|
Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Екі топтың орта мәндерін салыстыру
|
бет | 1/4 | Дата | 23.09.2024 | өлшемі | 1,38 Mb. | | #204937 |
| Байланысты: СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖОРАМАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Дәріс жоспары: 1. Статистикалық жорамалдарды тексеру: нөлдік және балама жорамалдар. 2. Екі топты салыстыру: байланысқан(жұптасқан) деректер. Таңдама деректері бойынша бас жиынтықтың параметрлері және қасиеттері жөнінде айтылған ұйғарым статистикалық жорамал деп аталады. Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама деректерімен салыстыру үрдісі статистикалық жорамалды тексеру деп аталады. . Жорамалдарды статистикалық тексеру міндеттері: - Қандай да бір бас жиынтыққа қатысты Н0 жорамалы ұйғарылады.
- Осы бас жиынтықтан таңдама бөлініп алынады.
- Таңдама деректері бойынша Н0 жорамалын қабылдауға немесе жоққа шығаруға болатындай ереже көрсетіледі.
Тексерілуге жататын негізгі жорамалды нөлдік жорамал деп атайды және Н0 арқылы белгілейді. Нөлдік жорамал деп- таңдама деректерін салыстырғанда олардың арасындағы айырмашылықтың жоқтығы немесе ұқсастығы жөніндегі ұйғарымды айтады. Н1 балама жорамалы деп нөлдік жорамалмен бәсекелес, яғни оған қарама-қайшы келетін жорамалды айтады. Мысал Популяциядағы ер кісілер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштерін салыстыру қажет болса, онда Н0 : популяциядағы ерлер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштері бірдей Н1 : популяциядағы ерлер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштері әртүрлі Н0 жорамалын қабылдауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін ережені статистикалық критери й деп атайды. Статистикалық критерийді таңдау: - талдау мақсаты - деректер түрлері -деректердің таралу түрі: қалыпты немесе қалыпты емес - жұптасқан деректер - тәуелсіз деректер - салыстырылатын топтар саны
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|