Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


ФИЗИКА САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ



Pdf көрінісі
бет16/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ 

Смагулова Гульшат Кошкаровна 

Қарағанды облысы Нура ауданы Ахмет ауылы 

С.Сейфуллин атындағы ЖББОМ физика пәнінің мҧғалімі 

Ұстаздың  алдына  қойған  мақсаты:  ой-ӛрісі  жаңашыл,шығармашылық  деңгейде  жұмыс  істей 

алатын,  дүниетанымы  жоғары,жан-жақты  қалыптасқан  жеке  тұлға  тәрбиелеу.  Бүгінгі  таңда  білім 

берудің  негізгі  мақсаты  –  білім  мазмұнын  жаңартумен  қатар,  окытудың  әдіс-тәсілдері  мен  әр  түрлі 

құралдарын  қолданудың  тиімділігін  арттыруды  талап  етеді.  Елбасы  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге 

қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  атты  жолдауында  да  «Білім  беру  реформасы  – 

Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды 

құралдарының  бірі»  деп  атап  кӛрсеткен  еді.  Осы  кезге  дейінгі  білім  беру  саласында  тек  мұғалімнің 

ауызша  түсіндіруін  немесе  оқулықты  пайдаланып  келдік,  алайда  ол  әдіс  қазіргі  заман  талабына  сай 

емес. Қазіргі заман талабына сай сабақ ӛткізу мақсатында жаңа технологиялармен сабақ ӛткізу арқылы 

айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болады. «Егер мұғалім ғылымға ӛзі беріліп, оны толық меңгеріп, 

сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де 

жеміссіз  болмақ»,-деген  ұлы  ғалым  Д.И.Менделеевтің  ӛсиетін  негізге  алып  әрбір  ӛткізген  сабағымды 

оқулықпен ғана шектемей, қосымша ақпараттар беру арқылы, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана 

отырып ӛткізіп келемін. Сондықтан да күнделікті сабаққа: -мультимедия (видео, аудио қондырғылары 

мен  теледидарды,  электрондық  оқулықтарды);  -  зертханалық  тәжірибелер;  -компьютер  (компьютерлік 

бағдарламалар,  интерактивті  тақта);  -анықтамалық  мәліметтер  (сӛздік,  энциклопедия,  карта,  деректер 

қоры);  -интернет  және  т.б.  кӛрнекі  материалдарды  пайдаланып  отырамын.  Мұндай  қондырғылар 

оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға 

мүмкіндік  береді.  Электрондық  оқулық  оқушының  уақытын  үнемдейді,  оқу  материалдарын  іздеп 

отырмай,  ӛтілген  және  оқушының  ұмытып  қалған  материалдарын  еске  түсіруге  зор  ықпал  етеді. 

Электронды  оқулықпен  оқыту,  мұғалімнің  оқушымен  жеке  жұмыс  iстегенiндей  болады.  Дәстүрлi 

оқытуда  кейбiр  оқушылар  түсiнбей  қалған  материалды  мұғалімнен  қайталап  сұрай  беруге  кейде 

қысылады,  сол  себептi  жаңа  тақырыпты  дұрыс  қабылдай  алмауына  әкеп  соғады.  Ал  электронды 

оқулықпен  жеке  жұмыс  iстеуiнiң  арқасында  сол  тақырыпты  бiрнеше  қайталап  оқуына,  тыңдауына 

кӛптен-кӛп  кӛмегiн  тигiзедi.  Кӛптеген  жаңа  технологиялармен  қатар  соңғы  кездері  физика  пәні 

сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның 

физика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты 

арқылы  жоғары  деңгейдегі  кӛрнекіліктерді  пайдалануға  болады.  Заман  ағымына  қарай  сабаққа  видео, 

аудио  қондырғылары  мен  теледидарды,  компьютерді  қолдану  оқушының  дүниетанымын  кеңейтеді. 

Әсіресе,оқулықтағы  тарауларды  қорытындылау  кезінде  оқушылар  қосымша  материалдар  жинақтап, 

білімдерін  кеңейтіп,  танымдық  белсенділігін  арттырып  қана  қоймай,  қисынды  ойлау  жүйесін 

қалыптастырып,шығармашылығын  дамытады.  Тестік  тапсырмалар  орындайды.  Компьютер  кӛмегімен 

оқыту оң нәтижелер береді. Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу 

ғана  емес,  кез-келген  ақпарат  кӛзін:  анықтамаларды,  физикалық  формулалар,  сӛздіктерді,  теледидар 

бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сӛз.Менің ойымша, сабақты сәтті ұйымдастырудың 

бірнеше алғышарттары бар. Олар: - Сабақтың тақырыбына сай сабақ жоспарын жасау. Сабақ жоспары 



25 

 

нақтылы  жүзеге  асатындай  етіп  жасалынуы  қажет.  Дұрыс  құрылмаған  сабақ  жоспары  жақсы  нәтиже 



бермейді. 

- Тақырыпқа сай сабақ түрін, оның әдіс-тәсілдерін түрлендіріп отыру.  

- Қосымша материалдарды тақырыпқа сай шығармашылықпен іріктеп ала білу. 

-  Дидактикалық,  техникалық  құралдарды,  электрондық  оқулықтарды  мақсатқа  сай,  оқушы 

сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану. 

– Сабақта алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибелер мен жаңа технологияларды пайдалану.  

Бұл  орайда  инновациялық  технологияларды  пән  бойынша  қандай  тарауға,  қай  тақырыпқа 

пайдалану тиімді болатынына зерттеу, салыстырып жүргізіп отыру қажет деп ойлаймын. Сонымен бірге 

оқушының бастапқы білім деңгейін, жаңа технологияны пайдалану барысында қаншалықты білім алып 

шыққанын,  не  үйренгенін  айқындап,  диагностикалап  отыру  да  артық  болмайды.  Ӛйткені  мұғалім 

тарапынан білімі  мен іскерлігі  тексерілмеген  оқушылар  біртіндеп  үлгермеушілер  қатарына  қосылады. 

Бұл ӛз кезегінде сабақтың сәтті ӛтуіне зиянын тигізбей қоймайды. Ақпараттық технологиялардың бірі – 

интерактивтік  тақта,  мультимедиялық  және  онлайн  сабақтары.  Оқыту  үрдісін  компьютерлендіру 

мақсатында  интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасау  тиімді.  Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  жалпы  орта 

білім  беретін  мектептерінің  барлығы  дерлік  интерактивті  тақтамен  қамтамасыз  етілген.  Ӛзім  жұмыс 

жасайтын  мектепте  жаңа  ақпараттық  технологияларды  қолдану  кеңінен  қарастырылған.  Мектептің 

физика  кабинетінде  интерактивті  тақта  орнатылған.  Сондықтан  бұл  тақтамен  әр  сабақты  қызықты 

ӛткізуді 

ойластырып, 

жоспарлаймын.Тақтаны 

қолдану 

арқылы 


оқушылардың 

қызығушылығын,интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Ӛз басым интерактивті 

тақтаны  әр  сабақ  барысында,  соның  ішінде  физикадан  зертханалық  сабақтарды  ӛткізген  кезде  жиі 

қолданамын.  Физика  пәні  бойынша  компьютерлік  тестілеуді  қолдану  оқушылардың  интеллектуалдық 

танымын арттырады. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара ӛтеді. Бұл 

тестілеудің барлығы физика пәнін ӛмірмен байланыстырған, пән талаптарына сәйкес келеді. Келесі бір 

маңызды  жағдай  уақытты  үнемдеу.  Аз  уақыттың  ішінде  бағдарламаның  кӛптеген  киын  сұрақтарын 

формулалар  мен  эксперименттер  кӛрсету  арқылы  түсіндіріліп,  бекітіледі.  Физика  сабағында  жаңа 

ақпараттық  технологияларды  қолдана  отырып  ӛз  бетінше  жұмыс  істеу  факторы  –  есептерді  шығара 

білу,  шапшаңдылық,  шеберлік  дағдыларын  ұйымдастыра  отырып,  сабақтар  ӛткізуді  қолға  алдым. 

Осындай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім 

деңгейіне,  ынтасына  қарай  топқа  бӛліп,  ӛз  бетімен  еңбектенуге,  ізденуге,  шығармашылыққа  баулып, 

қорытынды  жасауға  машықтандырамын,  оқушының  ақыл-ойын  дамытып,  ӛзіндік  дүниетанымын 

қалыптастырамын,  сабаққа  ынтасын  арттырып,  тапсырманы  орындау  барысында  жіберілген  қателер 

мен  кемшіліктерді  уақытында  анықтап  түзетуге  мүмкіндік  беремін.  Сабақ  барысында  оқушыларды 

біліммен  қаруландырып  қоймай  оларды  қисынды  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту  үшін 

оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін, ойлауға икемділігін, ӛмірге ғылыми 

кӛзқарасын  дамытуға  ӛткізілген  сыныптан  тыс  жұмыстар:  «Физика  ғылымға  қызмет  етеді!»,  «Физика 

лерика»,  «Миллион  кімге  бұйырады?»,  «Физикалық  дамино»  сияқты  танымдық  ойындарын 

қолданамын.  Алынған  ӛзекті  тақырыпты  басшылыққа  ала  отыра  және  істелінген  жұмыстарды 

қорытындылай  келе  ӛзін-ӛзі  бағалай  білетін,  шығармашылық  деңгейі  жоғары  жан-жақты  тұлға 

қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын кӛтеремін, алған білімдерін ӛмірмен ұштастыруға бағыт 

беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, 

ойлау  қабілеттерін,  шығармашылық  ізденісін  бақылау  арқылы  біршама  нәтижеге  жеттім.  Мысалы:  8 

сыныпқа «Электр ӛрісі,электр ӛріс кернеулігі күш сызықтары» тақырыбында ӛткен ашық сабағым ӛте 

сәтті  ӛтті.  Сабаққа  тірек  сӛздер,тәжірибе  жасап,тест  жұмысын,есептерде  формулаларды  пайдалануды 

қолдандым.Найзағайдын  пайда  болуын  видеоролик  арқылы  кӛрсеттім.  Ақпарат  құралдарын 

пайдаланып  деңгейлік  тапсырмалар арқылы  танымдық  қызығушылығын  арттыру  мақсатында  ӛткізген 

7-8  сыныптар  арасында  «Қызықты  тәжірибелер»атты  сабағым  оқушыларды  ынтымақ-бірлікке,  тез 

ойлауға  және  теориялық  білімдерін  бір  жүйеге  келтірді.  Есте  сақтау  қабілетін  шыңдауға,  ғылым  мен 

техника  жетістіктеріне,  білімге  деген  қызығушылығын  арттыруда  сыныптан  тыс  шаралардың  маңызы 

зор. 


Мысалы: 9 сынып «Тербелістер» тарауы бойынша үлестірмелі тапсырманы талдап кӛрелік . 

Осы  тапсырма  арқылы  оқушының  математикалық  сауаттылығын,  графиктегі  тәуелділікті, 

физикалық  шамалардың  арасындағы  байланыс  пен  тәуелділікті  анықтай  алады.  Бұл  тапсырманы 

күрделендіріп, деңгейі жоғары оқушылаpға да беруге болады: 

Тӛмендегі  графиктен  координаттың,  жылдамдықтың  және  үдеудің  уақытқа  тәуелділіктерін 

салыстыру арқылы фазалар ығысуын түсінуге және кӛруге болады.  




26 

 

Фазалар  ұғымы  физика  және  математика  курстары  бойынша  күрделі  ұғымдардың  бірі. 



Жылдамдық пен үдеудің уақытқа тәуелділік теңдеулерін жазу мен графикке салу арқылы оқушы фаза 

ұғымы туралы алғашқы түсінікті алып қана қоймай, оны дұрыс түсінуге мүмкіндік алады.  

Осы  графикке  қарап,  оқушылар  координаттың  максимал  мәнінде  жылдамдық  пен  үдеудің 

мәндерін салыстыру үшін кесте жасайды. 

Оқушылардың физикалық сауаттылығын арттыру, алған білімдерін тиянақты болуын қадағалау 

үшін  сыныптан  тыс  жұмыстар  жүргізіп,  оқушыны  қызықтыратындай  физикалық  ойындар,  викторина 

шешу,  кроссворд  құрастыру,  логикалық  есептер  шығарту  арқылы  ой-ӛрісін,  пәнге  қызығушылығын 

арттырып,  пән  аралық  байланысты  нығайту  қажет.  Тарауды  қайталау,  қорытындылау  кезінде 

«қайталау-оқу  анасы»  деген  нақыл  сӛздерді  қолданып,  тақырыпқа  байланысты  сӛздік  қорларын 

молайтып, ӛткен тақырыптың мазмұнын толық ашу үшін сәйкестендіру кестесін толтырғызып, сабақты 

бекітемін.  Әр  тарауды  ӛткен  соң,  физикалық  диктант,  ӛздік  жұмыс,  тақырыптық  есеп,  бақылау 

жұмыстары,  тестік  тапсырмалар  ӛткізу  арқылы  тақырыпты  қаншалықты  меңгергенін  тексеріп, 

тақырыпты  толық  меңгере  алмаған  оқушылармен  қосымша  сабақтар,  сыныптан  тыс  жұмыстар 

жүргіземін.  Тест  түрлері  оқушы  білімін  бекітуге  қайталауға,  жүйелеуге  мүмкіндік  береді.  Жалпы 

оқушылардың жаңа ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:  

1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.  

2. Шығармашылық қабілеттері артады.  

3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады. 

4.Оқушылар ӛз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.  

5. Экологиялық сауатты болуға үйренеді. 

6.Тағамның химиялық құрамының зияндылығын іс-тәжірибелер барысында анықтайды.  

7. Физикалық технологияны меңгеруге ұмтылыс пайда болады.  

- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет