240
ретінде қалпына келтіріледі, ол сыртқы және ішкі екі бӛлмеден (қабырғалары
шикі кірпішпен ӛрілген) тҧрады. Сағана мӛлшері – тҧрпаты бойынша шаршы
тҥрінде, - 22х24 м. Сағананың ішкі бӛлігі 17х17 м
және толығымен қылқан
жапырақты және ақ қайың ағаштардың қабығымен жабылған, ҥстіне бҧталар
мен ағаш қабықтары тӛселген. Тӛсеніш ортасынан, қабық астынан обаның
орталық бӛлігіндегі қабір шҧңқырын жауып тҧрған ақ қайың бӛренелері
аршылған. Сағаны тік бҧрышты жал қоршап тҧрған. Қабырғаның
қирандысына қарағанда, жал негіздеме ретінде пайдаланылған, оның ҥстіне
ірі
балшық блоктары қаланған, олардың араларына жҧқа сары топырақ лай
тӛселіп отырған. Жалдың ені 1 м-ден 4 м-ге дейінгі аралықта.
Ӛлшемі 4,2х4,6 м, тереңдігі 3,8 м моланың тҥбі тік бҧрышты тҧрпатта,
оған киіз тӛселген сияқты. Шҧңқырдың ортасынан басы батысқа қаратылып,
шалқасынан жатқызылған, сақталуы нашар қаңқа шыққан, ол әйел адамның
қаңқасы секілді. Қолдары денесін бойлай жайғастырылған. Қаңқаның ҥсті
бҧтақты жабындымен жабылған.
Қабірде бай қҧрал-саймандар болған. Бас сҥйегінің артқы жағынан бай
бас
киім қалдықтары шыққан, мҧнда конус тҧрпатты алтын тоғалардың
шоғыры анықталған. Олардың арасында сыртқы жағында екі ілгегі бар
бҧғының басы тҥріндегі пластинкалар, сонымен қатар тҥсі әртҥрлі және де
тҧрпаты әркелкі моншақтар да болды. Қайтыс болған бҧл әйел адамның
жанынан кӛптеген әшекейлер табылды: мойын тҧсынан шыны моншақтардан
жасалған алқа мен дӛңгелек тҧрпаттағы
алтын тоғалар; кеудесінен алмҧрт
тәрізді пішіндегі 9 алтын моншақтан тҧратын алқа; самай тҧсынан жіпті
ілгектен, ҧзындығы 20 см шамасындағы «бҧрым тәрізді» шынжырдан,
аяқталар тҧсында сақинасы бар, оған ҧзындығы 13 см екі шынжыр бекітілген,
оларға 24 шарик жапсырылған екі алтын салпыншақ-алқа шыққан.
Шынжырдың аяқ жағына жарты сфера тҥріндегі диаметрі 1,8 см тоға
жапсырылған, оған геометриялық ӛрнектер тҥсірілген. Астыңғы жағынан
сфераға ромб пішінді ҧзындығы 2,2 см 5 алқа тағылған, олардың ҧшына ҥш
дән жабыстырылған. Кӛйлек етегі мен аяқ киімге моншақтар тағылса керек.
Қаңқадан солға қарай сапты қола айна жатқан, ол ҥш
қола бекітпе
арқылы жалпақ дискке бекітілген. Сабының ҧшына қабан мен самҧрық
бейнесі тҥсірілген, оның дискіге жалғасқан жеріне самҧрықтың басы
салынған. Бас сҥйектен оңға қарай қара-кӛк тҥсті шыныдан жасалған ыдыс
жатқан. Оның тҧрқы бірін-бірі алмастырған ақ және қоңыр тҥсті ирек
сызықтар ӛрнегімен әшекейленген. Тағы бір шыны ыдыс жамбас сҥйегінің
сол жағынан табылған. Оның жанында меруерттей қҧлпырған жарқыл
заттары бар қара тҥсті бояу шашылып жатты. Осы жерден қызыл тҥсті бояу
толтырылған қабыршақ табылды, оның қасынан ашық қоңыр тҥсті сопақша
малта тас алынған. Аяқ жағынан биконус тҧрпатындағы қыштан жасалған
ғҧрыптық ыдыс аршылған.
Қаңқадан оңға қарай, кеуде тҧстағы омыртқаларға
қарама-қарсы жақтан
қайрақ тас алынған. Қайрақ тастың қасында саз балшықтан жасалған биконус
тҧрпаттағы ҧршықбас жатты.
Қазба жҥргізілген екінші нысан
Қырық-Оба-2 обалар тобы болды.
241
Қырық-Оба-2 тобы батыстан шығысқа қарай тізбектеле 5 км-ге созылған
жиырма алты обалардан тҧрады.
Қазылған №
16 обаның диаметрі 29 м, биіктігі – 1,2 м. Қазба нәтижесінде
кҥрделі архитектуралық конструкция анықталды. Периметрі бойынша
жерленген қабатқа балшықтан диаметрі 38 м, ені 4 м-дей және биіктігі 0,5 м
сақина жал тҧрғызылған. Оңтҥстік бӛлігінде қабір шҧңқырына ӛтетін
ҧзындығы 7,4 м, ені 5,3 м орын болды. Ҧзын қабырғалары бойынша мола
солтҥстіктен оңтҥстікке қарай бағытталды. Молаға кіретін жер (дромос)
обаның оңтҥстік табанынан басталған. Оның ҧзындығы 14 м, ені 1 м,
тереңдігі 1,5-1,8 м шамасында.
Мола ҥстіне шаршы тҥріндегі мӛлшері 11х11 м сағана тҧрғызылған.
Қабырғасы 4 кірпішпен қаланған. Олардың қирандылары 0,9 м биіктікте
сақталған. Қабырғаның ені 1 м-ді қҧрады. Ӛртеу нәтижесінде сағананың
ҥлкен бӛлігі қабір шҧңқырына қҧлаған. Кірпіш қаландысының ӛртеліп
ҥлгермей обаның сыртқы жағындағы балшық жалға қарай қҧлаған.
Сағана
ішіндегі кеңістік қамыспен толтырылған.
Молаға кіретін есік маңындағы жерде жылқылар ӛлтірілсе керек, бҧл
маңайданҥлкен қола сақина табылған, ал жылқы қаңқасына қарама-қарсы
жатқан дромос тҥбінен шеті самҧрық басы тҥріндегі қола сулық шыққан.
Жылқының аяқтары бҥгілген, басы солтҥстікке қаратылған.
Мола ежелгі замандарда-ақ тоналған. Оның тҥбінен шашылған қаңқа
сҥйектерінің бӛліктері мен қҧрал-саймандар кездескен: темір пышақ,
жапсырылған ыдыс, алтынмен және кҥміспен қҧрсауланған ағаштан
жасалған ғҧрыптық ыдыстар, т.б.
Жоғарыда сипатталған қабірлердің барлығы б.з.б.
VІ ғасыр соңы мен
б.з.б. V ғасырдың орта тҧсына жатады. Жебе ҧштарының кейбірі б.з.б. VІІ-VІ
ғасырлармен мерзімделінеді. Алайда қорамсақтарда б.з.б. V ғасырға тән ҥш
қалақты қола жебе ҧштары басым. Қайрақ секілді ҧштығы мен кӛбелек
тәрізді айқыштамалы (балдақты) темір семсерлер, тҥбі жалпақ ыдыстар Орал
маңындағы далалы аймақтарда б.з.б. VІ ғасырда пайда болып, б.з.б. V
ғасырда кеңінен таралады. Кӛрсетілген уақытқа аң стилінде жасалған жылқы
жҥгендерінің жекелеген бӛліктері де тән. Қырық-Оба-2, Лебедевка-2
қорымдарынан кездескен қалған материалдар (шыны моншақтар, алтын алқа
мен тағылатын тоғалар) да жоғарыда аталған мерзіммен сәйкес келеді.
Батыс Қазақстанның тарихи савроматтармен байланыстырылатын ең
жарқын әрі айқын археологиялық кешендері Елек ӛзенінің орта ағысы
аңғарында шоғырланған. Електегі обалардың басым кӛпшілігі осы
мәдениеттің гҥлдену кезеңіне - б.з.б. VI-V ғасырлардың аяғына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: