күшіне, қимыл қозғалысын басқаруына, ойын стилінің ерекшелігіне
байланысты.
Қозғалыстың техникасын жылдам, әрі тез игеру үшін бастапқы
қалыпты дұрыс таңдап ала білу керек, бұл соққы мен қозғалыстың
жылдамдығының сапасына әсер етеді.
Ойыншының қозғалыстарының басты мақсаты, неғұрлым жылдам
орын ауыстырып соққы беретін жерге жету, дұрыс, ыңғайлы тұрып, дәл
соққыны жүзеге асыру.
Дұрыс бастапқы қалыпты таңдау техникалық соққының дұрыстығына
ғана емес, сонымен бірге қозғалыстың жылдамдығына да әсер етеді.Үстел
теннисі ойынындағы дұрыс тұруды қарастырайық.
Бейтарап жағдайда теннисші үстелге бетімен қарап, аяқтары иық
кеңдігіндей немесе одан да кең, аяқ үштері сәл екі жаққа қарап, өкшелері
көтеріңкі, салмақты аяқтың үшіне түсіріп, тізелері сәл ішке қарап, тізе
тұсында аяқ аздап бүгіледі.
3- сурет Теннисшінің бейтарап тұрысы (алдынан және жанынан
қарағандағы жағдайы)
Дене сәл алға еңкіш, иықтарды бос ұстау, қалақшаны ұстаған қол тік
бұрыш жасай иілген және жоғары көтеріліп тұрады, доптың ұшуын бақылап
көздері алға қарап, тұрады. Бұл қалып шамалы күш жұмсап керекті бағытқа
қозғалу үшін өте ыңғайлы.
Ойында теннисшілер қозғалыстың мынадай түрлерін жиі қолданады;
бір аттамалы тәсіл адымдар, қадам басу тәсіл айқастырылған және аяқты
жылжытып отырып қадам жасау.
Адымдар теннисшінің шамалы жерге дейін ауысуы және дұрыс қалып
алу үшін қолданылады. Бұл кезде ұшқан допқа қарай адымды допқа жақын
аяқ жасайды, ал екінші аяқ соққы жасау үшін ыңғайлы жағдайда тұрады.
Адымды алмастыру бір орында тұрып айналыс жасауға және алға артқа
шамалы қозғалыс жасау жасауға қолданылады. Ойыншы бір орында
тұрғандай болады.
4-сурет Қозғалыстың бір
адымдық тәсілі
Алға қарай қозғалыс негізінде қысқа немесе қиғаш келген доптарды
қабылдау үшін қолданылады. Алға қарай қозғалыста допқа жақын аяқ кең
адым жасайды және тізе қатты иіледі.
5- сурет Қысқа допты қайтарудағы алға қарай қозғалыс.
6- сурет Қиғаш келген допты қайтару. Шетке қарай қозғалыс жасау
Аяқты жылжытып отырып қадам жасау негізінен үстел жиегінде оңға
солға қозғалу үшін қолданылады. Сонымен бірге негізгі қадам допқа жақын
аяқпен жасалады, ал екіншісі негізгі тұрыстың деңгейіне дейін созылады.
Ойыншының доптан сәл алыстауы кезінде «аяқты жылжытып отырып
қадамдау» адымы жасалады.
7- сурет Аяқты жылжытып
отырып қадам жасау
Айқастырылған адымдар орта және алыс арақашықтықтарда
қолданылады. Бұл тәсілдерді қозғалыста бірінші болып доптан алыс аяқ
бірінші адым жасайды, салмақ салатын аяқтың алдында болады.(алдыңғы
айқастырылған адым) немесе салмақ салатын аяқтың артында болады.(артқы
айқастырылған адым) Сонан соң салмақ салатын аяқ созылып соққы соғуға
ыңғайлы жерге қойылады.
8-сурет Айқастырылған адымдар
Доптың ұшу бағытында допқа жақын тұрған аяқ емес, алыс тұрған аяқ
бастайтынына назар аударыңыздар.Мысалы; солға алға қозғалысында
адымды оң аяқтан бастау керек. Диогоналды қозғалыста айқастырылған
қадамды қолданған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: