«Статистика»



бет5/28
Дата07.02.2022
өлшемі253 Kb.
#94838
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
2.3. Қатысты көрсеткіштер – екі сәйкестірілген абсолюттік шамалардың сандық қатынасын сипаттайтын қорытылған көрсеткіш. Қатысты көрсеткіш зерттелетін құбылыстың уақыттағы қарқындылығын өлшейді; бір құбылыстың даму деңгейін байланысы бар басқа бір құбылыстарға қарап бағалайды.
Тақ бөлікке орналсқан абсолюттік көрсеткіш ағымдық және салыстырмалы, ал жұп бөлікте орналасқан көрсеткіш негіз немесе салыстыру базасы деп аталады. Қатысты шамалар коэффициентпен, пайызбен(%), промильмен(%0), продецильмен(%00), просантильмен (%000) көрсетіледі.
Қатысты шамалар аталмыш емес болуы мүмкін егер олар бір атты шамаларда бөлу нәтижесінде алынса. Аталмыш қатысты шама деп әр түрлі атты абсолюттік шамаларды бөлу алынатын қатысты шаманы айтамыз. М, халықтың тығыздығы (тұрғындардың санының олар өмір сүріп жатқан территориясның көлеміне қатынасы) бір шаршы километрге адамдардың орташа санымен анықталады. Барлығы 7 түрлі қатысты шамалар бар: құрылымының (бөлудің) қатысты шамасы, координацияның қатысты шамасы, динамиканың қатысты шамасы, салыстырудың қатысты шамасы, қарқындылықтың қатысты шамасы, жоспарды орындаудың қатысты шамасы және жоспар тапсырмасының қатысты шамасы.
2.4. Орташа шама – құбылыстың біртектес жиынтығының нақты сызық белгісі бойынша қорытылған сипаттамасы. Орташа шаманың мәні ондағы жиынтықтың барлығына тән және жалпы; кездейсоқ факторлармен шарттасылған жиынтық бірліктерінің жеке әртүрлілігі өтеледі; кез-келген бір белгі бойынша әртүрлі жиынтықты салыстыруға орташа шама мүмкіндік береді.
Орташаның ағымдық қатынасы – белгінің сандық мәнінің жиынтық көлеміне қатынасы.
Орташа шаманың 2 түрі бар:
а) орташа деңгейлі, демек әр түрлі деңгей варианттарынан құрастырылған орташа: орташа арифметикалық, орташа квадраттық, орташа үйлесімдік, орташа геометриялық және т.б. Барлық деңгейлі орташа екі формада есептеледі: жай және салмақталған.
б) орта құрылымдық: мода және медиана, демек жиынтықтың құрылымын сипаттайтын орта шамалар.
Кез-келген орташаның бірін таңдау зерттеу мақсатына, орташа көрсеткіштің экономикалық мәніне және алынған мәліметтердің сипаттамасына байланысты.
Орташа арифметикалық жай есептеледі егер жиіліктер бір немесе бірдей бірнеше рет кездессе, демек орташа топталмаған мәліметтер арқылы есептелсе:
_ Σх
Х =— мұнда x-белгінің жеке мәні;
n n – жиынтықтың бірлігі саны;
Орташа арифметикалық салмақталған есептеледі, егер жиіліктері өзара бірдей болса Σx·ƒ
Х= —— мұнда ƒ- жиіліктер және салмақ;
Σƒ
Интервалды қатардың орташа арифметикалық шамасы. Интервалды қатардан орташаны есептеудің бірнеше өзгешеліктері бар. Интервалды қатардан орташа арифметикалықты есептеу үшін, алдымен әр интервалдық орташасын анықтау керек, ал одан кейін қатардың барлығының орташасын анықтау керек. Орташаның әр интервалы жоғары және төменгі шекараның жарты санымен анықталады, демек орташаның арифметикалық жайы бойынша.
Орташа үйлесімді салмақтанған - орташа арифметикалықтан қайта құрылған. Ол қажет салмақ берілген мәліметтерде көрсетілмеген болса қолданылады. Олар алынған көрсеткіштердің біріне көбейтіліп кіре алады.

Келтірілген формула орташа үйлесімді деп аталады. Ол нақты салмағы ƒ белгісіз, ал туынды ƒ·х=М белгілі болғанда есептеледі.
Егер туынды ƒ·х бірдей немесе бірге тең (М=1) болса, онда орташа үйлесімді жай қолданылады, ол мына формуламен есептеледі:

Мұнда х – жеке варианттар;
n –олардың саны;
Орта геометриялық – орта жылдық өсім деңгейін есептеу үшін қолданылады. Ол белгінің жеке мәнінің туындысынан деңгей түбірін шығарып алумен есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет