Зәр шығару жүйесі ауруларында науқасқа қарау жүргізу
Мақсаты: диагностикалық.
Жүргізу әрекеті:
Перкуссия
Пастернацкий симптомы
Қуыстағы сұйықтық бар жоғы анықталады
Пальпация
Бүйрек
Несеп ағар бойымен
Жалпы қарау
Бозару
Ісіну
Трофикалық өзгерістер
Науқастың жағдайы өте ауыр, орташа, кейде қанағаттандырарлық болады. Кейде уремиялық комаға ұшырайды.
Қалпы: уремиялық кома кезінде енжар, паранефрит кезінде ауырған жамбасына бүк түсіп жатады (мәжбүрлі), бүйрек шаншуында бүйрек шаншуында пациент мазаланып аяқайлап, өзіне орын таппайды.
Жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, пиелонефритте пациентте ісінулер байқалады. Бүйрек ісінулерінің ерекше белгілері: науқас беті бозарып ісінген, қабақтары ісінгеннен көз алмалары сығрайып тарылған. Сырқаттың ауыр түрінде ісінулер аяқтарында, қуыстарда пайда болады, кейде анасаркаға дейін.
Уремиялық кома, бүйрек эклампсиясы, нефропатиясы кезінде тырысулар кездеседі. Ісіктерді, терінің бозарғанын, құрғағанын, тырнақ іздерін, терідегі ақ қабыршықтарды көреміз. Ауыздан және науқастың денесінен шығатын аммиак иісі сезіледі. Бел тұсын анықтап қарағанда сол жердің қызарғаны, ісінгені көрінеді.
Арық адамдардың қасағасы үстінің ісінуі қуықтың толып тұрғанын көрсетеді.
Стандарт 17
Достарыңызбен бөлісу: |