Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа су ішуге және зәрді жинауға арналған өлшемді ыдысты даярлаңыз.
Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта өлшенген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.
Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.
Науқасқа таңертең сағат 6:00-де зәрін унитазға жіберу қажеттігін түсіндіріңіз.
Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күннің таңертеңгі сағат 6:00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.
Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы -тәуліктік диурез болады.
Бөліңген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.