Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты



бет135/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.
245-Artikeltext-947-1-10-20180704, Методичка микробиология, 5. Босануды 3-ші кезе ін белсенді ж ргізуді негізгі а идалары
Мақсаты: кеуде торының серпімділігін немесе бұлшық еттерінін әлсіздігін, ауырсыну нүктелерінің бар-жоғын , дыбыстық дірілді анықтау.

Жүргізу іс әрекеті:Ауырсыну бұлшық еттер ауруларында, қабырға нервтерінің ауруларында, кеуде торы сүйектерінің ауруларында кездеседі. Пальпацияны екі қолдың алақандарын кеуде торының оң және сол бөліктерінің симметриялық ошақтарына қойып жүргізу керек. Қолды осы қалыпта ұстағанда тыныс алу экскурсиясын және өкпенің бір бөлігінің тыныс алу актісінен қалып отырғанын анықтауға болады. Кеуде торындағы аурулардың орналасқан орнын, олардың жайылуын пальпацияның көмегімен анықтауға болады. Қабырға сынғанда ауру белгілі бір ошақ тұсында орналасады, сынық сүйек орынынан жылжығанда сытырлайды. Қабырға аралық невралгия кезінде ауру бүкіл қабырға аралығына беріледі. Бұл ауруды беткейлік ауру деп атайды.

Дыбыстық дірілді анықтау деп кеуде қабырғасының бетіне дауыстың өту күшін анықтау әдісін атайды. Ол үшін қол алақандарын кеуде торының симметриялық ошақтарына қою керек. Сосын науқасқа «р» әріпі бар кез келген бір сөз айтуын сұрау керек (раз, три). Олар дауыстың көбірек тербелуін тудырады. Дауыс неғұрлым жуан болса дауыс байланысының тербелістері кеңірдекпен бронх ішіндегі ауа арқылы,кеуде торына соғұрлым жақсы өткізіледі. Физиологиялық жағдайда кеуде торының екі жағынан естілетін дыбыстық діріл бірдей болады. Өкпенің жоғарғы бөліктерінен қаттырақ, ал төменгі бөліктерінен әлсіз діріл естіледі. Ер адамдарда және кеуде торы жұқа адамдарда дыбыстық діріл жақсы естіледі. Әйел адамдар мен балаларда, май шел қабаты жақсы дамыған адамдарда дыбыстық діріл нашар естіледі. Дыбыстық діріл тыныс алу мүшелерінің паталогиясы кезінде күшеюі немесе әлсіреуі мүмкін. Дыбыстық дірілдің күшеюі тығыздалған ұлпаның үстінен немесе өкпе ішінде бронхпен жалғасып жатқан, ауаға толы қуыс пайда болғанда естіледі (пневмония, ателектаз).

Дыбыстық дірілдің әлсіреуі (кейде мүлдем болмауы) өкпенің эластикалық қабілеті жойылғанда (өкпе эмфиземасы) немесе өкпе плевра қуысына су немесе ауа жиналғанда пайда болады. Су немесе ауа дауыс байланысынан шыққан дыбыстық тербелістің толқынын жұтып, естіртпейді (эксудатты плеврит,пневмония,пневоторакс,гидроторакс). Кеуде торының шеңберін қалыпты жағдайда тыныс алғанда да,терең тыныс алғанда да, дем шығарғанда да өлшеу керек.

Стандрт 20 Жүрек пальпациясы, жүрек ұшы қағысы, жүрек томпағы

Жүрек тұсындағы қабырға аралықтарына тутас тарайтын пульсацияны жүрек ұшы қағысы деп атаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет