Іс-әрекет алгоритмі:
Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.
Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы қалып алуын сұраңыз.
Болжаған тесетін жерді өңдеу үшін 5% спиртті йод ерітіндісін, сосын тері антисептигін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
Дәрігер сол қолмен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.
Инені буынға енгізіп, шприцпен тінге жиналған сұйықтықты сорып алады.
Лабораториялық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтың бірінші порциясын шыны түтіктің кабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.
Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.
Инені шығарып алған соң, тесілген жерге 5% спирт йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.
Қолданылған шприцтерді, салфеткаларды, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контсйнергс салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Колыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |