Стандарт Оттегі жастықшасымен ылғалдатылған оттегі беру
бет 25/147 Дата 30.01.2022 өлшемі 355,46 Kb. #116422
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������. Стандарт Оттегі жастықшасымен ылғалдатылған оттегі беру.
Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.
Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы , тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі , жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.
Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті , 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітідісін , 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты , суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритімі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.
Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз. Ол үшін: оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз ; жастықшасының түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз; оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы , сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резенке түтікті бөліңіз.
Қолыңызды гигиеналық денгейде тазартыңыз.
Оттегі жастықшаның резенке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.
Ылғалды дәке салфеткасы мен мундштукті ораңыз.
Мундштукті наукастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаныз.
Дем алу мундштук арқылы ауызбен ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінін науқасқа түсіндіріңіз.
Оттегіні беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).
Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып , оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.
Науқастан жастыкшаны алып, мундштукті босатыңыз.
Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге сальңыз.
Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ертндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Еекерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: