Стандарт. Бимануальды тексеру
бет 4/37 Дата 25.01.2022 өлшемі 0,62 Mb. #114271
Байланысты:
Стандарт Акушерия (копия) 4. Стандарт . Бимануальды тексеру
Тексеру мақсаты: Ішкі жыныс мүшелерінің жағдайын бағалау.
Құрал жабдықтар: гинекологиялық кресло, жеке жаялық ,1 рет қолданылатын резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:
Әйелге осы тексерудің мақсатын түсіндіріңіз.
Қуықты босатудың қажеттілігін түсіндіріңіз.
Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне арқасымен ( аяғын тізе, жамбас сан буынында бүгіп, бұтын ашып) жатқызыңыз.
Тексеру барысында тыныштық қалыпта болуын түсіндіріңіз.
1 рет қолданылатын резеңке қолғапты киіңіз.
Сол қолдың 1ші 2 ші саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашыңыз.
Оң қолдың 2,3 ші саусағын қынапқа енгізіңіз(бас бармақ қасаға қарап орналасуы керек).
Оң қолдың саусағын қынапқа енгізіп , қынаптың және қынап күмбездерінің жағдайларын анықтаңыз.
Сауақтарды жатыр мойнының астына енгізе отырып, сол қолды құрсақ үстіне орналастырып саусағымен жатырды басып тексеріңіз.
Жатырды сипалай отырып оның орналасуын , көлемін, пішінін, тығыздығын, қозғалыстығын, ауру сезімін анықтаңыз.
Сыртқы және ішкі саусақты жатырдың бұрышынан жамбастың беткейлі бөлігіне дейін ауыстырыңыз. Жатыр түтігін, аналық бездің , көлемін, пішінін, ауырсыну сезімін, қозғалысын анықтаңыз.
Оң қолдың көмегімен жамбастың ішкі беткейін (сегізкөз ойысын, мүйісін) сипаңыз.
Оң қолды жатырдан шығара отырып , оны мұқият қарап оның қосалқы бөліктерін жамбас қуысын қараңыз.
Қолғапты шешіп оны профилактикалық инфекциялық ережесіне сәйкес тастаймыз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: