Ғылыми стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.
Ресми іс-қағаздар стилінде –кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады.
Публицистикалық стильде - риторикалық сұрақтар (сұраушының жауабын қажет етпеу), стильдік қайталау, антитеза(екі затты не құблысты бір-біріне қарама-қарсы қою) пайдаланылады.
Көркем әдебиет стилінде - ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары (теңеу, метафора, эпитет т.б) қолданады.
Ауызекі сөйлеу стилінде – қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді
Стиль түрлеріне қатысты мысалдар:
Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылы-сүйгіш ағаштар қатарына жатады.
|
Ғылыми стиль
|
Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағы-дай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді.
|
Көркем әдебиет стилі
|
Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын.
|
Ресми іс –қағаз стилі
| - Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма берді?
- Ережелерді жаттауға берді.
|
Ауызекі сөйлеу стилі
|
9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыз-дың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.
|
Публицистикалық стиль
|
Ауызекі сөйлеу стилі
Сөйлеу тілінде күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер, бейтарап сөздермен қатар диалект сөздер, кейде тұрпайылау(дисфемизм) сөздер де кездеседі.
Ауызекі сөйлеу стиліне ерекшелік беретін тілдесу сәттері:
- Ауызекі тілдесу адамдардың бетпе-бет кездесуі үстінде жүреді;
- Ауызекі тілдесу адамдардың жұмыс жөнінде пікірлесуіне, ой бөлісу жөніндегі әрекетіне тікелей қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |