Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы


Сөздердің мағыналық топтары мен тұрақты тіркестердің бейнелі қолданыстары



бет18/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация

2.2 Сөздердің мағыналық топтары мен тұрақты тіркестердің бейнелі қолданыстары

Бейнелеуіш құралдар – кез келген көркем шығармаға өң беретін, ақын немесе жазушының айтар ойын оқырманға жеткізудегі басты құралдардың бірі. Соның ішінде лириканың бейнелілік табиғаты – өте күрделі құбылыс. Өйткені айтар ой бірдей болса да, мұны әр қаламгер әр қырынан суреттеп баяндайды.


«Прозаик, ақын я сыншы болсын, қай-қайсы да жалпы халықтық тілді пайдаланатыны баршамызға мәлім. Солай бола тұра жеке таланттың тілі деген ұғымды да қолданатынымыз белгілі. Сол шарттылықтың өзінде де шындық барын ескермеске болмайды, өйткені көпшілікке етене таныс сөздерді жаңа қырымен, соны бояуымен, өзгеше өңмен жұмсай білушілік – жазушы талантын танытатын құбылыс. Әрбір қаламгердің сөйлем құру даралығы осыны дәлелдейді» [71, 134-б.], – деп ғалым М.Серғалиев атап өткендей, көркем шығармада, соның ішінде лирикалық шығармаларда сөз өзінің бастапқы лексикасына қарағанда, ауыспалы мағыналарында көбірек қолданылады.
Лирика тілінің лексикалық-фразеологиялық ерекшеліктер туралы сөз қылғанда, мағыналас, қарсы мәнді сөздер мен сөз тіркестері туралы айтамыз. Себебі лирика тілінің көркемдігін арттыру мақсатында сөздерді әртүрлі мағынада қолдану стилистикалық тәсілдердің бірі болып есептеледі. Бұл сөзімізге ғалым Д.Әлкебаеваның келесі пікірі дәлел бола алады: «Көркем әдебиет стилінде тілдің барлық стилистикалық ресурстары пайдаланылады, оған тән басты белгілер болып аса бейнелі тілдік бірліктер қазынасы көрінеді: метафора; фразеологиялық тіркестер; синонимдік қатардың көптігі; тура мағынадағы сөздің ауыспалы мағынаға ауысу қабілетінің күштілігі; сөз, сөз тіркестерінің семантикалық стильдік қызметінің шексіздігі» [8, 83-б.]. Сөздерді ауыспалы мағынада қолдану арқылы ақындар терең ойды астарлы мағына арқылы беріп, лирика тілін көркемдей түседі.
Лирика тілінде көп кездесетін мағыналас сөздер қатары – синонимдер. Fалым Р.Сыздық: «Синонимдер дегендер – тек мағыналас (мәндес) келген сөз қатарлары peтiндe лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әcipece көркем сөзде ең қуатты икемдi, актив стильдiк құрал. Синонимдi көрiктеуiш қызметте жұмсау, әcipece поэзияда кең орын алады. Жұмсау тәсiлдерi, орындары сан алуан: синонимдiк қатардан сол орында (сөйлемде, абзацта, шумақта, т.б.) айтылған ойға ұтымды келетiн варианты алынады, ол ұтымдылық сөздiң модальдық peңкiнe, тіркесу қабiлетiне, айналасындағы сөздер мен дыбыстық үндecyiнe қарай жұмсауына байланысты» [72, 28-б.], – дейдi.
Жұмысымызда негізге алатын төрт ақынның өлеңдерінің барлығында да синоним сөздер өте жиі кездеседі. «Шығарма тілінің көркемдігі суреткердің сөзді азды-көпті қолдануында емес, әр сөздің қиюын тауып, қолдануында, осы ретте ойдың түсініктілігін, айқындығын дәлдей түсу үшін сөз мағынасын сан-саққа құбылтып жұмсайды» [73, 101-б.], – деген С.Хасанованың пікірімен толықтай келісуге болады. Себебі лирикалық өлеңдерде мағыналас сөздер тура немесе ауыспалы мағынасынан бөлек, поэтикалық мағынасында кеңінен қолданылады.
Алдымен Ж.Нәжімеденов өлеңдерінде кездескен мағыналас сөздердің қатарына мысал келтірер болсақ:
Қаракетім, тірлігім күндізгі ұзақ,
Түнде жыр боп жатсыншы жұлдыз құсап. (Ж.Н. Қоңыр дәптер. 1-18)
Негізінен қарекет сөзінің мағынасы – іс-әрекет [29, 485-б.], ал тірлік сөзінің мағынасы – тірі болуышылық, тірі жүргендік. Бұл жерде күндізгі қарекет, тірлік деген сөздер күні бойы іске асырылған шаруа деген мағынада қолданылып тұр.
Жинағандай соңғы үнем, ақырғы азық,
Жанымды жұрт дәптер ғып жатыр жазып. (Ж.Н. Бетіңе талай шимай жатып ап жүр. 1-22)
Соңғы, ақырғы сөздері – синоним сөздер [74, 241-б.]. Бұл екі сөз қатар келу арқылы ең соңғы, ең ақырғы деген мағынаны үстейді.
Тек саған, саған ғана сүйенемін,
Топырақ қасиетті, киелі елім. (Ж.Н. Туған жер. 1-30)
Бұл өлең жолдарында қасиетті, киелі синонимдері туған ел сөзінің қандай екендігін толық ашу үшін қолданылған. Негізінен кие сөзі – көне мағынасында бірдеңенің пірі, иесі деген мағынаны [29, 394-б.], қасиетті сөзі – қастерлі, ардақты, аса құнды деген мағынаны [29, 394-б.] беретіндігін ескерсек, ақын туған ел топырағының да өз иесі бар екендігін жеткізгісі келгендігін байқаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет