыштарын шектейді. Дәліздің бҥйірінде айуан (айван)
тҥріндегі бӛлмелер орналасқан, олар аркалы ӛтетін дәліздермен жалғасқан 
және ӛз кезегінде айналмалы дәлізге қарай ашылады, ал оның іздері
ескерткіштің солтҥстік беткейінен табылған. Бӛлменің қабырғалары 
алебастрмен сыланған. «Мҥрдені шығарып қою салты» еденде немесе сыпада
жҥзеге асқан, бәлкім қабір зембілдері мен тақтайша ҥстелдерге де атқарылған 
болар. Қайтыс болған адамджардың жанына қҧрал-саймандар молынан
қойылған. Тіпті тоналғаннан кейін де алтын тоғалар, сырғалар, моншақтар 
(алтыннан және асыл тастардан дайындалған) қалған. Кесенеден табылған
керамикалық кешендердің қаладан және оның екінші (ішінара бірінші де) 
қҧрылыс кезеңінен шыққан қыш ыдыстарға ҧқсастығы аңғарылады. Кесене
керамикаларының арасынан балшықтан дайындалған оссуарийдің немесе 
білік жапсырылған табыттың бірнеше бӛлшектері де кездескен.
Дӛңгелек қабір қҧрылыстарының ішіндегі ең ерте кезге жататыны Шірік-
Рабат қаласының оңтҥстік-шығыс бӛлігіндегі ғимарат (диаметрі 38,5 м,
сақталған биіктігі 8,5 м) болып табылады. Оның ішкі кеңістігі ортасында 
кесіп ӛтетін екі қабырғасы (қалыңдығы 3 м) бар тӛрт шаршы (әрқайсысы
5,9х5,9 м) бӛлікке бӛлінген. Солтҥстік бӛлмелері дараланғанымен, оңтҥстік 
дәліз арқылы жалғасқан. Оңтҥстік-шығыс бӛлмеге оңтҥстік жақтан кіретін 10
метрлік дәліз жалғасқан. Қалың сыртқы қабырғадан 7,25 м биіктіктен 
жоспары шаршы тҥрінде кішкене дәліз (ені 0,5 м) ӛткен, оның әрбір жағынан
екі тікбҧрышты ҧңғыма (4х1,3 м) арқылы шағын камераларға ӛтетін тарлау 
орын жасалған. Ғимараттың астынан шағын цоколь соғылған, бӛлме
едендеріне кірпіш қаландысы тӛселген, ал кіретін тар дәлізге пандус 
істелінген. Қабырғаны бойлай кең әрі биік сыпалар созылып орналасқан,
оларға қайтыс болған адамдардың денесі мен қҧрал-саймандар қойылған. 
Одан кейін мҥрдені ӛртеу ғҧрпы жҥзеге асырылған.
Жоспары дӛңгелек кесенелердің (диаметрі 15-20 м) басым бӛлігі пахса 
блоктары мен тік бҧрышты шикі кірпіштерден (негізгі стандарты 50х30х12
см) тҧрғызылған, және де қазіргі жер бетінен 3-5,5 м биіктігін сақтап қалған. 
Кесенелерді зерттеу, олардың басым бӛлігінің ішінен қайта-қайта
қҧрылыс жасалғандығын кӛрсетіп берді, олардың барлығы бірнеше рет ӛлікті
жерлеу ҥшін пайдаланылды, сондай-ақ бір кесененің ӛзінде кремация да
жасалды, ағаш табыттарға, зембілдерге мҥрдені қойып жерлеу де жҥзеге 
асқан болатын.
Жоспары дӛңгелек қабір қҧрылыстарының арасынан кҥмбезді Баланды-2 
кесенесі (диаметрі 16 м, сақталған биіктігі 4,5 м) де айрықша кӛзге тҥседі.




207


Оған кіретін есік ғимараттың оңтҥстік бӛлігінде орналасты және ол аркамен
жабылған портал тҥрінде болды. Орталық дӛңгелек бӛлме (диаметрі 5,5 м) 
жалған кҥмбезбен жабылған. Ғимарат сырты ҥш бҧрыш «кҥректермен»
ӛңделген. Кесене ілкі замандарда тоналған, сондықтан да тек қабір қҧрал-
саймандарының тек қалдықтары, соның ішінде керамикалық кешендер мен
ағаш табыт пен зембілдердің бӛлшектері ғана сақталған. 
Шірік-рабат мәдеиетінің кесенелерін зерттеу, олардың арасындағы ең
ерте кезеңге жататындары алғашқыда ӛртелген айналмалы дәліздері барлары 
деп санауға мҥмкіндік береді.
Шірік-рабат мәдениетінің жалпы мерзімі б.з.б. ІV-ІІ ғасырларды 
қамтиды.
Сармат мәдениетінің (әсіресе аумағы жағынан жақын жатқан Оңтҥстік 
Орал маңындағы ескерткіштерді алып қарастырғанда) материалдарындағы
қару-жарақтардың ҧқсастықтарына қарағанда, шірік-рабат мәдениеті б.з.б. V-
ІV ғасырлар шебінде басталуы да ықтимал.
Шірік-рабат мәдениетіне жататын археологиялық нысандардан сан 
алуан керамика алынып, зерттелінген. Олар: кӛзе, қазандық, тостаған,
табақша, т.б. Цилиндрлі су ағары бар кӛзелерді де ерекше айта кетуге 
болады. Қазандық секілді ыдыстар басқаларына қарағанда ӛте сирек
ҧшырасады. Қыш ыдыстардың кең таралғандарының бірі жҧмыртқа тәріздес 
кӛзелер еді. Жапсырылып істелінген ыдыстардың бір бӛлігі ою-ӛрнекпен
сәнделінген. Қызыл және қызыл-қоңыр ангоб жағу да кеңінен орын алған. 
Шірік-рабат мәдениетіне тән қыш ыдыстардың бір бӛлігі Орта Азия
аудандарындағы (Ежелгі Парфия, Соғды) керамикалармен де ҥндеседі. Бҧл 
ҧқсастық кӛне байланыстардың тҥбі кейінгі ахеменидтер кезеңінде бір
орталықтан (бәлкім, Парфия немесе Бактрия аумағанан) таралғандығын да 
аңғартатын сияқты.
Табылған қару-жарақтар ӛте аз, себебі қатардағы кесенелерде олар тіптен 
жоқ, ал бай кесенелер ӛз заманында-ақ тоналып кеткен. Әйтсе де ең кӛп
ҧшырасатындары – жебе ҧштары. Әсіресе тӛлкесі шығыңқы және 
жасырынған ҥш қалақты және ҥш қырлы жебелер кӛп кездеседі.
Шірік-Рабат қаласындағы обадан табылған жалғыз семсер б.з.б. V-ІV 
ғасырлармен мерзімделген.
Сақталуы нашар бір қанжар пластиналы темір сауыт бӛлшектерімен 
бірге Шірік-Рабаттағы дӛңгелек қабір ғимаратынан табылған.
Ат әбзелдерінен тек бір бҥтін екі тесікті мҥйіз сулық қана ҧшырасқан. 
Бәбіш-Молда-2, Шірік-3 кесенелерінен, Шірік-Рабаттың дӛңгелек және
шаршы пішінді кесенелерінен әшекей бҧйымдары кӛптеп табылған. Бҧл 
ескерткіштерден алтыннан, кҥмістен және қоладан жасалған тоғалар,
сырғалар, алқалар, сақиналар, қоңыраулар мен ахемендік халцедон мӛрі 
аршып алынған. Әсіресе шыныдан, алтыннан, тастан (яшма, гагат, сердолик,
янтарь, ляпис-лазурь, халцедон) дайындалған моншақтар сан алуандығымен 
ерекшелінеді.
Сән ҥшін бояу жағатын заттар кешені (сҥйектен және қоладан жасалған 
қасықтар, шағын ыдыстар, т.б.) де табылған. Ӛрнектелген сҥйек пластиналар




208


да ҧшырасады. Піл сҥйегінен дайындалған ойықшалардың бірінде кӛк паста
болған. Сҥйектен дайындалған бӛлшектер сәндік сандықшалар қабырғасын 
әшекейлеп тҧрған.
Шірік-рабат мәдениетін қалдырған тҧрғындырды жазба дереккӛздері 
бойынша белгілі бір тайпамен немесе халықпен етене жақындастырудың
маңызы ескерткіштердің тек географиялық орналасуынан ғана емес, сонымен 
бірге оларды зерделеу негізіндегі бірқатар пайымдаулардың жасалуынан да
туындайды. Біріншіден, шірік-рабат археологиялық кешенінің Сырдария 
тӛменгі ағысындағы (Ҧйғарақ, Оңтҥстік Тҥгіскен) сақтар мәдениетінен
бастау алуы, кем дегенде, б.з.б. ҤІІ ғасырдан б.з.б. ІІ ғасырға дейін осы 
аумақтағы тҧрғындардың этникалық біртҧтастығын жорамалдауға жетелейді.
Екіншіден, шірік-рабат мәдениетінің кешендерін дай (дах) тайпаларымен 
немесе С.П.Толстов пікірінше, апасиактармен байланыстыруға ҧсыныс
жасауға толық негіз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет