Жүргізу әрекеті: Аускультация міндетті түрде тыныш, бөтен шулар естілмейтін бөлмеде жүргізілуі тиіс.
Бөлме жылы болуы тиіс.
Науқас бөлмеде көйлекшең тұрғанда тоңбауы керек.
Аускультация кезінде науқас орындыққа отырады немесе түрегеліп тұрады.
Төсекте жатқан науқасты дәрігер ыңғайлы жағдайда тыңдауы қажет.
Жағдайы ауыр науқастарды төсекте жатқан қалпында тыңдайды.
Стетоскоптың түтіктерінің ұшы құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек
Стетоскоп, фонендоскоптың дыбыс қабылдайтын қолқаны тындайтын бетке тығыз да тегіс қойылуы қажет және қолқан теріге барлық шетімен (периметрімен) бірдей тиіп тұру керек.