Публицистикалық стиль - әртүрлі стильдік бояуға ие. Олардың ара қатынасы шығарманың жанры мен стиліне байланысты.
Әдеби тіл нормасы – белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ, орнықты түрде қолдану үлгісі.
Стилистикалық қате – белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін,
стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі.
Лингвистикалық стилистика - қоғамдық-әлеуметтік, өндірістік, идеологиялық, моральдық-психологиялық т.б. салаларға байланысты қағаз бетіне түскен немесе ауызша айтылған мәтіндердегі жеке сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің немесе олардан да көлемді құрылымдағы конструкциялардың тілін қарастырады.
Стильдік белгі - белгілі бір функционалдық стильдің даралығын, басқа
стильдерден өзгешелігін танытатын қасиеті.
Стильаралық диффузия - бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің екіншісіне ауысып, өнімді қолданылуы.
Каламбур – сөз бен сөз тіркестерін ұқсас дыбыстаудан пайда болатын
стилистикалық оралым. Көбінесе поэзияда қолданылып, эмоциялық әсерді,
ұйқасымдылықты күшейту қызметін атқарады, кейде омографтардың, омофондардың көмегімен құрылады.
Эмоционалды-экспрессивті сөздер - тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздер. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам
сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді.
Көркемдік әдіс (грек тілінде methodos – зерттеу жолы) – суреткердің өзі
танып-білген ақиқат дүниеге шығармашылық қарым-қатынасының жалпы ұстанымы, яғни ақиқат дүниені қайта жасауы.
Мәтін стилистикасы - мәтін түзуші тілдік құрылымдардың стильдік қызметін қарастырады.
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
СӨЖ-ге әдістемелік нұсқау: СӨЖ тапсырмалары жазбаша (бақылау жұмысы, реферат, конспекті, эссе, т.б) жазу түрінде беріледі. Студенттің СӨЖ тапсырмаларын тапсыру барысында олардың теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы, тапсырманы меңгеру деңгейі, шығармашылық шешім таба білу дағдысы және келешек маман ретінде тіл мәдениеті, сөз байлығы, орфоэпия нормаларына сай мәнерлеп, көркемдік нақышына келтіріп айта білу шеберлігі бағаланады.
Студенттердің өздік жұмыстарына оқытушының тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстар жатады. Сонымен бірге олардың таным әрекеті білім алу қажеттігімен ұштасады. Осыған орай олардың дербестігі, ең алдымен белсенділікке байланысты, ол белсенділік дербестікті талап етеді. Студенттердің өздігінен істейтін әрекеттері оның белсенділігін арттырады.
Сондықтан студенттің өздік жұмысы белгілі бір пәннің оқу бағдарламасында белгіленген және студент тарапынан меңгерілуі қажет болған білім, дағды мен көндігулердің бір бөлегі болып, оқытушының көрсетпесі мен кеңесі нәтижесінде аудиторияда немесе аудиториядан тыс орындалады.
Студенттердің өздік жұмыстарын жүргізуі - олардың өз бетімен жұмысын ұйымдастырудың маңызды да, нәтижелі бір формасы.
Студенттердің өздік жұмыстарын алып бару практикасы оқу процесін белгілі мақсатқа бағытталған түрде басқаруға мүмкіншілік жаратқан тізім болып, студенттердің критикалық пікірлеуін, ғылыми, әлеуметтік-саяси іскерлігін көтеру мәселесін, жоғары оқу орындары бітірушілерін комплексті дайындаудың ажыралмас бөлігіне айналдыруға жәрдем береді. Сондықтан, болашақ маманды комплекс дайындауға жәрдем беретін, олардың білім алу процесін үздіксіз және жан-жақты байытатын, аудитория сабақтарында қосымша жүргізілетін өзіндік жұмыстардың түрлерін істеп шығу, айқындау қажеттігі бүгінгі күнгі білім тарауының ең маңызды мәселелердің біріне айналады. Соған байланысты, кез келген тапсырма тәжірибенің, ептіліктің пайда болуына ең алдымен студенттердің өзіндік шығармашылығының нәтижесі болуы тиіс.
Студенттерге шынайы білім берудегі ең мәнді қадам деп олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде қолдануына жол ашатын оқу жүйесіне көшу барысында жаңа педагогикалық технологияларды да белсенді түрде енгізіле бастағанын айтуға болады. Өздік жұмыстарды жүргізуі студенттердің білім дәрежесінің артуында үлкен роль ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |