Н0 – қалыпты жағдайдағы көрсеткіш, яғни пациенттің дені сау.
Н1 – көрсеткіштің мәні қалыпты жағдайдан ерекшеленеді, яғни пациент ауру.
Бірінші текті қателік - нөлдік жорамал дұрыс болса да оны жоққа шығару, яғни сау адамды ауру деп қабылдау.
Екінші текті қателік – дұрыс емес нөлдік жорамалды қабылдау, яғни шындығында ауру адамды сау деп қабылдау.
Жорамалды тексеру әдістері
Жорамалдарды статистикалық тексеруге салыстыру арқылы тексеру және әртүрлі үрдістерді бағалау жатады: емдеу тиімділігі, аурудың ұзақтығы, ауру-сырқаулықтың ауырлығы, емдеу әдістерін салыстыру, препараттардың және медициналық техниканың сипаттамаларын салыстыру және т.б.
Салыстырылып отырған топтардың қайсысының артықшылығы жөнінде әдетте, орта мәндердің, үлестердің немесе басқа таңдама көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық бойынша тұжырымдайды.
Статистикалық критерийді таңдау.
Статистикалық критерийді таңдау.
Деректерді талдаудың қолайлы статистикалық әдісін таңдауға ықпал ететін жағдайлар:
Талдау мақсаты: Зерттелетін өзгерістер немесе айырмашылықтар бір бағытта немесе екі бағытта болуы мүмкін, деректер арасындағы айырмашылық немесе өзара байланыс зерттелуі мүмкін.
Деректер түрлері: Зерттелетін белгінің мәні сандық немесе сапалық айнымалы болуы мүмкін.
Деректердің таралу түрі: қалыпты немесе қалыпты емес.
Жұптасқан деректер (бір ғана субьектілер үшін қайталап өлшеу, «дейін-кейін» есебі).
Тәуелсіз деректер.
Салыстырылатын топтар саны.
Екі топты салыстыру
Жұптасқан деректер (тәуелді топтар):
«дейін - кейін» есебі
-жұптаспаған деректер (тәуелсіз топтар)
Егер бір ғана таңдамаға қатысты екі айнымалыны салыстыру қажет болса (мысалы, А гепатитімен ауыратын аурулардың жұқпалы аурулар клиникасына түскен кездегі және одан шығар алдындағы биохимиялық көрсеткіштері), онда Стьюденттін тәуелді таңдамалар үшін жұптасқан t-критерийі қолданылады.