Стан археологиясы


Суслов мәдениеті (б.з.б. І ғасыр – б.з. І ғасыры)



бет86/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Суслов мәдениеті (б.з.б. І ғасыр – б.з. І ғасыры). Аталмыш мәдениет 
Шығыс Еуропа аумағындағы далаларды алып жатты. Мәдениеттің негізгі
ескерткіштері молалар болды. Ортаңғы сармат уақытындағы молалар б.з.б. І 
ғасыр мен б.з. І-ғасыры аралығын қамтиды. Бҧл ең мардымсыз зерттелген
кезең болып табылады. 
Суслов мәдениетінің шығу тегі ғылымда аз қарастырылмағанымен, әлі
толыққанды шешімін таба қойған жоқ. Бірқатар авторлар (Б.Н.Граков, т.б.) 
оны автохтондық мәдениет деген пікір айтады. Кейбір зерттеушілер




245


(М.Г.Мошкова) оның ӛзегі сыртқы Дон бойында қалыптасты десе, басқалары
(А.С.Скрипкин, И.В.Сергацков) бҧл мәдениеттің қайнар-бастаулары Орта 
Азия мен онымен іргелес аймақтар болған (аландар ықпалы) деп есептейді.
Қалай болғанда да, суслов мәдениеті алдыңғы (прохоров) және кейінгі 
(шипов) мәдениеттер сияқты кӛп қҧрауышты болғандығы анық.
Осы уақытқа жататын обалардың материалдары аталған тайпалардың 
мәдениеті одан ары дамығандығын дәлелдейді. Әдетте кӛшпенділер ӛз
туыстарын диаметрі 8-20 м, биіктігі 0,2-1,0 м обаларға жерледі. Обалардан 
кейде от қалдықтары да байқалады. Ҧзын тікбҧрышты пішінді мола
шҧңқырлары кеңінен таралды. Мола шҧңқыры мен мҥрделердің бҧл кездегі 
оңтҥстік бағыты сақталынды, ол аздап оңтҥстік-шығысқа және оңтҥстік-
батысқа ауытқыды да. 
Қабір қҧрылыстарының негізгі тҥрі тар, тікбҧрышты, бҧрыштары сопақ
кҥйінде дӛңгеленген мола шҧңқырлары болды, олар кейде батыс 
қабырғасынан ҥңгіп те қазылды. Шҧңқыр беті бӛренемен, сырықпен
жабылды, ҥстіне бҧтақтар тӛселді.
Тар да, ҥңгіп қазылған молалардың бағыты оңтҥстік, оңтҥстік-батыс
және оңтҥстік-шығыс болды. Бҧл кезеңдегі Орал маңындағы далалы 
аймақтарда тіршілік еткен ежелгі тайпалардың тарихи дамуында жаңа
қарқын (серпін) пайда болады, мҧны б.з.б. І ғасыр мен б.з. І ғасыры 
аралығында жаңадан пайда болған қабір қҧрылыстары да айғақтайды, ендігі
жерде бҧрынғы ерте кезеңдерде белгісіз болған диагональ қабірлер қазылды. 
Жасалынған шаршы тҥріндегі мола шҧңқырлардың ауданы аса ҥлкен емес,
ол 1,8х2 м шамасында болды; әрбір шеті әлем тараптарына бағытталды, ал 
олардағы мҥрде міндетті тҥрде шаршыға диагональ кҥйінде қойылды. Мҥрде
ағаш қабығынан, қамыстан жасалынған тӛсеніш ҥстіне жайғастырылды. 
Кейде қабірдің тҥбіне тақтайшалардан немесе бір қатар бӛренелерден табыт
секілді қондырма жасалды (Барбастау-1 қорымы, №2 оба; Барбастау-3, №4-5 
обалар). Шаршы шҧңқырдың кейде ағаш жабындысы болды немесе ол
белгісіз бір ағаш конструкциясынан тҧрды. Қабір шҧңқыры кӛп жағдайда 
әлем тараптарына, ал мҥрденің басы оңтҥстік-батысқа немесе оңтҥстік-
шығысқа бағытталды. Мҥрдесі диагональ қойылған шҧңқырлар да кездеседі. 
Шҧңқыр бҧрыштары әлем тарапына бағытталған кезде, мҥрденің басы
оңтҥстікке қаратылды, кейде аяқ-қолдары бҥгілді. Мҥрденің жанына 
қойылған қабір қҧрал-саймандары кӛп әрі сан алуан: міндетті тҥрде қару-
жарақ, тҥбі қалың әрі иық тҧсы ирек сызықтармен ӛрнектелген шар пішінді 
ыдыстар кездесіп отыырады.
Бҧл кезеңдегі жерлеу қҧрылысының жаңа тҥрі катакомба болды. 
Балалардың қабірінен ыдыс, моншақ, әшекейлер, кейде асықтар
алынады. Ер адамдардың жанына қару-жарақ қойылады: семсер, қанжар 
және жебе ҧштары. Бҧл кезеңде қойылатын негізгі қару тҥрі ҧштығы
дӛңгелек және айқыштамасы тік семсерлер болған еді, олардың әдетте 
ҧзындығы 50-60 см-ден асқан жоқ. Прохоров мәдениетінде кеңінен таралған
ҧзындығы 70 см-ден асатын семсерлер бҧл ӛңірден табылған семсерлер мен 
қанжарлардың тек 5% -ын ғана қҧрайды. Семсерлер мен қанжарлардың сабы




246


әдетте қызыл тҥспен боялған ағашпен қапталды. Темір жебе ҧштары ҥш
қалақты, бҧлар б.з.б. І-ғасырға қарай ҧңғылы қола жебелерді ығыстырып 
шығара бастайды. Біздің заманымыздың шебіндегі молалардан алынатын
әдеттегі олжалар қоладан, темірден, тіпті кейде кҥмістен және алтыннан 
дайындалған айылбастар болған еді. Олар белдікті, жҥгенді қаусырып тҧрды,
белбеуге тағылған қанжарды, пышақты, қайрақ тастарды және тағы басқа 
заттарды ҧстап тҧруға арналған бӛліктерді қапсырып тҧрды. Әдетте
айылбастар дӛңгелек және сегіз саны секілді болып дайындалды. Әйел 
адамдардың қабірінен алынған қҧрал-саймандар сан алуан. Әшекейлерден
шыны және тас моншақтар, сырғалар, алқалар, металдан және ірі 
моншақтардан дайындалған білезіктер (сирек ҧшырасады), сақиналар мен
сәндік заттар – айна, сҥйек қасық кездеседі. Әйел адамдардың қабірінен 
саздан жасалған тҥтіндеткіштер де ҧшырасады. Ҥлкен тҥтіндеткіштерден иіс
шығаратын заттар мол салынғандықтан оттың іздері анық байқалады. Бір 
молада ҥлкен және кішкентай тҥтіндеткіштердің кездесу тек суслов
мәдениетіне тән деуге болады. 
Ендігі кезекте б.з.б. І ғасыры мен б.з. І ғасыры аралығындағы уақытпен
мерзімделінген нақты ескерткіштерге тоқталып кетелік. 
Барбастау-1 қорымы, №2 оба ҥйіндісінің диаметрі 16 м, биіктігі 0,55 м.
Ҥйіндіден 0,3 м тереңдіктен басы оңтҥстік-батысқа бағытталған жас бала 
қабірі ҥңгіп тҥсірілген. Қаңқаның аяқ жағында қой сҥйектері, бас сҥйегінің
қасынан жанышталған сармат типіндегі мойыны қысқа, ернеуі қайырылған 
алмҧрт тәрізді пішіндегі қҧмыра бӛлшектері алынған. Обаны аршығаннан
кейін оның орталық бӛлігінен әлем тараптарына бағытталған шаршы 
тҥріндегі ауданы 1,4х1,4 м мола шҧңқыры анықталынады. Шҧңқыр ағаш
тақтай жабындысымен бекітілген. Оңтҥстік, батыс және шығыс қабырғалары 
негіздемесі бойынша биіктігі 0,18 м ағаш тақтаймен, ал солтҥстік қабырғасы
ағаш қабығымен қапталған. Шҧңқыр диагоналы бойынша 1,2 м тереңдіктегі 
қамыс тӛсеніштен әйел адамның қаңқасы аршылған, оның басы оңтҥстік-
батысқа бағытталған, денесі арқасымен қойылған (шалқасынан жатқан), қол 
сҥйектері денесін бойлай орналасқан. Шҧңқырдың солтҥстік-шығыс
бҧрышында банка тҧрпатты қыш ыдыс тҧрған. Оң қолының білек 
сҥйектерінен шыны массадан дайындалған линза пішінді моншақтар
табылған. Оң қол саусақтарының қасынан жанышталған тҥбі жалпақ, қалың 
қыш ыдыс бӛліктері анықталған. Қасынан шіріп кеткен ағаш ҥстелше
(ҧзындығы 18 см, шеті қаусарылған) қалдықтары аршып алынған. 
Ҥстелшенің аяқтары ӛте қысқа – 1,5 см, диаметрі 3 см-ге жуық. Сол қолының
саусақтары маңынан биіктігі 3,5 см алебастр ҧршықбас шыққан. Шҧңқырдың 
солтҥстік-батыс бҧрышынан қой сҥйектері мен ағаш сапты темір пышақ
бӛлігі алынған. Пышақ жҥзінің ҧзындығы – 5,5 см. Қасынан ҧзындығы 14 см 
сҥйек қасық табылған.
Солтҥстік-батыс бҧрыштан дӛңгелек (доңғалақ) қалдықтары – кҥпшек 
(ступица), кегей немесе сым шабақ (спица), шеңбер шыққан.
Бҧл кезеңнің маңызды ерекшелігі Батыс Қазақстан тайпаларының 
Солтҥстік Қара теңіз маңындағы тайпалармен байланысының кҥшеюі болып




247


табылады. Мҧны қола тҥйреуіш пен керамика, миниатюралы амфора,
алебастр ыдыс, сәндік қҧралдардың сан алуан тҥрлері де айғақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет