Негізгі ұғымдар:
Ішінара жиынтық- іріктеп алынған бірліктердің жиынтығы.
Жалпы жиынтық- одан бірліктер алынатын жиынтық.
Іріктеме үлес (бөлік) – ішінара жиынтықта сол белгіге ие бірлік үлесі (бөлігі).
Қайталама іріктеу- жиынтықтың әр бірлігі оның белгісінің зерттелуінен кейін жалпы жиынтыққа қайтарылатын және ол тағы да таңдап алынуы мүмкін іріктеу тәсілі.
Кездейсоқ іріктеу- жалпы жиынтықтан бірліктерді таңдау кездейсоқ болады.
Механикалық іріктеу – жиынтық бірліктері белгілі бір тәртіппен орналасып, іріктемелі пайызға керісінше топтарға интевалдармен бөлінетін іріктеу тәсілі.
Типтік іріктеу – жалпы жиынтықтың бірліктерін типологиялық топтау негізінде, әр топта бірліктердің іріктелуі бірліктердің санына пропорционалды жасалатын іріктеу тәсілі.
Сериялы іріктеу – жалпы жиынтықтан бірліктер емес , олардың сериялары кездейсоқ немесе механикалық жолмен алынатын ірктеу тәсілі.
Шағын іріктеу – бірліктердің саны 20 бірліктен аспайтын ішінара бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |