Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде



Pdf көрінісі
бет14/27
Дата11.12.2021
өлшемі483,95 Kb.
#79138
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
акушерство-300 каз, .130-18 тобы Закиржанұлы Шахрух эссе бөт
1.7 кесіп алу (подрезка)

1.7.1 қысқаша теориялық мәліметтер

Кесіп алу техникасына 2 ерекшелігінің болуымен сипатталады. Қатаң

соққы мен соққыны орындау кездегі белсенділік.

Қатаң  кесіп   алудың  негізіне   соққы  орындаған   көптеген   жағдайларда

түсіп   бара   жатқан   үстелден   біршама   алыстаған   кезде   доп   бойынша

орындалады. Сонымен ойыншы дайындалып алуға қажетті уақытты алады;

сол   уақытта   құлап   бара   жатқан   доптың   жылдамдығы   мен   айналуы   төмен

және   әлсіз   болғандықтан,   жауап   соққыны   беруге  де   аса   үлкен   қиындық

тудырмайды. 

Кесіп  алудың белсенді  мінезі  оның вариативтілігінімен түсіндіріледі;

доптың оң және сол жақ айналу күшінің, ұшу бағытының жалпақтығы мен

үстелдің   ұзындығымен   де   айырылады.   Бұл,   ережеге   сай,   шабуыл   кезінде

қарсыласты қиын жағдайға соқтырып, енжар әрекеттер істеуге мәжбүр етеді,

мүлт етулер де мүмкін. 

Ойынның табысты тәсілдерін үйрену үшін, доптың ұшу траекториясын

доға тәріздіге келтіретін және айналу, сондай-ақ ұзын және қысқа доптарды

орындау кезде, доптың төменгі айналу тәсілдерін үйрену қажет. 

Допқа төменгі айналуды беретін және ұшу траекториясы доға тәрізді

болатын   кесіп   алу.   Ондай   кесіп   алудың   ерекшелігі   қарсыластан   қайтып

келген доп үстелден қарғып кетуінен кейін төмендеген кезде орындалуында

болады.   Осы   кезде   доптың   айналуы   әлсізденіп   және   соққыны   төменгі

нүктеден   орындайды,  күшін  жарым-жарты  қолдануға,  жоғары  бағытталған

табиғи   доға   тәрізді   траекторияны   қалыптастыруға   мүмкіндік   береді.

Сондықтан   қолдың   күшін   азайтуына   мүмкіндік   беретін,   сондай-ақ

траекторияның ұшу биіктігін бақылауын және жауап соққының нақтылығын

күшейтуінен басқа, доптың айналуын да жеңіл күшейтуге мүмкіндік береді. 

Кесіп   алуды   орындаған   кезде,   ең   алдымен   қарсыластың   доп   берген

қашықтығына байланысты үстелден белгілі тұру қалпын ұстау қажет. Егер

доп үстелдің артқы сызығынан жақын түссе және ұшу жылдамдығы үлкен

болса, ойыншыға жылдам бір қадам артқа шегінуге керек. Егер доп үстелдің

ортаңғы зонасына түссе, онда бір қадам алға жүру керек. Ереже бойынша,

допқа соққыны өзінің алдында оң жақтан орындайды. 

Кесіп алуды орындамастан бұрын ойыншы доп бойынша соққы беретін

нүкте мен қалақшаның арасындағы қажетті қашықтығын қамтамасыз етуіне

жылдамдатуына   қажет   үдеу   беру   үшін,   артқа-үстіне   қарай   үлкен   сілтеу

жасайды.


Тізе   әдетте   бүгілуден   сәл   көбірек   болу   керек   –   бұл   теннисшіге

қатаңдылық береді, кесіп алуды күшті етеді. 

Доп жақындаған кезде ойыншы қолының күшімен ең алдымен допқа

қысым түсіреді, ал содан кейін кесіп алудың өзін орындайды, яғни алдымен

иығын үдетеді, содан кейін білегін және допты алдына бағыттайтын соққыға

үлкен   күш   келтірілетін   доп   бойынша   төмен   соғады.   Кейбір   жағдайларда




доптың күшті төменгі айналу соққысын орындаған кезде ойыншы сәл алдына

қарай   еңкееді,   еңкейіп   сондай-ақ   тізесін   бүгеді,   қолға   қосымша   күш   беру

үшін   доп   қалақшаның   бетімен   жанасқан   кезде   беті   тым   артқа   ауытқымау

керек,   ал   ортаңғы   жағымен   жанасқан   кезде   төменге   қозғалып,   сол   кезде

ойыншыға биік доптардын құтылу үшін  қол буынына көп күш жұмсау қажет.

Егер қарсыласпен шағылған доптың үстіңгі айналуы қатты болса, онда

мүмкіндігінше   қалақшамен   жанасуын   оның   айналу   осіне   жақын   жанасу

қажет. 


Денеге   бағытталған   кесіп   алу   добы.   Ойыншыға   қарсыластың   денеге

бағытталған   кесіп   алуын   жорамалдауға  қиынға   түседі.  Егер  доп   ыңғайсыз

берілсе,  ойыншыға   қарсыластың   үздіксіз   шабуылдарынан   құтылу   қиынға

түседі және мүлт жіберіп алу жағдайы да болады. Сондақтан қарсыластың

дәл денеге бағытталған кесіп алуын нақты орындаған кезде, жылдам орын

ауыстырып   және   шегінуге   тура   келеді,   допқа   соққы   берілетін   нүктеден

мүмкіндігінше   алыстау   керек.  Одан   басқа   қарсыластың   үздіксіз   шабуыл

жасауына мүмкіндік бермеу  үшін  қарсыластың шабуыл  кезінде  бағытталған

жауап доптардың қай бағытта ұшатынын қатаң қадағалау қажет.

Қарсыластың   шабуыл   денеге   тура   бағытталған   кесіп   алуларды

орындаған   кезде,   доптың   қай   бағытта   ұшатынын   –   дененің   оң   әлде   сол

жағына   ұшатынын   жедел   бағалауға   өте   маңызды,   содан   кейін   қандай

техникалық тәсілді қолдануға болатындығын таңдау керек. Егер қарсыластың

берген добы денеден сәл ауытқыса, онда ойыншыға оң жаққа және сол жақ

кесіп алумен допты қабылдап шегінуі қажет. Егер қарсыласпен шағылған доп

дененің   ортаңғы   сызығына   бағытталса   немесе   сәл   солға   ауытқыса,   онда

ойыншыға   сол   жаққа   және   оң   жақ   кесіп   алумен   допты   қабылдап   шегіну

қажет.  


Денеге тура бағытталған сол жақтан кесіп алуды орындаған кезде, оң

жаққа   шегінумен   қолды   оң   бүйірге   қысу   қажет,   ал   білекті   допқа   шапшаң

соққыға әкелетін, қалақша кеудеден жоғары тік қалпында болатындай етіп

жоғары көтеру керек. Доптың денеге жақындаудан бұрын теннисші білегімен

жоғарыдан төмен қоғалыс жасайды (ойыншы үстелден алыс тұрған сайын,

соққы да күштірек болады; ойыншы үстелге жақын болғанда күшін төменге

аз   береді,   доптың   ұшу   траекториясының   биіктігін   қадағалауға   мүмкіндік

береді;).

Денеге тура бағытталған оң жақтан кесіп алуды орындаған кезде, сол

жаққа шегінумен иық денеге тығыз жанасатындай, ал білек сол жоғары қарай

көтерілгендей   қалақша   тік   қалпында   тұратындай   етіп   қою   керек.   Доп

жанасқан кезде, негізінде білекпен төменге қарай орындайды. Жауап доптың

ұшу траекториясының биіктігін қадағалау үшін доп пен қалақша жанасқан

моментінде   иық   дененің   алдында   қозғалады.   Қол   буыны   сондай-ақ   ішке

қарай   бүгіледі.   Ондай   қозғалыс   кезінде   доп   қарсыластың   алаңының   оң

бұрышына ұшады; егер доп пен қалақша жанасқан кезде айналу қозғлысын

орындамаса,   ішке   бағытталған,   ал   қол   буыны   қалақша   сол   жаққа   сәл

кететіндей етіп жайылады, ондай жағдайда доп қарсыластың алаңының сол

жақ бұрышына ұшады. 



Денеге тура бағытталған кесіп алу сол немесе оң жақтан орындалуына

тәуелсіз,егер   шағылған   доптың   жылдамдығы   үлкен   болса,   ойыншының

денесін   жақындайын   деп   келгенде,   төменге   бағытталған   доптың   ұшу

траекториясы төмен болатындай табиғи күшімен қолдың күшін толықтыру

үшін, доппен жылдам соққы беруінен бір уақытында жоғары ескеру қажет. 

Кесіп   алудың   неігзі   тәсілдерін   үйреніп   алғаннан   кейін,   ойыншыға

сондай-ақ   қысқа   жауап   соққыларды   орындауға   мумкіндік   беретін   жылдам

орын ауыстыру тәсілдерін үйреніп алуға қажет. Жылдам орын ауыстыруды

қолданғанда,   ойыншы   соққы   нүктесі   алдында   болатнын   мұқият   бақылау

қажет. Егер орын ауыстыру сол жаққа жылдам орындалса, онда соққы нүктесі

ойыншының оң жағының алдында блу керек; егер сол жақтан болса, онда

ойыншының сол жағының адында болады. 

Оң жақтан кесіп алу. Бұл техникалық тәсілдің негізгі мақсаты – допты

қарсыластың алаңының жағына қайтару, оған төменгі айналуды беріп және

ұшу траектриясы төмен болады. Бұл тәсілді жаңа келген ойыншыға қарсы

сондай-ақ   қорғау   ойынында     қолданады.   Алайда   жоғары   деңгейдегі

ойыншылар   кесіп   алуды   шабуыл   әрекеттеріне   өту   үшін   аралық   құралы

ретінде пайдаланылады. 

Қозғалыстың бастапқы сатысында сол аяғы мен сол иығы үстелдің сол

бұрышында жақын орналасады, оң жақ аяғы артында, аяқ тізеде сәл бүгілген,

ауырлық күші оң аяғында, қалақша иықтың деңгейіне дейін жоғары тұрады,

бірақ   күшейтілмеген.   Қол   білегі   табиғи   қалпында,   қалақшаның   тұтқасы

төменге бағытталған, дене үстелге қатысты тік бұрышта болады. Бұл кезде

ұшып   келе   жатқан   допты   қарсы   алуды   дайындалып,   қол   алдына   төмен

қозғала   бастайды.   Доп   пен   қалақша   жанаспас   бұрын   дене   сәл   төменге

еңкейіп,   сол   жақтан   оңға   қозғалады,   доп   пен   қалақшаның   жанасуы

ойыншының   кеудесінің   алдында   болатындй   етіп   қол   алдына   қарай   төмен

және сол жаққа қозғалуын жалғастырады.

Доп   пен   қалақшаның   жанасу   моментінде   допқа   төменгі   айналу

беретіндей   етіп,   білек   қалақшаға   үдеу   береді.   Осы   кезде   дененің  ауырлық

күші біртіндеп оң аяқтан  сол аяққа ауыстырылады. Ксіп алудан кейін доп

инерция   бойынша  алдына   және   солға   қозғалады,   ауырлық   күші   сол  аяққа

түгелімен ауыстырылады. Дене үстелге бұрылады. Ойыншы келесі соққыны

орындау үшін алғашқы қалпын келтіреді. 




Сурет 13 сол жақтан кесіп алу

Сол жақтан кесіп алу. Сол жақтан кесіп алуды орындау үшін негізгі

қалпы оң жақтан кесіп алуды орындау кезінде тұру қалпынан қарама-қарсы.

Доп пен ойыншының алдында болған кезде, білек үдемелі алдына, төмен оң

жаққа   қозғалады.   Доп   пен   қалақша   жанасу   кезінде   қол   білегінің

қозғалысымен жоғарыдан төменге білектің қозғалысының қадамы бойынша

бопқа төменгі айналудың күші беріледі. Дортың ұшу бағытын өзгерту үшін

қол білегінің қозғалысын қоланады. Қозғалыс үрдісінде дене сәл бұрылып,

ауырлық күші оң аяққа ауытырылады. 

Оң жақтан кесіп алудан айырмашылығы сол жақтан кесі алу ойыншыға

бағытталған   тура   доптарды   қағуға   мүмкіндік   береді.   Ондай   жағдайда

қозғалысты   білекпен   және   қол   буынмен   орындайды.   Қалақшаның   ауытқу

бұрышын   мен   доп   бойынша   соққының   күшін,   сондай-ақ   ойыншының   оң

жақтан кесіп алуы ойнынан анықталады. 

Қалақшаның   ауытқу   бұрышы   (көлденең   бетке   қатысты)   соққының

кезінде  0-90° қа дейін болады. Егер қарсылас  төменгі айналуы бар допты

берсе,     күшті   болған   сайын,   ауытқу   бұрышы   да   өткір   болады.   Өте   күшті

қарсы   кесіп   алу   кезінде   қалақша   доптың   астына   дерлік   көлденең   болады.

Үстіңгі айналуы  бар допты қағу  кезінде  қалақшаның ауытқу  бұрышы  көп

болады. 


Өте қатты үстіңгі айналу және кесіп алу кезінде шұғыл болу керек, ал

қалақшаның   бағыты   дерлік   тігінен   болу   керек.   Кейде   ондай   аса   айналған

доптарды айналу жылдамдығы азайған кезде жерден де қағып алады. 

Кесіп   алу   кезінде   оны   қабылдайтын   соққы   күші   қарсы   доптың

жылдамдығынан және үстелдің қашықтығынан тәуелді болады. 



Сурет 14 сол жақтан кесіп алу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет