Стандарт «Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алу»


Стандарт «Газ шығаратын түтікті енгізу тәсілі»



бет11/20
Дата14.04.2023
өлшемі220,04 Kb.
#174536
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Med House Алгоритмы

Стандарт «Газ шығаратын түтікті енгізу тәсілі»





Манипуляция жүргізу кезеңдері

Орындалған деңгейі

Дұрыс орындалды

Жартылай орындалды

Қате орындалды
(орындалмады)

1.

Пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оған оның келісімін алыңыз.

5







2.



Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызға гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз.

5







3.

Кушеткаға клеенка және жаялықты жайыңыз.

10







4

Пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.

10







5



Оң қолыңызға залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майымен майлаңыз. Сол қолыңызбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен абайлап айналмалы қозғалыстар жасай отырып жел шығаратын түтікті 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

15







6

Сыртқы ұшын судноға салыңыз немесе суы бар лотокка салыңыз. Газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтіктін сыртқы ұшын жаялыққа конферт пішіндес етіп ораңыз.

15







7

Әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз. Жел шығаратын түтікті қажетіне қарай алып тастаңыз, бірақ бір сағаттан көп емес, ойылып қалу болмас үшін.

10







8



Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз. Тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіңіз, ал қажет болған жағдайда вазелин майын жағыңыз.

10







9

Егер жел толық шықпаса процедураны 2-3 сағаттан соң қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен көп болмауы керек.

10







10

Қолғапты шешіп,қолдарыңызды жуыңыз. Құжаттарды толтырыңыз.

5








Стандарт «Майлы клизманы енгізу»



Манипуляция жүргізу кезеңдері

Орындалған деңгейі

Дұрыс орындалды

Жартылай орындалды

Қате орындалды
(орындалмады)

1.

Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

5







2.

Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде астисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз.

5







3.

Стақанға 50-100мл. вазелин немесе өсімдік майын құйыңыз. Ыстық суы бар ыдысқа май құйылған ыдысты орналастырып, майды 37-38 градусқа дейін жылытыңыз. Жане шприцін жинап, оған жылытылған майды сорып алыңыз.

10







4.

Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне тарта бүгіп жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық жайыңыз.

10







5.

Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті немесе тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті алыңыз, оған вазелин майын жағыңыз.

15







6.

Сол қолыңызбен пациенттің құйрығының арасын ашып, оң қолыңызбен ақырындап тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті немесе түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгізіңіз(алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен).

15







7.

.Жане шприцінің сыртқы ұшына немесе алмұрт пішіндес баллонға жағыңыз да, майды ақырындап ішекке жіберіңіз. Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып тұрыңыз, сосын шприцті ажыратыңыз. Оны қолданылған материалдарға арналған ыдысқа салыңыз. Оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз, бір мезгілде сол қолыңызбен түтікті іздеп, сезініңіз, ондағы майды толық шығару үшін.

10







8

Пациентке арқасымен жатуды ұсыныңыз және сол қалыпта 30-40 минут тыныш жата тұруын түсіндіріңіз.

10







9

Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, ұшына кигізілетін түтікті және баллонды зарарсыздандырыңыз.

10







10

Қолғапты шешіп,қолдарыңызды жуыңыз. Құжаттарды толтырыңыз.

5








Стандарт «Дәрілік клизма еңгізу»





Манипуляция жүргізу кезеңдері

Орындалған деңгейі

Дұрыс орындалды

Жартылай орындалды

Қате орындалды
(орындалмады)

1.

Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатты ауыстырыңыз, алжапқышты киіңіз.

5







2.



Қолыңызды антисептик қолдана отырып гигиеналық деңгейде жуыңыз, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

5







3.

Дәрілік клизма еңгізудің алдында, 30-40 минут бұрын пациентке тазалау клизмасын қояды.

10







4

Дәрігер тағайындаған дәрілік заттың 50-100мл. стақанға құйыңыз, сосын оны ыстық су құйылған ыдысқа қойып, 40 С- дейін жылытыңыз. Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған дәрігер тағайындаған дәрілік затты сорып алыңыз.

10







5

Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз. Пациентті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.

15







6

Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, оны вазелин майымен майлаңыз.

15







7

Жел шығаратын түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгіземіз , алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.

10







8



Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып ұстап, Жане шприцін ажыратыңыз.

10







9

Процедурадан соң пациентке сол жақ қырымен немесе арқасымен тыныштанып 30-60 минут жатуын ұсыныңыз.

10







10



Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

5








Стандарт «Гипертониялық клизма еңгізу»



Манипуляция жүргізу кезеңдері

Орындалған деңгейі

Дұрыс орындалды

Жартылай орындалды

Қате орындалды
(орындалмады)

1.

Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. Халатты ауыстырыңыз, алжапқыш киіңіз.

5







2.

Қолдың гигиеналық деңгейдегі антисептикалық өңдеуін жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.

5







3.

Стақанға дәрігер тағайындаған ерітіндісін құйыңыз. Осы ерітіндіні ыстық суы бар ыдыста 37-38 градусқа дейін жылытыңыз.

10







4.

Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған жылытылған гипертониялық ерітіндісінен 100-200мл. сорып алыңыз. Толтырылған Жане шприцін лотокқа орналастырыңыз.

10







5.

Пациенттің астына клеенка және жаялық салыңыз.

15







6.

Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз.

15







7.

Сол қолмен пациенттің ..... арасын ашамыз, ал оң қолмен ақырындап жел шығаратын түтікті тік ішекке 15 -20 см. тереңдікке , алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, сосын омыртқа жотасы бағытының бойымен. Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына Жане шприцін жалғаймыз , сосын гипертониялық ерітіндіні баяу енгіземіз.

10







8

Сол қолмен шприцтің алдыңғы жағынан түтікті қысамыз, сосын Жане шприцін ажыратамыз. Оң қолымызбен жел шығаратын түтікті шығарамыз, бір мезгілде сол қолмен түтікті сипалап сеземіз, ондағы ерітіндіні ішек қуысына шығару үшін.

10







9

Жел шығаратын түтікті және Жане шприцін зарарсыздандырыңыз.

10







10

Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

5









Стандарт «Сифонды клизма еңгізу»



Манипуляция жүргізу кезеңдері

Орындалған деңгейі

Дұрыс орындалды

Жартылай орындалды

Қате орындалды
(орындалмады)

1.

Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіңіз

5







2.

Қолыңызды гигиеналық деңгейде антисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз.

5







3.

Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз. Кушетканың жанына жуынды суды құю үшін шелек, құмыра және суы бар шелекті қойыңыз.

10







4.

Пациентті сол жақ қырымен немесе арқасымен жатқызыңыз.

10







5.

Жууға арналған жүйені алыңыз, тік ішекке енгізілетін түтіктің ұшын вазелин майымен майлаңыз, 20-30см. тереңдікке , алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен тік ішекке енгізіңіз. Түтік тік ішектің кеңейген жерінде (ампула) жиналып қалмауын қадағалаңыз.

15







6.

Воронканы жамбастан төмен , аздап еңкейтіп ұстаңыз, оны құмырадағы сумен толтырыңыз.

15







7.

Воронканы су құйған соң жоғары ақырындап көтеріңіз, су жайлап ішекке өте бастайды. Су воронканың кішкентай, тар аузына келген кезде воронканы ақырындап едендегі шелектің немесе тегененің тұсына төмендетеміз, ішектен қайтқан су воронканы толығымен толтырғанша. Воронка ішектен шыққан суға толған кезде оны шелекке немесе тегенеге төгеміз.

10







8

Сосын тағы да воронканы суға толтырып, процедураны ішектен шыққан су әбден таза болғанша жүргіземіз. Воронканы ажыратып, түтіктің сыртқы ұшын тегенеге 10-20 минутқа салып қойыңыз, су мен газдың (желдің) қалғаны әбден шыққанша. Тік ішектен түтікті алып шығыңыз.

10







9

Воронка мн жууға арналған жүйені (система) зарарсыздандырыңыз.

10







10

Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

5










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет