Қан түзу жүйесінің ауруларында науқасқа сұрастыру жүргізуМақсаты: Қан түзу жүйесінің ауруларын анықтау.
Жабдықтар: қалам, ауру тарихы.
Жүргізу әрекеті:
Осы сұрақтар арқылы сұрастыру жүргізу
Сұрастыру кезінде науқастан ауру алдында өзін қалай сезінгенін сұрау
Ауруды туғызған себептерді толықтырып сұрастыру
Ауру симптомдарының қашан пайда болғанын сұрастырып ауру динамикасын білу керек
Бұдан бұрын қанды зерттеу немесе сүйек миына,лимфа бездеріне пункция жасау әдісі жүргізілгенін сұрастыру қажет (нәтижесі қандай болғанын сұрастыру)
Қандай ем қолданғанын және оның көрсеткен көмегін сұрастыру қажет
Келесі шағымдарды сұрастыру арқылы анықтау: әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, күш түскенде ентігу, жүрек қағу, тәбеттің өзгеруі ( жоғарлауы, төмендеуі, бұрма тәбет ), дәм сезу өзгеру, сол жақ қабырға астында және сүйектерде ауырсыну, тілдін ұшы және шеттері күйдіріп тұрғандай сезім, қанталаулар, қансыраулар.
Стандарт 13
Достарыңызбен бөлісу: |