Топқа бөлу: Оқушыларды ұстаз туралы нақыл сөздер арқылы арқылы 3 топқа бөлу
Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады
Абай Құнанбаев
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Халық даналығы
Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.
К.Д.Ушинский
1- топ “Зерттеушілер”
2- топ “Тарихшылар”
3 –топ “Журналистер”
Мәтінмен жұмыс:
1- топ “Зерттеушілер”
“Педагог” “Мұғалім” “Ұстаз” ұғымдарын зерттеу
2- топ “Тарихшылар”
Мұғалімдер күнінің шығу тарихы
3 –топ “Журналистер”
“Дара жол” бағдарламасы
Әр топ тапсырмаларына сай постер дайындап, қорғайды.
Ой қорыту: Бес жол өлең немесе синквейн
1- топ “Зерттеушілер” Ұстаз
2- топ “Тарихшылар” Мектеп
3 –топ “Журналистер” Оқушы
Мұғалім:
Ұстаз ! Қандай қасиетті сөз ! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Ұстаз ұлағатты есім ! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып; тәләм-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып; адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.
Олай болса құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер! Зейнет жолында мол табыс,отбасларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.
Оқушылардың ән жолдауы.
Ән: Ұстазым
Тыңдағанған көңілдегі толғамымды
Шындаған тәрбием мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды
Табылған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сия алады
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
Өнердің мен білмейтін қатпаларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
№ 6 САБАҚ. «НЕЛІКТЕН АТА-АНАҢМЕН ӨЗІҢДІ МАЗАЛАҒАН ОЙЛАРМЕН БӨЛІСУ МАҢЫЗДЫ?»
Достарыңызбен бөлісу: |