Ұстаз институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы Фольклорлық оқу практикасы Практикадан өтуші


Телевизия «Қазақстан - Тараз» — Жамбыл облысының өңірлік телеарнасы. «77 TV» телеарнасы. Ақпарттық агенттіктері



бет4/7
Дата23.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#175209
1   2   3   4   5   6   7
Телевизия
«Қазақстан - Тараз» — Жамбыл облысының өңірлік телеарнасы.
«77 TV» телеарнасы.
Ақпарттық агенттіктері
«Эк - Спорт» (экономика-спорт)
Газеттері
Жамбыл - Тараз — 1996 жылдан бері апта сайын шығатын саяси - қоғамдық газет.
Магнолия — 1995 жылдан бері апта сайын шығатын облыстық газет.
Новый регион — 1999 жылдан бері апта сайын шығатын ақпараттық - жарнамалық облыстық газет.
Знамя труда — 1919 жылдан бері шығарылып келе жатқан орыс тілді газет.
Тараздан шыққан тарих тарландары

Тараз туралы араб тарихшысы Йақұт әл-Хамауи ар-Руми өз шығармасында «Тараз қаласы түркілердің шекаралық аймағында Исфиджабқа жақын. Сондай-ақ ол бұдан бұрын айтылған қаладан қашық емес», - дейді. Ал Таразды айтпас бұрын Йақұт Отырар туралы айтқан.


Сөйтіп Йақұт Тараздың Сайрам мен Отырардан қашық еместігін нақты айтқан.
Йақұт: «Тараздан бір топ ғұламалар шыққан», - дей отыра, Махмұд бин Әли бин Әбу Әли ат – Тарази деген ғалымның атын атайды. Сонымен қатар: «Ол білгір факиһ, салиқалы аңғарымпаз, Құранды мәнерлеп оқудың үздігі болатын. Әбу Садық Ахмад ибн Хасан аз – Занди әл – Бұхари туралы хадис жазған еді» - дейді.
Сонымен, Тараздық жерлесіміздің өз аты – Махмұд. Әкесінің аты - Әлі. Ал бабасының ныспысы - Әбу әлі болған. Ат – Тарази оның Тараздық екенін, осы Таразда туып өскенін көрсетеді. Ол дулат тайпасынан шыққан.
Махмұд білімін Таразда алса да, сол кездегі ғылым, білім тілі - араб тілінде өз шығармаларын туындатқан. Әбу Таһир Мұхаммад ат – Тарази туралы мәліметтер тек Йақұт еңбегінен кездеседі. Оның толық аты-жөні Әбу Таһир Мұхаммад бин Әбу Нәсыр Ибрахим бин Макки ат – Тарази. Бұл жерде өз аты Әбу Таһир Мұхаммад. Әкесінің есімі - Әбу Насыр Ибрахим, атасының есімі – Макки. Ал ат – Тарази барлығымыз білетіндей туған жерінің Тараз екенін білдіреді.
Әбу Таһир Мұхаммад туралы Йақұт: «Исфаһан қаласында Тараз атты махалла бар. Шығу тегі жағынан ол Таразға тікелей қатысты. Онда бәлкім Тараз қаласынан шыққан көпестер тұрған. Солардың арасынан Әбу Таһир Мұхаммад бин Әбу Нәсыр Ибраһим бин Макки ат – Тарази шыққан. Ол сонда күн кешкен. Ол «Һаджир» (келімсек) деген атпен белгілі» - дейді. Оны келімсек деп атағынан, біз жерлесіміздің Исфаһанда тұрғанымен түбі Тараздық екенін анық білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет