Стандарт Қолды жұқпалық қауіпсіздік әлеуметтік деңгейде тазарту. Мақсаты


Науқасты фиброгастроскопияға дайындау



бет70/147
Дата30.01.2022
өлшемі355,46 Kb.
#116422
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   147
Байланысты:
�������� ���� � ���� ������� �������� �� ����� �������.
245-Artikeltext-947-1-10-20180704, Методичка микробиология, 5. Босануды 3-ші кезе ін белсенді ж ргізуді негізгі а идалары
Науқасты фиброгастроскопияға дайындау.

Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асқазан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүңгіні, зерттеуге жолдаманы.

ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызмет атқарады.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

  3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

  4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

  5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездеріншешіп тастауын қадағалаңыз.

  6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын науқасқа ескеріңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

  7. Науқасты сүлгімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

  8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.

Ескерту: т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді; биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет