Стехиометрия заттардыңарасындағымассалықжәнекөлемдікқатынастардықарастыратынхимияныңбөлімі. «Стехиометриялықмөлшер»



бет31/93
Дата26.01.2022
өлшемі302,24 Kb.
#129907
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
Байланысты:
химия жауаптар емтихан

27.Иондық байланыстар. Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады.Коссель теориясының қағидалары:1.Сыртқы қабатында 2 немсе 8 электроны бар инертті газдар химиялық жағынан өте инертті, демек, олардың сыртқы электродық қабаты өте тұрақты.2. Атомдар молекулаға біріккенде электрон беріп жіберу, не болмаса қосып алу арқылы сыртқы қабатын инертті газдардікіне ұқсатқысы келеді.3. Әрекеттесуші атомдардың электрон беріп жібергені оң ион – катион, ал электрон қосып алғаны теріс ион – анионға айналады. Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып байланыс түзеді.

Атомның ионға айналу мүмкіншілігі оның иондану энергиясы мен электрон тартқыштығының шамаларына тәуелді. Катиондарды иондану энергиясының шамасы аз болып келетін І және ІІ топтарда орналасқан сілтілік және сілтілік жер металдар оңай түзеді. Ал аниондарды электрон тартқыштығы жоғары галогендер оңай түзеді. Демек, галогендер сілтілік және сілтілік-жер металдармен әрекеттескенде ионды қосылыстар береді. Жалпы ионды қосылыстардың саны онша көп емес. Жоғарыда аталып кеткен сілтілік және сілтілік-жер металдардың галогенидтерінен басқа ионды қосылыстарға олардың оксидтері, сульфидтері және оттекті қышқылдармен беретін тұздары жатады.

28.Молекулалық байланыстар.

29.Металдық байланыс.Металдың кристалдық торының түйіндерінде атомдар немесе олардың иондары орналасатыны белгілі. Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді. Металдардың сыртқы деңгейіндегі валенттік электрондар саны аз болатындықтан, олардың иондарға айналуы қиын емес: Me - ne- → Ме+n



Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр- және жылуөткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. булардың барлығы металдық байланысқа тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет