Саналы (альтернативті) белгілі шашыранды.Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу кезінде оның бөліктері өзіне тән сандық белгілері бойынша қарастырылса, кейбір дағдайда осы құбылыстардың жеке бөліктерін сапа бойынша қарасыруға тура келеді. Себебі, олардың бегілі бір бөлігінде сапа белгісі болса, қалған бөлігінде оның болмауы мүмкін.Мысалы, бір топта оқитын студенттердің үлкен бөлігін өте жақсы және жақсы оқитындар тобына жатқызсақ, ал қалған бөлігі төменгі топқа жатады. Немесе шағарылған 100 дана өнімнің 80 данасы жоғары сапалы десек, қалған 20 данасы төмен сапалы болуы мүмкін.Демек, өндірілген өнім көлемі жоғары және төмен сапалы екі бөліктен тұрады. Статистикада мұндай бөліктерге бөлінуді сапалы (альтернативті) белгілі өзгерме көрсеткіші деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |