Стандарт: 1 жасқа дейінгі баланың салмағын өлшеу Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау



бет3/9
Дата13.07.2022
өлшемі73,91 Kb.
#147446
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Standarty kaz pediatria
00012ed4-fe896672, Педагогика негіздері слайд Жибека, Педагогика негіздері слайд Жибека, Педагогика негіздері слайд Жибека, Педагогика негіздері слайд Жибека, 00013adb-4df445c7, 00013adb-4df445c7, Афазия логопед, батппп, Афазия логопед, Афазия логопед, Презентация логопедия, Презентация логопедия, Экономика, Экономика
- толық 1 мин ішінде санау
- зерттеушінің қолы жылы және бөлме температурасы 22-240С болу керек
1. Сабырлы жағдай ұйымдастыру, өйткені мазасыздану, жылау пульсті жиілетеді
2. Қолды жуып, құрғатып, жылыту
3. Баланы өзіне ыңғайлы қалыпта отырғызып немесе жатқызып, қол ұшы мен білегі үстелдің үстінде немесе керуетте бос жатуы керек

  1. Алдымен пульсті табу керек:

а) баланың қолын сырт жағынан білезік буынының тұсынан ұстап, қолға алу;
б) бірінші саусақты білезік буынының сыртқы (шынтақ) жағына, 2-ші және 3-ші саусақтарды білезік (білек) буынының ішкі жағына орналастыру;
в) 2-3-ші саусақтармен білезік артериясын сүйекке басыңқырап сипап, пульсті табу. Саусақ астынан пульс толқыны өткенде артерия қабырғасы бір көтеріліп, бір басылады – пульс деген осы.
5. 1 жасқа дейінгі балаларда иық артериясынан, 1 жастан кейінгі балаларда пульсті ұйқы артериясынан іздеу қажет
6. Пульс жиілігін санау – 1 минут ішіндегі пульстің саны. 1 минут ішінде пульстің саны - баланың жасына байланысты, баланың жасы ұлғайған сайын пульстің саны азайып отырады.
7. Пульс жиілігінің нәтижесін баланың даму тариына (ауру тарихына) тіркеледі
8. Қолды жуып, құрғату
1 минут ішіндегі пульс жиілігі



Жас шамасы

1 мин ішіндегі PS жиілігі

Жас шамасы

1 мин ішіндегі PS жиілігі

Жаңа туған бала

120-140

4 жас

100-105

6 ай

130-135

5 жас

98-100

1 жас

120-125

10 жас

78-85

2 жас

110-115

12 жас

75-82

3 жас

105-110

15 жас

70-75

Пульстің жиіленуі – тахикардия, сируі – брадикардия
1 минут ішіндегі PS жиілігінің қалыпты көрсеткіштен 10% кем болуы патология емес.
Стандарт: Жаңа туған нәрестенің шат аралығын жуу
Мақсаты: тері гигиенасын сақтау
Құрал-жабдықтар: стерильденген мақта тампондары, стерильденген өсімдік майы немесе балалар ұнтағы, лоток, клеенка дан тігілген алжапқыш

  1. Қолды сабындап жуу, құрғату. Алжапқыш тағу

  2. Судың температурасын өлшеп, 37-380С дейін жеткізіп реттеу

  3. Баланың жөргектерін ашып, төсектен алып, сол қолдың білегінің ішкі беті мен алақанына жатқызып, басын сол қолға тіреп, санын сол қолдың саусақтарымен қамтып ұстау

  4. Баланың шат аралығын жоғарыдан төмен қарай жуу, қыз балалардың шат аралығын алдынан артына қарай жуу, ұл балалардың – ыңғайына қарай

  5. Жөргектеу үстеліне жатқызып, сорғыта сүрту

  6. Стерильденген мақта тампонын өсімдік майына малып алып, шаптарын, жамбас аралығын сүрту

  7. Қолды сабындап жуу, құрғату

Стандарт: Жаңа туған нарестеге гигиеналық ванна өткізу
Көрсетілімдері: дене гигиенасын сақтау, баланың “таза болу” деген сұранысын қамтамасз ету,тазалыққа қалыптастыру, шынықтыру
Міндетті шарттар: шомылдыру кезінде бөлме температурасы 24-25 0С болу керек, судың температурасын су температурасын өлшейтін термометрмен өлшеу керек (судың температурасын шынтақты суға батыру әдісімен өлшеуге болмайды), емізе салып шомылдыруға болмайды. Шомылдыру ұзақтығы 5-8'
Құрал-жабдықтар: шомылдыруға арналған ванна, қайнаған ыстық және қайнаған салқын су, щетка,жөргектер,құмыра,су температурасын өлшеуге арналған термометр, жұмсақ қолғап, бала сабыны, жұмсақ үлкен сүлгі,таза
киім-кешек пен жөргектер,залалсыздандырылған өсімдік майы (немесе балалар ұнтағы), кір заттарға арналған қапшық.
Өткізу техникасы:
1)Қолды сабындап жуып,құрғату
2)Ваннаның ішкі бетін щеткамен жуып,қайнаған ыстық сумен шаю
3)Ваннаның түбіне бірнеше рет бүктелген таза жөргек төсеу(жөргектің шеті ваннаның қабырғаларына шықпауы тиіс)
4)Ваннаға су температурасын өлшеуге арналған термометрді салу
5)Ваннаға 1/3 немесе 1/2 бөлігіне келтіріп қайнаған салқын су мен қайнаған ыстық суды кезекпен құйып араластырып температурасын 36-37 0 С дейін реттеу
6)Шаю үшін құмыраға t-сы-36-37 0 С су құю
7)Нәрестені шешіндіру, қажет болса шат аралығын ағынды сумен жуу.Киімдерін кір киімге арналған қапшыққа салу
8)Сол қолмен шүйде мен арқа жағынан оң қолмен жамбасы мен санын ұстап, нәрестені екі қолмен алу
9)Алдымен аяғы мен жамбасын содан соң денесінің жоғарғы жағын еппен суға түсіру.Су нәрестенің емізік деңгейіне дейін келіп,кеудесінің жоғарғы бөлігі ашық қалуы тиіс
10)Сол қолмен нәрестенің басы мен кеудесінің жоғарғы бөлігін судың бетінен жоғары ұстап,оң қолды босату
11)Оң қолға “қолғап” киіп (қажет болса сабындап) нәресте келесі ретпен жуындыру: басын (маңдайдан шүйдеге қарай)-» мойнын-> денесін->қол аяғын(әсіресе тері қыртыстарын мұқият жуу) ->ең соңында жыныс мүшесі мен жамбас аралығын
12)”Қолғапты ” шешу
13)Нәрестені судан шығарып,етбетіне аудару
14)Құмырадағы сумен бетін жуу,денесін шаю(суды көмекші құяды)
15)Нәрестені жылы сүлгімен жауып,жөргектеу үстелдің үстіне жатқызып,сорғызу қимылдармен құрғату
16)Тері қыртыстарын залалсыздандырылған өсімдік майға малынып алынған мақта шаригімен сүрту немесе балалар ұнтағы мен себу
17)Нәрестені киіндіріп жөргектеу,кереуетке жатқызу
18)Жөргектеу үстелдің үстіне төселген жөргекті және”қолғапты” кір киімге арналған қапшыққа салу
19)Ваннадағы суды төгіп,ваннаны шаю
20)Қолды жуып құрғату
Стандарт: Жаңа туған нәрестенің көзіне дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу
Құрал-жабдықтар: көз тамшылары, залалсыздандырылған көз пипеткасы, мақта шариктері, лоток
Міндетті шарт: көзге тамызатын дәрінің температурасы бөлмедегі ауа температурасындай болуы керек

  1. Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Қолды жуып құрғату

  3. Қолға резеңке қолғап кию

  4. Баланы шалқасынан жатқызу

  5. Көзден іріңді бөлініс болса, мақта шаригін қайнаған суға малып алып, сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту (әр көзге жеке шарик)

  6. Пипетканы тік ұстап, 2/3 бөлігіне дейін дәріні сорғызып алу

  7. Сол қолдың сұқ саусағымен көздің үстіңгі қабағын жоғары қарай, үлкен саусағымен астыңғы қабағын сәл төмен қарай тарту (көздің қабақтарын мақта шариктері арқылы ұстау)

  8. Пипетканы көзге жақындау және 400 бұрышта ұстап, көздің ішкі бұрышына жақындау дәрінің 1 тамшысын бірнеше секундтан кейін екінші тамшысын тамызу

  9. Жоғарыдағы ережелерді сақтай отырып, дәріні екінші көзге тамызу

  10. Шариктерді пайдаланған заттарға арналған лотокқа тастау

  11. Көздің сыртына шыққан дәріні мақта шаригімен сорғызу қимылымен сүрту

  12. Пипетканы дезерітіндіге салу. Қолды жуып, құрғату

Стандарт: Жаңа туған нәрестенің мұрнына дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу, мұрын жолдарында қабыну процессін жою, өткізгіштігін жақсарту, инфекцияның төменгі жолдарға таралуының алдын алу
Құрал-жабдықтар: дәрілік препарат, залалсыздандырылған пипетка, мақта шиыршықтары (шариктері), лоток
Міндетті шарт: мұрын жолдарын шырыштан тазарту

  1. Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Қолды жуып, құрғату

  3. Баламен қарым-қатынас орнату

  4. Дәрілік препараттың атын оқып, мерзімін тексеріп, дайындап, пипеткаға сорғызып алу

  5. Дәрі тамшылары жылы болуы керек (22-240С, бөлме температурасындай)

  6. Стерильденген мақта шиыршығымен мұрын жолдарын тазарту

  7. Баланы шалқасынан жатқызып, басын сәл шалқайту

  8. Бір қолдың 4 саусағын баланың маңдайына, ал үлкен (1-ші)саусақпен мұрынның ұшын сәл жоғары көтеру

  9. Мұрынның шырышты қабатына бағыттап 2-3 тамшыны тамызу (пипетканы терең енгізбей)

  10. Айналмалы қозғалыспен мұрын қанатын мұрын пердесіне қарай басу

  11. Аталған әрекеттерді қайталай отырып мұрынның екінші жағына тамшыны тамызу

  12. Қолданған заттарды дезерітіндіге салу

  13. Қолды жуып, құрғату

Стандарт: Жаңа туған нәрестенің құлағына дәрі тамызу әдісі
Мақсаты: терапиялық әсер алу, ортаңғы құлақта қабыну процессін жою, евстахий түтігінің өткізгіштігін жақсарту
Құрал-жабдықтар: дәрілік препарат, залалсыздандырылған пипетка, мақта шиыршықтары (шариктері), лоток
Міндетті шарт: сыртқы есту жолы шырышты-іріңді бөліністен тазартылуы тиіс

  1. Анасына (туысқандарына) процедура өткізу мақсатын түсіндіру

  2. Қолды жуып, құрғату

  3. Баламен қарым-қатынас орнату

  4. Дәрілік препараттың атын оқып, мерзімін тексеріп, дайындап, пипеткаға сорғызып алу

  5. Дәрі тамшылары жылы болуы керек (36-370С, бөлме температурасындай)

  6. Баланы шалқасынан жатқызып, басын бір жағына бұру

  7. Қажет болса құлақты тазалау

  8. Пипеткаға дәріні сорғызып алу

  9. Дәрінің температурасын тексеру (сол қолдың білезік буынының ішкі жағына тамызып көру)

  10. Сол қолмен құлақ сырғалығын төмен қарай тарту, егер бала 1 жасқа дейін болса, немесе құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тарту, егер бала 1 жастан жоғары болса

  11. Есту жолына тамшыны тамызу

  12. Бірнеше рет құлақ бөбежігін басу (дәрінің ортаңғы құлаққа дейін жетуін қамтамасыз ету)

  13. Құлаққа мақта тампонын 10-15 мин қою

  14. 10-15 мин соң тампонды алып тастау

  15. Қолданған заттарды дезерітіндіге салу

  16. Қолды жуып, құрғату

Стандарт: Антибиотиктерді еріту әдісі
Мақсаты: дәрігердің тағайындауларын орындау
Құрал-жабдықтар: дәрілік препарат (флакондағы антибиотик), новокаин 0,5% , 960 спирт, мақта тампондары, 5,0 мл, 10,0 мл шприцтер,лоток
Міндетті шарт: антибиотиктерді 0,5% новокаин ерітіндісімен (немесе ерітуге арналған сумен) ерітіледі.
Антибиотиктерді ерітудің 2 тәсілі бар:

  1. 1:1 (1000000 ЕД антибиотикке 10 мл еріткіш). 1 000 000 ЕД антибиотик болса, оған 10 мл новокаин құяды. Егер 1 000 000 ЕД барлығы тағайындалса, шприцке 10 мл барлығы сорғызып алынады. Егер 500 000 ЕД болса, онда 5 мл

  2. 2:1 (1 000 000 ЕД антибиотикке 5 мл еріткіш). 1 000 000 ЕД антибиотик болса, оған 5 мл новокаин құяды. Егер 1 000 000 ЕД тағайындалса, онда 5 мл-ң барлығын енгіземіз. Егер 500 000 ЕД енгізу керек болса, онда 1 000 000 ЕД антибиотикті 5 мл новокаинмен ерітіп 2,5 мл енгіземіз.

Мысалы: 1 000 000 ЕД антибиотикті 2-ші тәсілмен ерітіп, 600 000 ЕД енгізу керек.

  • 1 000 000 ЕД антибиотикті 5 мл новокаинмен ерітіп, оның 3 мл енгіземіз.

Стандарт: Оральды регидратация өткізу техникасы
Мақсаты: эксикозды жою және қайталап дамуына жол бермеу.
Құрал-жабдықтар:
-глюкоза-тұз ерiтiндiлерi (регидрон, глюкосалан, цитроглюкосалан және т.б.);
-температурасы бөлме температурасындай 1 литр қайнаған су;
-мөлшерленген стакан;
-шыны, шай қасық;
-қағаз, жоғалған сұйықтықты тiркеуге арналған қалам.
Мiндеттi түрде орындалатын шарттар:
-оральды регидратацияны эксикоздың 1-2 дәрежелерiнде ғана өткiзу;
-2 кезеңмен өткiзу:
1-шi кезең – бiрiншi реттеггi регидратация. Мақсаты – баладағы жоғалған сұйықтықты толтыру;
2-шi кезең – сүйемелдеуші регидратация. Мақсаты – экзикоздың қайталап дамуына жол бермеу;
-глюкоза-тұз ерiтiндiлерiн ерiткеннен кейiн дайын ерiтiндiнi қайнатпау, 1 тәулiктен асырмай сақтау.
1. Анасына/балаға процедураның мақсаты мен өткiзу жолын түсiндiрiп, келiсiм алу
2. Қажет құрал-жабдықтарды дайындау
3. Анасын/баланы жоғалған сұйықтықты есептеуге және тiркеуге үйрету
4. Оральды регидратация өткiзуге қажет глюкоза-тұз ерiтiндiсiнiң мөлшерiн есептеу
5. Құрғақ препараттың қажет мөлшерiн анықтау. Құрғақ препаратты қайнаған судың тиiстi мөлшерiнде ерiту
6.Мөлшерленген стаканмен дайын ерiтiндiнiң алдындағы есептелген мөлшерiн өлшеу
7. Өлшенген мөлшердi дайындалған ыдысқа құю. Анасына/балаға iшкiзу үшiн беру
8. Эксикоздың дәрежесiне байланысты ерiтiндiнi 4 немесе 6 сағат бойы iшкiзiп тұру:
- 2 жасқа дейiнгi балаларға 1шай қасықтан 2-5 минут сайын, әрбiр сұйық нәжiсiнен кейiн 50-100 мл;
- ересек балаларға шыныдан 5-7 минут сайын, әрбiр сұйық нәжiсiнен кейiн 2-10 жас аралығындағы балаларға 100-200 мл,
-10 жастан кейiнгi балаларға – қалауы бойынша
9. Жоғалып жатқан сұйықтықтың мөлшерiн есептеу және тiркеу
11. 4 (немесе 6) сағаттан кейiн баладағы эксикоз белгiлерiн тексеру (үлкен еңбегiн, терiсiн, шырышты қабықтарын және т.б.)
12. Жағдайдың 3 варианты болуы мүмкiн:
а) эксикоз күшейдi – вена iшiне ерiтiндi енгiзуге көшу;
б) эксикоз азайды, бiрақ әлi бар – 1-шi кезеңдi қайталау;
в) эксикоз жоқ – сүйемелдеушi регидратация-ға көшу, яғни алдынғы 4 (немесе 6) iшiнде сұйықтықты қандай мөлшерде жоғалтса, сондай мөлшерде ерiтiндiнi келесi әрбiр 4 (немесе 6) сағат бойы энтеральдi енгiзу (жоғалған сұйқтықтың мөлшерiн тiркеу парағын қара) + жоғалып жатқан сұйықтықтың мөлшерiн тiркеу
13. Сүйемелдеушi регидратацияны iш өтуi және құсуы басылғанша өткiзу
Е  С  75
Е - ОРТ-ның қажет мөлшерi, С - баланың салмағы, 75 – коэффициент
ЕГЕР БАЛАНЫҢ САЛМАҒЫ БЕЛГIЛI БОЛМАСА, КЕЛЕСI КЕСТЕНI ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ



Баланың жасы

4 айға дейiн

4-11
ай

12-23
ай

2-4
жас

5-14
жас

15 жас және одан ересек

Дене салмағы



5кг-нан төмен



5-7,9
кг



8-10,9
кг



11-15,9
кг



16-29,9
кг



30 кг және одан көп



ОРТ (мл)




200-400


400-600


600-800


800-1200


1200-2200



2200-4000



Стандарт: Ерте жастағы балалардан жалпы анализге зәр жинау әдісі
Мақсаты: зәрдегі патологиялық өзгерістерді анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет