Стан археологиясы



бет79/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Керамика. Жетіасардағы ежелгі тҧрғындардың заттай мәдениеті ӛзіндік
ерекшеліктерімен кӛзге тҥседі, бҧл ең алдымен қыш қҧмыра жасау 
ӛндірісінен байқалады. Қҧмыраны отқа кҥйдіретін пеш қалдықтары
табылған. Мәдениет ӛмір сҥрген кездегі бҥкіл керамикаға тән нәрсе, онда 
ерекше біртҧтастық пен ӛзіндік кешендік, пропорция мен ою-ӛрнек
тҧрақтылығы, архаизм мен консерватизм сақталған. 
Жетіасар мәдениетінің бҥкіл керамикасы екі топқа бӛлінеді.
1 топ (бірнеше жҥз) кӛзелеріне сҧр тҥсті ангоб жағылған және сыртында 
кҥйенің іздері сақталған. Бірінші типке жататын негізгі ыдыстардың тҥбі
жалпақ болып келеді. Ыдыстардың кӛпшілігі ою-ӛрнексіз, бірақ кертпекті, 
денесі немесе иық тҧсына жапсырылған бҥршік және кейде бҥршіктермен
жалғасып жатқан жарты ай секілді ӛрнектері де кездеседі.
2 кезеңнің бас кезінде ғҧндардың металл қазандарының тҧрпатын
(пішінін) тҥгелдей қайталайтын ыдыстар пайда бола бастайды. Кӛзе немесе 
хум сияқты ірі ыдыстар мәдениеттің барлық кезеңдеріне тән. Сыртына
қызыл-қоңыр қою ангоб жағылып, жалтыратылған. Олардың барлығы 
дӛңгелек, шар тәрізді тҧрпатқа жақын, тік мойынды, ернеуі шағын, диаметрі
тҥбінен бір жарым есе ҥлкен болып келеді. 2 топтағы ыдыстар арасынан 
бәрінен де қҧмыралар кеңінен таралды. Қҧмыралар денесі қампиған, одан
кертпектеле бӛлінген ҧзын мойыны тік келген, бір-екі білікті, қарапайым 
шеті әдетте кішкентай ҥш бҧрыш не болмаса дӛңгеленген, бір (егер
ҧстағышы болса), екі су ағарлы. 
Табақтар мен тостағандар жетіасар ескерткіштерінің (қала, қорым)
барлығынан кездесекен. Олар жҧқа қабырғалы. Саптыаяқтардың кӛпшілігінің 
денесі қҧмыраларға ҧқсас болып келеді.
Қару-жарақ, ат әбзелдері. Жетіасар ескерткіштерінен қоладан, сҥйектен 
және темірден жасалған жебе ҧштары, кҥрделі садақтың сҥйек
жапсырмалары, қанжарлар табылған. Шағын ҥш қалақты сапты темір жебе 
ҧшҧтары сирек ҧшырасады. Қола және темір жебе ҧштарына қарағанда,
сҥйектен жасалған жебе ҧштары кеңінен таралған. Олар қабірлерден де, қала 
мәдени қабаттарынан да кӛптеп кездеседі. Бҧл артефактілердің барлығы
мҧқият жалтыратылып, тегістелген. Кейбірінің тҧрпаты оқ сияқты. 
Бірінші кезеңдегі мәдени қабаттардан екі тесікті мҥйізден және сҥйектен
жасалған сулықтар табылған, мҧндай сулықтар б.з.б. І-мыңжылдық орта 
тҧсында және екінші жартысындағы ескерткіштердің материалдарына ҧқсас.
Сулықтардан басқа табылған ат әбзелдерінің қатарына ірі жануарлардың 
сҥйектерінен дайындалған алдыңғы ердің ішкі бӛлігі сияқты зат та жатады.
Сүйектен, тастан және металдан жасалған бұйымдар. Әзірге ежелгі 
жетіасарлық тҧрғындардың ӛз зергерлік немесе шыны жасау ӛндірісі туралы
айтуға мҥмкін болмағанымен, кҥл шоғыры, жарамсыз болып шыққан қола 
бҧйымдардың сынықтары металлургиялық ӛнеркәсіп жайында сӛз қозғауға
мҥмкіндік береді, ал сҥйек ою ісі мен шеберханалар жайлы жануарлар мен 
балық сҥйегінен жасалған кӛптеген заттардың табылу фактісі де растаса




229


керек. Осындай шеберханалардың бірі Жетіасар-12 қаласындағы тасталған
мҧнарадан шықты.
Онда шеберхана ҧйымдастырылып, кҥрделі садақтардың сҥйек және
мҥйіз жапсырмалары, т.б. заттар дайындалған. Мҥйіз және сҥйек 
жалтыратқыштар, қырғыштар, тескіштер кӛп, пышақ пен бігіз саптар,
сулықтар, тҥрлі тҧрпаттағы жақсылап жонылған жебе ҧштары, айылбастар 
мен алқалар, сақина мен жҧқа шынжыр-моншақтар жетіасарлық
оюшылардың жоғарғы деңгейдегі шеберлігін дәлелдейді. 
Жетіасар қалаларындағы мәдени қабаттардағы ҥнемі кӛптеп табылатын
олжалар – сҥйек тескіштер, тас қайрақтар, жалтыратқыштар, дәнҥккіштер, 
т.б.
Жҥзі тік және арқа тҧсы жайлап дӛңестелген темір пышақтардың нашар 

сақталған бӛліктері кӛптеп кездеседі. Бірен-саран темір ірі қармақ ҧштары


табылған.
Киім-кешек пен әшекейлер. «Жетіасарлықтардың» киімі жӛнінде сӛз
қозғауға мола шҧңқырлары мен жер асты сағана-лақыттарынан табылған – 
кенеп пен жібек маталардан жасалған кӛйлек, кафтан мен бас киім
қалдықтары аздап мҥмкіндік береді. Жетіасар-2 қорымындағы №1 сағанадан 
алтын тҥсті жібектен дайындалған әйел адамның кафтанында жасыл тҥсті
геометриялық ӛрнек бар және де алтындатылған теріден жасалған ромб пен 
ҥш бҧрыш тҥріндегі жапсырмалармен, кҥміс тоғалар қатарымен кӛмкерілген.
Жетіасар-12 қорымындағы №1 сағана-лақыттан алынған сары-қоңыр 
тҥсті кафтан тері мен қызыл тҥсті кенеп аппликациялармен ӛрнектелген және
де мойыны мен жиектеріне (белге дейін) жарты шар тҥріндегі металл тоғалар 
қатары тҥсірілген, ал жеңдеріне тігінен Сирияда ӛндірілген кӛк шыны бисер
моншақтар қатары (кемінде он-оннан ҥш қатар) тағылған. Кҥміс және қола 
тоғалар киімнің кеуде тҧсын жиі әшекейлегендігін, кейде жеңін де
кӛмкергендігін басқа жерлеу қҧрылыстарында сақталған материалдар да 
растайды. Бірнеше рет кафтан астында қызыл тҥсті ҧзын кӛйлек болғандығы
байқалған. Жетіасар-12 қорымындағы сағана-лақыттардың бірінен бас 
киімнің бір бӛлігі шыққан, оның қою қызыл тҥсті матасына кҥмістен және
қоладан жасалған тоғалар тағылған, бҧл заттың тӛменгі шеті терімен 
қапталуы да ықтимал. Бас киімнің кӛк шыны моншақтармен бірге қҧйылған
жҧқа металл пластиналар жіппен тағылған, екі жаққа орналасқан олардың 
әрқайсы 12-ден. Тері белбеу мен етіктің қалдықтары, етіктің қола айылбасы
және тоға-жапсырмалар «жетіасарлықтардың» биік етік киіп жҥргендігін 
дәлелдейді.
Жетіасар мәдениетінің әшекейлеріне моншақтар, сырғалар, білезіктер, 
сақианалар, алқалар, тоғалар кіреді. Қабірлер мен қалалардың мәдени
қабаттарынан янтарь моншақ олжалары жиі табылып жатады. Кӛгілдір тҥсті 
мысыр фаянсынан дайындалған дӛңгелек қабырғалы моншақтар, цилиндр
секілді маржандар, паста және дӛңгелек шыны, сонымен қатар шыны кӛзді, 
халцедоннан жасалған дӛңгелек моншақтар б.з.б. ІҤ-ІІІ ғасырларға және б.з.
алғашқы ғасырларынан белгілі. Жетіасар ескерткіштерінен сақина олжалары 



230


сирек табылған. Сҥйектен, темірден және қоладан дайындалған білезік
қалдықтары да кездесіп қалады. 
Жетіасар кешеніндегі толып жатқан қола сырғаларды екі типке
жатқызуға болады: ҧштары бір-біріне кіріп тҧрғандай пішіндегі сақина 
тҥріндегі және ортаңғы бӛлігі шығыңқы жҥзік сияқты.
Бірінші кезеңнің соңына жататын қабірлердің бірінен сапасы тӛмен 
алтыннан жасалған кӛлемді сырға аршып алынған, оның қола иіні мен шыны
орнатқышы болған. 
Осы кезеңге кҥмістен және қоладан дайындалған белбеу ҧштарын,
дӛңгелек және сопақша жоспардағы тілі жылдам қола және темір 
айылбастарды да жатқызуға болатын сияқты.
Бірінші кезеңнің соңына екі серіппелі пластина фибула (тҥйреуіш) да 
жатады, мҧндай бҧйым ІҤ ғасырда Польшадағы пшевор мәдениетінде де
кеңінен таралған. 
Қола айналар басқа да кӛптеген заттар сияқты қабірлерден де, қалалардың
мәдени қабаттарынан да табылған. Әдетте бҧл жалпақ диск, кӛбіне шеті 
шығыңқы және дискпен бірге қҧйылған сапты.
Культық бҧйымдарға, сірә, аң-қҧс тҥріндегі қола алқа-бойтҧмарларды 
жатқызуға болатын сияқты.
Саз балшықтан және алебастрдан адамның қарапайым тҥрінде жасалған 
пҧттар да табылды, олардың бір бӛлігі боялған.
Бірінші кезеңге парфяндық гемма да жатады. Халцедоннан дайындалған 
сасанидтік геммалар да бар.
Мысыр, Сирия, Ҥндістан елдерінде ӛндірілген тас және шыны 
моншақтардың, сонымен қатар жібек маталардың, кейінгі парфян және
сасанидтік геммалардың табылуы жетіасарлықтардың кеңінен жолға 
қойылған сауда байланыстарын да айғақтайды.
Шаруашылық, әлеуметтік ұйымдасу. Қалаларда тіршілік еткен 
тҧрғындардың шаруашылығы кешенді сипатта еді, олар балықшылық пен
аңшылық аздап орын алған мал ӛсірумен және егіншілікпен айналысты. 
Тҧрмыс қарекетінде маңызды рӛл атқарған мал шаруашылығы тҥліктер
арасында ірі мҥйізді қараның кӛбірек ӛсірілуімен сипатталынады. 
Тҧрғынжайлар бірінен тҥйе мен ҥй шошқасы сҥйектерінің бірге табылуы да
қызығушылық туғызады. 
Егіншілік те маңызды болды. Ирригациялық қҧрылыс іздері Қуаңдария
алабының барлық аумағынан анықталған, барлық мәдени қабаттардан 
шыққан дәнҥккіштер, тары мен арпа дәндері егіншілік маңызын айғақтай
тҥседі. Сондай-ақ бірқатар қалалардың маңынан су жиналатын алаптар 
анықталған. Оны ӛзен суларының азаюы нәтижесінде адамдар жасауға
мәжбҥр болса керек.
Балық қылтанақтары мен қабыршақтары, балық аулайтын ілгек, сонымен
қатар тҥз тағыларының сҥйектері тҧрғынжайлардан кӛптеп аршып алынған, 
бҧл «жетіасарлықтардың» натуралды шаруашылығында балықшылық пен
аңшылық едәуір орын алғандығын айғақтайды. 



231


Алғашқы кезеңде жетіасар мәдениеті Сырдарияның орта ағысындағы
(қауыншы және ең алдымен отырар-қаратау) аудандардағы мәдениеттермен 
тығыз байланыста болды. Соңғы екеуімен жетіасар мәдениетін кӛп ортақ
дҥниелер (қала салу ісі, керамика дайындау, т.б.) байланыстырады. Бҧл ортақ 
белгілер белгілі бір дәрежеде физикалық-географиялық жағдайға байланысты
шаруашылық типінің бірдей болуымен де тҥсіндіріледі. Ҧзақ уақытқа 
созылған тығыз қарым-қатынас орнатқан жетіасар мен отырар-қаратау
мәдениеттерінің тҧрғындары этносаяси байланысқа кеңінен тҥсіп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет