Конустың қимасы.
Конустың қайсыбір екі жасаушысын қамтитын екі түзу арқылы бір ғана жазықтығын жүргізуге болады. Бұл жазықтық конустың табанын хорда бойымен, ал бүйір бетін екі жасаушы боймен қиып өтеді.
Аталған жазықтық пен конустың ортақ бөлігі теңбүйірлі үшбұрыш болып табылады.
Егер α жазықтығы конустың осі арқылы өтсе, онда қимада пайда болған үшбұрыш конустың осьтік қимасы деп аталады.
Егер конустың бүйір бетін табанымен қиылыспайтын және конустың осіне перпендикуляр емес жазықтықпен қиып өтсек, онда қимада элиппс аламыз.
Анықтама: Конустың табаны мен табанына параллель қиманың арасындағы бөлігі қиық конус деп аталады.
Анықтама: қиық конустың бір табанының қайсыбір нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр қиық конустың биіктігі деп аталады.
Конустың бүір бетінің ауданының формуласы бойынша
Sқ.кон.б.б. = πl(R+r)
Теорема: Қиық конустың бүйір бетінің ауданы табан шеңберлерінің қосындысының жартысы мен жасаушының көбейтіндісіне тең
Sқ.кон.б.б. = *l=*l
Sқ.кон.б.б. = πl(R+r)+πR2+πr2
Мұндағы l-жасаушы, ал r – мен R - конус табандарының радиустары.
Көлемі
Бізге призманың көлемі табанының ауданынын оның биіктігіне көбейткенге тең екені белгілі. Призма мен цилиндрдің ұқсастығынан цилиндрдің көлемі де табанының ауданы мен оның биіктігінің көбейтіндісіне тең деп алуымызға болады.
Vц = SH
Vц = πR2H
Конустың көлемін есептегенде, оның пирамидамен ұқсастығын ескеріп, конустың көлемі табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең, V к =SH
Vк = πR2H
Дәріс №11
Стереометрия курсындағы негізгі метрикалық теоремалар.
Дәріс №12
Көпжақтар, олардың беттері, көлемдері.
Жоспар:
Көпжақ. Көпжақтардың компоненттері
Пирамида: биіктігі, көлемі, ауданы
Призма: биіктігі, көлемі, ауданы
Параллелепипед: биіктігі, көлемі, ауданы
Көпжақ – беті саны шектеулі жазық көпбұрыштардан құралатын дене. Көпжақтардың компоненттері:
Жазықтық пен дөңес көпжақтың бетінің ортақ бөлігі жақ деп аталады.
Жазықтық пен дөңес көпжақтың бетінің ортақ бөлігі жақ деп аталады.
Жақтарының төбелері- көпжақтың төбелері деп аталады
Пирамида.
Пирамида – табаны көпбұрыш, қалған жақтары ортақ төбесі бар үшбұрыштар болып келетін көпжақты фигура. «Пирамида» — грек сөзі… Зерттеушілердің пікірі бойынша бидайдың үйіндісі пирамида ұғымының бастауы болған дейді. Тағы да бір бұл сөз тәтті нанды пирамида тәріздес етіп, үшбұрыштап кесуден шыққан деген пікір де бар.
1 – сурет 2 – сурет 3 – сурет
Пирамиданың төбесін оның табанындағы көбұрыштың төбелерімен қосатын кесіндіні пирамиданың бүйір қырлары деп атаймыз. Пирамиданың биіктігі деп оның төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярды атаймыз. Анықтама: Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған n жағы төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды. Аталған көпбұрыш пирамиданың табана, ал ортақ төбесі бар үшбұрыштар бүйір жақтары, бүйір жақтарының бірігуі бүйір беті, бүйір жақтарының ортақ қабырғалары бүйір қырлары, барлық бүйір қырларының ортақ төбесі пирамиданың төбесі деп аталады. АВСDE бесбұрышы – пирамиданың табаны, АРВ, ВРС,..., ЕРА үшбұрыштары – бүйір жақтары, РА, РВ, ...; РЕ – бүйір қырлары және Р төбесі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |