Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕРІ МОЛ



Pdf көрінісі
бет60/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ОҚУШЫЛАРҒА БЕРЕРІ МОЛ 

 

Ақмола облысы. Аршалы ауданы. Анар станциясы Анар орта мектебінің бастауыш 

сынып мұғалімі Хабас Алтынгүл 

 

Ақыл-ой тәрбиесі — адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-

тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін 

бағыттау —  сана-  сезімінің  дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке 

тұлғаны  қоғамның  ӛркениетті  даму  бағытына  сай  жан-жақты  тәрбиелеудің  құрамды  бӛліктерінің 

бірі. 


Ойлау  құрылымының  механизмін  түсіну  үшін  ақыл-ой  қызметінің  репродуктивті  және 

продуктивті  бӛліктері  қатынастарының  қағидасы  ерекше  маңызды.  "Ойлау  —  шындықты  танудың 

қорытындыланған  және  жанама  түрдегі  үрдісі,  бірақ  оның  диалектикалық,  қарама-қайшылықтық 



60 

 

бірлігінде продуктивті және репродуктивті бӛліктері тұтасып кеткен" деп кӛрсетеді З.Калмыкова. 



Н.Менчинская  ӛз  еңбегінде  "Жақсы  дағдыланған  және  нық  бекітілген  тәсілдерді  қалыптастыру 

оқушылардың  ақыл-ой  дамуына  елеулі  әсер  береді"  деп,  оның  дамытушылық  функциясының 

жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рӛлін анықтайды. 

Ақыл-ой қызметінің тәсілі — ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған 

қисынды  операция  немесе  операциялар  жиынтығы.  Абстрактылы  ойлау  елеулі  емес  екінші 

дәрежелі  белгілерден  аулақтануға,  жалпы  және  елеулілерін  бӛліп  алуға,  сӛйтіп,  осы  негізде 

абстрактылы  ұғымдарды  тұжырымдауға  адамның  іскерлігін  кӛздеуде  ӛз  маңыздылығымен 

ерекшеленеді.  Абстрактылы  ойлауға  қабілеттілік,  сӛз  жоқ,  оқушылардың  жасына  байланысты. 

Алайда, абстрактылы ойлаудың дамуы мектеп жасында мейлінше интенсивті етеді. Жүйелі оқыту 

оның дамуын жеңілдетіп тездетеді. Осы қабілеттіліктердің кӛріну уақыты оқытудың мазмұны мен 

сабақ  беру  әдістеріне  байланысты  болып  келеді.  Сондай-ақ  негізгі  ой  әрекеттері  мен 

операцияларды  игеру  ісінде  арнаулы  машықтануды  керек  етеді.  Талдай,  жинақтай  білу  және 

пәндер  мен  құбылыстарды  жіктей  алу,  шешімдер  қабылдауды,  қорытындылар  шығаруды,  баға 

беруді,  ұғымға  келтіруді,    құбылыстың  немесе  пәннің  белгілі  бір  қажеттілікпен  анықталуын 

қажетсінеді. 

Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда ӛте маңызды болып табылады. Тасымалдау 

немесе  генерализациялау  ғылымы  ақпарат  қауырт  есіп  отырған  қазіргі  кезде  ерекше  маңызға  ие, 

себебі,  жаңа  білімдерді  неғұрлым  тез  де  үнемді  игеру  үшін  негізгі  құрал  бола  алады. 

Құбылыстардың  түпкі  нәтижелерін  немесе  келіп  жетуін  алдын  ала  кӛре  білу  қабілеті,  ой  мен 

қорытынды  шығару  негізінде,  ең  алдымен,  табиғат  пен  ғылымдағы  заңдылықтардың  рӛлі  мен 

маңызы туралы жалпы ұғымдарды игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау, салыстыру, құбылыстар 

арасындағы  ерекшеліктерді  табу,  ұқсастықтарына  қарай  ой  қорытындыларын  жасауды,  сондай-ақ 

индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін игере білуді қамтиды. Индуктивті ойлау жеке пәндер 

немесе құбылыстар туралы білімдер  негізінде оқытылатын  барлық  пәндер  мен  құбылыстар  туралы 

жалпы  қорытындыға  келе  білуді  кӛздесе,  дедуктивтік  ойлау  бұрын  белгіленген  жалпы  ережені, 

жеке  деректерді  немесе  құбылыстарды  зерттеп,  үйрене  білуге  қолдануды  міндеттейді. 

Интеллектуалдық  әрекетке  адам  қабілеттерін  дамыту  ой  еңбегінің  мәдениетін  игерумен  де 

мейлінше  тығыз  байланысты.  Ой  еңбегі  мәдениетінің  ұғымына,  әдетте,  ой  жұмысының  режимін 

тиімді  ұйымдастыра  білу  туралы  ұғым, белгілі  бір  жүйе жасап  алу, ұқыпты  жұмыс  істеу  қабілеті 

жатады. 


Ой  жұмысының  нәтижелілігі  жұмыста  адам  белгілі  бір  жүйені  ұсынатын  болса  едәуір  артады, 

бұл  әрекет  жасаудың  белгілі  бір  дәйектілігін  таңдап  алудан,  жұмыс  орнының  белгілі  бір 

ұйымдастырылуынан, осы материалдарды және оқу құралдарын, т.б. орналастыру жүйесімен жазба 

жұмыстарды  жазып  алуды  жүргізу  жүйесінен  кӛрінеді.  Нақ  осы  ой  еңбегінің  мәдениеті 

интеллектуалдық қызметпен ұзақ шұғылдана білуге жол ашады. 

Дербес  танымдық  қызметке  қабілетті  дамытуда  ақыл-ой  дамуы  міндетінен  саналады.  Дербес 

танымдық  қызметке  қабілеттілік  жалпы  мәдени  ой-ӛрісін  ұлғайтып,  ӛздігінен  білім  алу  және 

адамды жан-жақты дамыту үшін де керек. Дербес танымдық қызмет ақыл-ой дамуының жеткілікті 

дәрежесін  дербес  жұмыс  істеу  іскерліктері  мен  дағдыларын  игеруді,  сондай-ақ  белгілі  бір 

мотивтердің  болуын  кӛздейді.  Дербес  жұмыс  істеу  іскерліктері  мен  дағдылары  ой  еңбегінің 

мәдениетімен де байланысты, ӛйткені бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін оны тиімді ойластырып 

ұйымдастыру керек болады. 

Ақыл-ой  қабілеттерін  дамыту  тұрғысынан  алғанда,  дербес  жұмыс  оқушының  алдына  мәселе 

қойылып, мәселелік жағдаят жасалғанда анағұрлым тиімді бола түседі. Мәселелік жағдаяттар тек 

күрделі  де  елеулі  міндеттер  мен  мәселелердің  айналасында  жасалып  қана  қоймайды,  қандай  да 

болсын танымдық міңдеттерді шешуге барудың ӛзі де ӛзекті бола алады. 

Оқушыларды білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландырудың мақсат кӛздеген үрдісі 

ретінде  ақыл-  ой  жетекші  рӛл  атқарады.  Оқыту  жеке  тұлғаның  ақыл-ойының  дамуында  жетекші 

болып саналады. Себебі, интеллектуалдылық және белсенді танымдық қызмет үшін керекті ақыл-

ойдың бірде-бір бағалы қасиеті жүйеге келтірілген білімдердің қорынсыз дами алмайды. 

Даму, ең алдымен, білімдерді меңгергеңде оқушы жасайтын ой операциялары мен әрекеттердің 

сипаты  арқылы  анықталады.  Ақыл-ой  тапқырлығына,  қабілеттілік  ісіне  тәрбиелеуде  едәуір 

мӛлшерде оқытуға зерттеушілік тұрғысынан  қарау ісі жәрдем ете алады.  Оқытудағы зерттеушілік 

ұстанымы ӛздері зерттеп отырған ғылымдарда қолданылатын зерттеулердің негізгі әдістері арқылы 

жаңа  білімдерді  ӛз  бетімен  меңгере  ала  білуді оку  үрдісінде  ұйымдастыру  жағы  кӛзделеді.  Яғни, 



61 

 

олардың қисынды ойлауын дамытып жӛне сенімдерін қалыптастыру үшін оқушыларды дәлелдерге 



және ӛз кӛзқарасын негіздеуге үйрету жӛніңдегі жұмыстары ӛте пайдалы болып табылады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет