Ішектерге өзінің орналасу кезегі бойынша пальпация жасау керек (соқыр ішек, жоғары өрлейтін ішек, ішектің көлденең бөлігі және төмен түсетін бөлігі, сигма тәріздес ішектер)
Сол жерде ауырсыну, қатаю, қатерлі ісіктердің бар жоғын анықтаңыз.
Тоқ ішектің көлденең бөлігіне (поперечно - ободочная кишка) пальпацияны асқазан шекарасынан 2-3 см. төмен етіп, екі қолдың жылжымалы қимылымен жоғарыдан төмен қарай жүргізу керек.
Тоқ ішектің жоғарғы өрлейтін және төмен түсетін бөліктеріне, іш бүйірінің астына сол қолды қою арқылы пальпация жасаңыз.