Оң қолдың алақанын науқастың кеудесіне орналастырады.
Қолдың негізін төс сүйегіне қаратып, ал саусақ ұштарын қолтық астына қаратып ІІІ-ІV қабырға арасына орналастырады.
Бүгілген үш саусақпен қағу орнын анықтайды. Саусақтардың ұштары жоғары және төмен қимылдап тұрған орынды анықтайды. Сол жер жүрек ұшының қағысы болып есептелінеді.
Қалыпты жағдайда жүрек ұшының қағысы V қабырға аралығымен бұғана – ортаңғы сызығынан 1-1,5 см ішке қарай орналасады.
Жүректің сол жақ қарыншасы үлкейгенде жүрек ұшының қағысы да солға қарай жылжуы мүмкін. Өйткені үлкейген оң жақ қарынша сол жақ қарыншаны орнынан жылжытады.
Жүрек ұшының қағысына диафрагма (көкет) әсерін тигізеді. Құрсақ қуысындағы қысым жоғарылағанда жүрек ұшының қағысы жоғарыға және солға қарай жылжиды. Диафрагма төмен орналасқанда жүрек ұшының қағысы төмен және оңға қарай жылжиды. Плевра қуысына газ немесе су жиналғанда жүрек ұшының қағысы сау жаққа ығысады.
Жүрек ұшы қағысының негізгі қасиеттері (ауданы, күші, орны, үлкендігі).