Публицистикалық стильдің тіл ерекшеліктері
- Экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
- Тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер(жаңа сөздер);
- Толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер (сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі. Мысалы: Жау келіп қалды… – келіп қалды. Элипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады. Мысалы: Қар көшкіні болады дейді. Қар көшкіні? );
- Тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.
Ғылыми стиль
Ғылыми стиль – адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
Ғылыми стильдің ерекше функционалдық қызметі:
- Ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізу;
- Ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;
- Осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.
Ғылыми стильдің тілдік көріністері
- Ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады;
- Процестерді, тұжырымды ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады;
- Сөзді үйреншікті, тұжырымды ету мақсатында тұрақты үлгідегі(штамп) сөйлемдер, сөз тіркестері молынан жұмсалады;
- Сөйлемдердің мына құрылымдық түрлдері көп жұмсалып, оған өзіндік ерекшелік береді:
- Баяндауыштары ауыспалы осы шақ формалы етістіктен жасалады. Мысалы: Алюмений тез балқиды.
- Ырықсыз етістіктен жасалған баяндауыштар көп жұмсалады. Мысалы: Бидай құнарлы жерге егіледі.
Ғылыми мәтін қатаң логикалық желімен құрылады.
Ресим іс-қағаздар стилі
Іс қағаздар дегеніміз- жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша(ауызша) қарым-қатынас құралы.
Достарыңызбен бөлісу: |