Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы


Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғалар бар. Олар



бет3/6
Дата31.10.2022
өлшемі1,92 Mb.
#155811
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Стиль

Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғалар бар. Олар:
  • Жергілікті сөздер (кәсіби сөздер, диалект сөздер) : сым, сәкі(тапшан) шиіт(мақта шаруашылығында қолданылатын сөз) т.б.
  • Қарапайым сөздер (оның ішінде, ренішке, ұрысуға байланысты сөздер де бюар): көзі ашық(сауатты), доңғал бас(мың), епсектік(икемдік) т.б.
  • Жекелеген адамдардың көпке ортақ сөздерге ерекше форма, мағына беріп өолданылуы. Мысалы:

  • -Әй, Рүстембай-ай, бұл көсеуді мен сәнге асынып жүр дейсің бе? (А.Нұрманов).
    Бұл жерде көсеу мылтық мағынасында қолданылып тұр.

Ауызекі сөйлеуде:
  • Сұраулы сөйлемдер көп өолданылады;
  • Толымсыз сөйлемдер жиі қатысады. Мысалы: -Қарағым, кім келді? –Жылқышы.
  • Сөйлемдердің «Келмегенде ше! Көргенде қандай! Қайдан үлгерсін! Қайдағы пысқан!» сияқты үлгіде құрылған түрлері көп жұмсалады.
  • Сөйлемдерде қысқарып құрылған сөздер көп кездеседі: алып-ап; келіп-кеп; келгенмін-келгем; барғанмын-барғам т.б.
  • Бұл тілдік тұлғалар ауызекі сөздің қысқа, эмоциялы болып, екі, үш не одан да көп адамдардың қатысуымен диалог түрінде құрылуын қамтамасыз етеді.

Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері
  • Дидарластқ сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу)- екі немесе бірнеше не одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады. Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болуы үшін алдын ала дайындалып келеді.
  • Полемикалық (дауласу) сөз-мүддені, пікірді қорғауда жұмсалатын лебіз. Пікір таластырушы немесе мүдделері қарсы кісілердің арасында болады.
  • Көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).

Көркем әдебиет стилі
Көркем әдебиет оқиғаныт сурет бейнесінде баяндайды: оқиға, кейіпкердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып баяндалады. Оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. Мұны оқиғаның образды түрде бейнелеу дейді.
Көркем әдебиет оқиғаны баяндауда автордың (жазушының) әсерін, сезім-күйін қоса қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет