Стан археологиясы



бет84/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Сынтас қорымындағы №1 обадан ежелгі замандардағы жер бетіне 

бӛренелерден орнатылған шатыр конструкциясының астынан ҥш қаңқа


шыққан, олардың басы батысқа қаратылған. Қайтыс болған адамдар жанына 
қойылған қҧрал-саймандар – қару-жарақтан (қола жебе ҧштары, темір
қанжарлар мен қорамсақ ілгектері), аттың жҥген-әбзелдерінен (темір 
сулықтар, қола айылбастар, т.б.) тҧрмыстық заттардан (қыш ыдыстар, темір
пышақ, т.б.) тҧрады. Әсіресе Сынтастан табылған сҥйек қасықтарға баға 



242


жетпейді. Мҧндағы қасықтарға басы арт жағына қайырылған қасқыр мҥсіні,
қарақҧйрық басы, тау текелердің мҥсіні мен жыртқыш аңдардың бастары 
асқан шеберлікпен бедерленген. Бҧл заттар кӛне замандарда Қазақстанның
байырғы халқы жарқын мәдениет туындыларын қалдырғандығын білдіреді. 
Нагорный қорымында кӛп адам жерленген дромостық қабірлер тобы ерекше
кӛрінеді. Кӛлемі 200-250 шаршы метрге дейін жететін орасан зор ҥлкен ағаш 
қҧрылыстардың астында кейде ор қазып нобайланған, 10-15 ӛлікті орналастыруға
жететіндей кӛлемдегі тӛрт бҧрышты қҧрылыстар бар, еліктер мазарға бӛренеден 
жасалған арнаулы дәліз арқылы біртіндеп енгізілген. № 2-обаға он екі елік
жерленген, олардың 11-і - жауынгерлер де, біреуі – жасӛспірім қыз, оларға 
арнаулы табыну қҧрылысын жапқан бӛренелерге салынған 12 аттың бас сҥйегі
мен терісі сәйкес келеді.

Елек тобы ескерткіштерінің негізгі ерекшеліктері мыналар: ағаш қҧрылымдар


пайызының кӛп болуы, олар кейде әдейі ӛртелген; жерлеу қҧрылыстарының әр 
алуан ҥлгіде болуы (тікбҧрышты, дӛңгелек және сопақ шҧңқырлар, дромостық
молалар, жер бетіне жерлеу және т. б.), кӛп адам жерлеудің (соның ішінде - кӛп 
қабатты) кӛптеп кездесуі, басын оңтҥстікке қаратып жерленгендер пайызының
жоғары болуы. 
Тҧрмыс заттары арасында қҧрал-саймандардың ең кӛп кездесетіндері
жапсырып істелген, жайпақ тҥпті ыдыстар болып табылады. Әдетте кішкене 
немесе керісінше, кӛрінеу ҧзартылған, жҥзі шағын темір пышақтар кездеседі.
Қару-жарақтар ҥстіңгі жағы жалпақ және кӛбелек тәрізді, кейде алқымы дӛңес 
темір семсерлер мен қанжарлардан тҧрады. Б.з.б. V ғасырдан бастап Електе жҥзі
доға тәрізді және алқымы кҥрт кесілген сияқты семсерлер таралғандығы мәлім. 
Жебелердің екі қырлы (ертеректегі жиынтықтар) және ҥш қырлы ҧңғылы қола
ҧштарынан тҧратын қорамсақ кешендері ерекше кӛп және типологиялық жағынан 
алуан тҥрлі; олардың арасынан сапты ҧштылары да жиі кездеседі. Қорғаныш
жарақтарының қалдықтары ӛте сирек. Ат жҥгендері тура немесе «S» тәрізді 
сулықтары бар темір ауыздықтар, қола айылбастар және тҥрі мен мақсаты әр
алуан тоғалардан тҧрады. Заттардың кӛбісін ӛрнектегенде аң стилі жиі 
қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет