Ішкі секрециялы бездер жүйесі ауруларында науқасқа сұрастыру жүргізу
Мақсаты: Ішкі секреция бездер жүйесінің ауруларын анықтау.
Жабдықтар: қалам, ауру тарихы.
Жүргізу әрекеті:
Осы сұрақтар арқылы сұрастыру жүргізу :
Аурудың басталуын анықтау
Аурудың дамуына әкелген себептерді анықтау
Науқастың психикалық қабілетін анықтау
Мамандығының зияндығын сұрастыру
Жүргізілген емін сұрастыру керек
Келесі шағымдарды сұрастыру арқылы анықтау:
Эндокринді жүйесі зақымданған пациенттер әр түрлі шағым айтуы мүмкін. Олар әр түрлі. Соңдықтан оларды негізгі синдромдарға бөлу болады
Невротикалық синдром: жоғары түрде психикалық қозу,үзіліспен терең емес үйықы,еске сақтау қабілеттің төмендеуі, ашуланшақтық, терлегіштік «жыбырлағыштық», жылдам қимылдар, басқа ыстық келу, /диффузды токсикалық жемсау/ немесе: апатия, әлсіздік, терінің құрғақтауы, тежелу/гипотиреоз/.
Кардиальды синдром: жүрек қағу, жүректе ауырсыну, бас ауру, бас айналу Иценко-Кушинга ауруымен синдромда артериальді гипертензия
Диспепсиялық синдром. Жоғарлаған немесе анорексияға дейін төмендеген тәбет, диарея, іш қатпасы /қалқанша бездің аурулары/.Бұл шағымдардан басқа, әр түрлі көп шағымдар бар: жылдам немесе баяу өсу, түрдің өзгеруі, шөлдеу, тәбеттің жоғарлауы, полиурия қант диабетіне тән. Яғни полиурия мен шөлдеу қантты емес диабетке тән.
Стандарт 12
Достарыңызбен бөлісу: |