Фольклорлық практика жоспары
№
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
Орындалғаны туралы жетекшінің қолтаңбасы
|
1
|
Кіріспе бөлімде фольклор жанрының шығу тарихы бойынша түсінік бере отырып, тақырыбымды айқындаймын.
|
06.03.2023
|
|
2
|
Өз қаламыздың тарихы жайлы біраз мағлұмат алып, өлкемнің неліктен бұлай аталатындығы жөнінде аңыз-әңгімелер жинақтаймын.
|
07.03.2023
|
|
3
|
Жинаған мағлұматтарды қағазға түсіремін.
|
08.03.2023
|
|
4
|
Келесі үш күн бойында қаламның белгілі ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, жинақтаймын.
|
09.03.2023
|
|
5
|
Зерттеген жинақтарымды қағазға түсіремін.
|
12.03.2023
|
|
6
|
Өз өңіріміздегі ескерткіштер туралы анықтап, түсінік беремін.
|
13.03.2023
|
|
7
|
Жиналған барлық мәліметтерді жинақтаймын.
|
14.03.2023
|
|
8
|
Қорытындылай келе, практикалық жұмыстан не түсінгенімді, орындалған мақсаттарымды тұжырымдаймын.
|
18.03.2023
|
|
Практика базасы туралы мәлімет
Практика материалдары алынған елді мекеннің толық атауы (облысы, қала немесе аудан атауы, ауылы): Жамбыл облысы Тараз қаласы
Студенттің байланыс телефоны: +7 778 431 78 81
Практика жетекшісі: Досханұлы М.
Информант (респондент) туралы мәлімет
Информант – Наширбаев Мусаахмет. Білімі – жоғары. Қазіргі таңда зейнеткер, ауыл партиясының мүшесі.Тараз қаласының тарихына қатысты дерек сұрағанымда Тараз атауының шығу тарихы туралы деректер келтірді.
Информант- Әлішова Периза Әбітайқызы. Тараз қаласының тумасы. Білімі – жоғары. Қазіргі таңда зейнеткер.Периза ханымнан қаламыздың белгілі, тарихта аты қалған тұлғалар туралы, қазақ фольклорының эстетикасы туралы көптеген мәліметтер берді.
Оқу (фольклорлық) практика материалы
Кіріспе
Халық ауыз әдебиетінде сұлулық пен әсемдікті, асқақ мұраттарды терең бейнелеген алуан түрлі жырларда толғаулар мен айшықты суретті сөздер көп. Халық солардан рухани нәр алып, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп, сақтап келеді. Солардың эстетикасын маркстік-лениндік ілім тұрғысынан қарастырып, халықтың әсемдік жайындағы түсініктерін ашу- осы еңбектің басты мақсаты. Оның үстіне қазақ әдебиетінің қайнар көзі- фальклор халықтың әсемдік туралы түсініктерінің тарихи даму процесін көрсететін ұлы мұра.
Фольклор- халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән-мазмұнын көркемдік бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже- қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген.
Фольклор туындыларының тарихи шындық негізінде қорытылып, суреттелуі де әр жанрларға байланысты әр түрлі деңгейде болатындығын білеміз. Қазақ фольклорына да осы қағидаттар тән.
Фольклор – синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс – салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай тұтас күйінде көрінеді. Елдің тарихы мен тамыры әр ұлыстың, аймақтың сол жерді мекен еткен халықтың өткен өмір естеліктерінен құралатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қазақ елінің тарихы қатпары қалың тұтас бір топ десек, Тараз қаласының тарихы сол томның мағыналы бір тарауын құрайды. Алдарыңызға ұсынылып отырған практикалық жұмыс тарихы тереңнен тамыр тартатын Тараз қаласының халық кие тұтатын қасиетті жерлерімен оның таным – тағылымы жайлы сыр шертеді. От тілді ақын-жазушылардың ерен еңбектері, өмір деректері ұрпаққа өнеге ретінде ұсынылып отыр. Сонымен қатар, киелі саналатын табиғи жерлер мен тарихи орындарға қатысты ел аузындағы аңыз – әңгімелер де бір арнаға топтастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |