232
элементі мен этномәдени белгісі болып табылады, сондай-ақ қабірлерде сиыр
бас сҥйегінің болуы хунну мәдениетінің маңызды кӛрсеткіші ретінде
белгіленген. Жетіасар екі қҧрауышты керамикалық
кешені ыдыстардың екі
тобынан тҧрады, Бірінші топқа кӛшпелілердің ашық бейнедегі, «еден
ҥстінде» кҥйдірілген, дӛрекі иленген әрі біркелкі араластырылмаған, сҧр
тҥспен кӛмкерілген ыдыстары жатады. Бҧл ыдыстардың тҥбі жалпақ, ҧзынша
пропорцияда, тҧрпатының профилі жатық, мойыны ауыз қуысы тәрізді
болып келеді. Екінші топтың ыдыстары қҧмырашы айналмасында
дайындалған және кӛрікпен кҥйдіру әдісімен отқа қақталған. Олар: тҥрлі
тҧрпаттағы ыдыстар, хумдар, қҧмыралар, т.б. Л.М.Левина
пікірінше,
ыдыстардың бҧл тҥрлері бҧрын қалыптасқан жергілікті дәстҥрді
жалғастырады не болмаса Сырдарияның орта ағысы, Ферғана мен Тянь-
Шань ӛңірі секілді іргелес этномәдени орталықтардың ықпалынан
қалыптасқан. Бҧлардың қатарына, ғҧн типіндегі керамикалық қазандар
енетіндігі сӛзсіз.
Б.з. ІІ ғасырында хуннулар маусымдық миграцияның дәстҥрлі
аймағы
болған Орал-Арал ӛңірін белсенді тҥрде игере бастаған сияқты.
Сӛйтіп, осы кезден бастап, зерттеушілердің топшылауынша, хуннулар
Оңтҥстік Оралдың орманды-далалы жиегінде пайда болады.
Батыста хунну ІІ-ІV ғасырлардағы сармат-алан тайпаларымен шектесті
және қарым-қатынасқа тҥсті, бҧл Лебедев қорымындағы шеткі некропольдар
материалдарынан да кӛрінеді. ІІ-ІҤ ғасырларда далалы Еуропаның шығыс
шекарасында хунну мемлекетті қалыптасып
жатты және сарматтар мен
аландар кҥйрей бастады.
С.Г.Боталов пен С.Ю.Гуцалов пайымдауына қарағанда, хуннулардың
ғҧн-сармат мәдени кешені Солтҥстік Қытай аумағындағы провинцияларда
(Шанси, Шэнси, Ганьсу, Хэбэй), ішінара Ішкі Моңғолия мен Оңтҥстік-Батыс
Маньчжурияда қалыптасқан. Оның негізгі белгілері: мҥрденің басын батысқа
қаратып, шалқасынан жатқызған; қуысы, бҥйір қуысы, кертпесі бар тік
бҧрышты шҧңқыр
жасалынады; ғҧрыптықтар ҥй малдарының басы тҥрінде.
Бҧл кешеннің тағы мынадай белгілері бар еді: дӛңгелек тас ҥйінділері; тар тік
бҧрышты шҧңқырлар; қатардағы қабірлердің солтҥстікке бағытталуы және
кҥрделі кӛп секциялы, тік бҧрышты дәліз-дромосты (оңтҥстікке қарай) сағана
тҧрғызу; тҥбіне қима салынып, ішіне басы солтҥстікке қаратылған
ақсҥйектер сағанасы іспеттес терең шҧңқырлардың қазылуы. Хунну мәдени
кешенінің тҥпкілікті унификациясы Моңғолияда,
Байкалдың сыртқы
жағында (кокэль мен шурмак мәдениеттерінің ескерткіштері) б.з.б. ІІ-І
ғасырларда қалыптасты. Аталмыш кешен Оңтҥстік және Батыс Қазақстан
шебінде трансформация ҧшырайды. Ол орал-қазақстандық далаларда ІІ-ІV
ғасырлар аралығында болған.
Достарыңызбен бөлісу: