Стехиометрия заттардыңарасындағымассалықжәнекөлемдікқатынастардықарастыратынхимияныңбөлімі. «Стехиометриялықмөлшер»



бет45/93
Дата26.01.2022
өлшемі302,24 Kb.
#129907
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93
Байланысты:
химия жауаптар емтихан

59. комплексті қосылыстар

Комплексі қосылыстар деп жеке компоненттердің тіркесінен түзілген (лат. — комплекс -  тіркес) және кристалдық күйде де, еріген күйде де бола алатын күрделі иондар мен молекулаларды беретін күрделі құрамды қосылысты атайды. Комплексті қосылыстар жөніндегі түсінікті алғаш рет, ғылымға енгізген  швейцар ғалымы А.Вернер (1898). Комплексті қосылыстар  химиясының дамуында Л.А.Чугаев және оның шәкірттері  И.И.Черняев, А.А.Гринберг, В.В.Лебединский еңбектері үлкен роль атқарды. Вернердің  координациялық теориясы бойынша көптеген комплексті қосылыстарда ішкі және сыртқы  сфера   болады. Комплексті қосылыстардың химиялық   формулаларын жазғанда ішкі және сыртқы сфераны тік жақшаға алады.  Мысалы,  келесі комплексті қосылыстарда К2|ВеҒ4]   ішкі  сфераны  [ВеҒ4]2-  атомдар топталулары (комплексті иондар), ал сыртқы сфераны К+ құрайды. Ішкі сфераның орталық атомы комплекстүзуші, ал оның төңірегіндегі координацияланған молекулалар (иондар) — лигандалар деп аталады. Мысалы, К2[ВеҒ4] қосылысында ішкі сфера-комплексті анион [ВеҒ4]2- тік жақшаға алынған. Комплекс түзуші атом- Ве2+ ионы, ал лиганда- фтордың төрт ионы. Комплекстүзушінің төңірегіндегі лигандылар саны координациялық санды көрсетеді.  Жоғарьда келтірілген мысалда ол төртке тең. Ішкі сфера заряды комплекстүзуші мен лиганда зарядтарының қосындысына тең және оң (комплексті катион жағдайында) теріс (комплексті анион жағдайында) және нөлге немесе бейтарап болуы мүмкін. Сыртқы сфера заряды ішкі координациялық сфера зарядына тең, бірақ таңбасы бойынша оған қарама-қарсы. Егер ішкі сфера заряды нөл болса, сыртқы сфера болмайды. Комплекстүзуші-ион заряды барлық қалған иондар зарядының алгебралық қосындысына тең, бірақ таңбасы жөнінен қарама-қарсы. Мысалы, К2[ВеҒ4] қосылысында сыртқы сфера иондарының заряды +2-ге тең комплекстүзуші-ион заряды лиганда (Ғ- төрт ионына) мен сыртқа сфера (К+ екі ионына) зарядтарының алгебралық қосындысына тең және таңбасы қарама-қарсы яғни Ве+2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет