Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде


Теннисшілердің техникалық дайындығы



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата11.12.2021
өлшемі483,95 Kb.
#79138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
акушерство-300 каз, .130-18 тобы Закиржанұлы Шахрух эссе бөт
1.Теннисшілердің техникалық дайындығы

1.1.Қалақты ұстау тәсілдері

1.1.1.Қысқаша теориялық мәліметтер

Жақсы ойын үшін тек жылдам қозғалу ғана емес сонымен бірге қатты

да, дәл соққы жасай білу керек. Үстел теннисін 

Жақсы ойнау бұл өнер, ойынның териялық білімін ғана емес, сонымен бірге

техникалық өзгешелігін де игеру керек.Ең алдымен қалақшаны қалай ұстау

керектігін   білу   керек.көлденең   (европалық)   және   тігінен   (азиаттық)   ұстау

тәсілі.

Қалақшаны   ұстау   тәсілдері   оның   осінің   көлденеңінен   тұрғандағы

салыстырмалы   жағдайына   сәйкес   болады.   Тік   ұстаған   кезде   қалақшаның

ұстағышын   бас   бармақ   пен   сұқ   саусақпен,   қалам   ұстағандай   етіп   ұстау.

Сондықтан да бұндай ұстауды «қалам ұстау» деп атайды. Бұл ұстау әдісімен

қалақшаның алақан бетімен допты қайтару ыңғайлы.

Европалық   үстел   теннисінде   және   біздің   елде   «қалам»   әдісімен

қалақшаны   ұстау   кең   таралмаған,   сондықтан   қалақшаны   ұстаудың   басқа

әдістерін   қарастырайық.   «Қалам»   әдісінде   ойыншы   үстелдің   сол   жақ

бұрышына     жақын   орналасады,   сөйтіп   үстелдің   оң   жағындағы   ойынды

бақылай   алады.   Бұл   ұстаумен,   тәсілмен   өзіңнен   жақын   допты   қайтарған

ыңғайлы. Сонымен бірге сол ақтан соққы беру, қия соғу, астынан алып соғу,

доптың   «топ   спин»   айналуы   болады.   «Қалам»   үстел   маңындағы

ширақтықтылықтықажет етеді.

1-сурет Қалақты тік ұстау

Қалақтың тұтқасын көлденең ұстау кезінде үш саусақпен  ортаңғы, аты жоқ,

шынашақ саусақпен ұстайды. Ортаңғы саусақ қалақтың шетімен созыла, ал

бас бармақ сырт жағына орналасады  және ортаңғы саусаққа болар болмас

тиіп тұрады. Бұл қалақтың екі жағымен де бірдей ойнауға тиімді. Бұл ұстау



шабуылдау   мен   қорғаныс   соққыларын   сол   жағынан   да,   оң   жағынан   да

жасауға ыңғайлы.

2-сурет  Қалақты көлденең ұстау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет