Стандарт Қақырықты зерттеу.
Қақырық - тыныс алу жолдарынан бөлініп шығатын патологиялық қоймалжың сұйықтық (секрет). Қақырықты лабораториялық жолмен зерттеу тыныс алу жолдарының диагнозын анықтауда маңызды орын алады және патологиялық үрдіс барысы мен сипатын анықтауға мүмкіндік береді.
Қақырықты зерттеуге жинау ережесі:
Қақырық жинауда қауіпсіз іс-әрекет жасап, жұмыс істеу үшін және оны қауіпсіз жинау үшін мейірбике арнайы және жақсы дайындалған болуы керек, себебі, кез-кслген қақырық зарарлы немесе жұқпалы болуы мүмкін, әсіресе туберкулез микробактериясы. Мейірбеке әрбір науқасқа қақырықты лабораториялық зерттеуге жинау ережесін түсіндіру керек. Қақырықты жинауға түсі ашық, әйнек ыдыс қолдану керек, ыдысты тазалап май қалдықтарын қалдырмай содам ем, (сабынсыз) жуып алады, оның аузы тығыз сұйыктық ағып кетпейтіндей жабылатын болуы керек. Бұл ыдыстың аузы кең, сыйымдылығы 50 мл немесе одан да көп болуы қажет. Түсі бұлыңғыр қоңырқай әйнек банкілерден гөрі, түсі ашық ақ әйнек банкілср ыңғайлы, ақ әйнек банкінің аузын ашпай-ақ сыртынан қақырықтың сыртқы түрін көруге мүмкіндік береді.
Қақырығы бар ыдыспен жолдама қағазын бірге қоюға болмайды, себебі ыдыс қабырғаларына қақырық тиген болса, одан жолдама қағазына жұғып, ауру одан әрі тарап кетуі мүмкін.
Мейірбике қақырықты жинау процедурасын жақсы меңгерген болуы қажет, жинау. жұмыс жасау мен тасымалдауын жақсы игергені дұрыс.
Қақырықты тамақ ішетін бөлмеден, ұйықтайтын бөлмеден, басқа жерде, басқа науқастардан аулақ жерде немесе осыған арнайы бөлінген жерде жинауы керек. Қақырықты бірнеше сағат бойы бір кезеңде жинау қажетілігі ұсынылады.
Егер қақырық сүйық болса, оның құрамында тағам қалдықтары мен мұрын қуысының сілекейі араласып кетсе қақырық жинау процедурасын қайталау қажет.
Қақырықты таңертең, тамақ ішпей тұрып, ауыз қуысын тазалағаннан кейін жинау қажет.
- Қақырықты салкын жерде еденге қойып сақтауға болады.
- Наукастан ауру жұғып кету қаупінің алдын-алу үшін мейірбике кқақырық жинап жатқанда науқастың артқы жағында тұруы керек.
Науқасқа зерттеуге қақырғанда шығатын қақырықты емес, тек жөтелгснде ғана бөлігінен шыққан қақырықты жинау қажеттілігін түсіндіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |