Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата11.12.2021
өлшемі483,95 Kb.
#79138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
акушерство-300 каз, .130-18 тобы Закиржанұлы Шахрух эссе бөт
1.1.2. Оқыту әдістемесі

Қалақты жылдам және жеңіл қолға үйрету үшін, әртүрлі жаттығулар

бар.   Оларды   қай  жерде   болмасын   өз   бетінше,   үйде   де,  далада   да   жасауға

болады.


Допты соғу.Допты қалаққа қойып алып, шамамен белуардан деңгейінде

ұсталған   қалақпен   допты   астыңғы   жағынан   соғу.   Әуелі   бір   жағынан   соғу,

сосын екінші жағынан соғу, кейіннен сол және оң жағынан кезектестіріп соғу.

Қабырға жанындағы ойын. Қабырғадан 3-4 метр қашықтықта жартылай

оңға бұрылып тұру, допты қалақсыз жайлап соғу, қалақпен оны қабырғаға

соғылып, өзіңізге қайтып келетіндей етіп соғу керек. Бұл жағдайда допты әр

соққыдан соң бос қолымен қағып алып отыруға, содан соң бұл қарапайым

техникалық элементтен соң қалақпен соққыларды тоқтаусыз, соққы санына

жасауға   болады.   Бұл   жаттығуды   күрделендіруге   болады.   Ол   үшін   ауадағы

допты әуелі еденге соғып, сосын қабырғаға, одан кейін өзіңізге қайта соққы

жасау үшін қайтып келуі тиіс.

Жаттығулар жиынтығы;

қалақты дұрыс ұстау арқылы доппен жонглерлік ету:



қалақтың бір жағымен;

қалақтың басқа жағымен;



екі жағымен кезектестіріп;

қабырғадан ұшырып ойнау;



еденге тигеннен кейін қабырғаға соғу;

қалақпен допты соғу (бадминтон ойыны сияқты)



Жонглерлік   жасау   кезінде   қалақ   белуар   деңгейінде   болуы   керек,   ал   доп

бастың деңгейіне дейін көтерілуі тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет