Үстірт (беткей) және терең сезімталдықтың жолдары


Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі



бет4/6
Дата20.05.2022
өлшемі354,07 Kb.
#144192
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 билет невро Жибек

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

  • 1. Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті қызметтерді бағалау: ес, тыныс алу, қан айналу.

  • 2. Визуальді бағалау: бастың жұмсақ ұлпасын жақсылап қарау жəне пальпацииялау (бассүйек ми жарақатын анықтау үшін).Сыртқы құлақ қалқанымен мұрын қуысын қарау ( ликвор мен гемотореяны анықтау үшін).

  • 3. Пульсті бақылау (аритмиялық), жүректің соғу жиілігін (брадикардия), артериялық қысымды анықтау.

  • 4. Жүрек аускультациясы: митральді қақпақшаның пролапсты шуы жəне жүректің басқа да шуылдары.

  • 5. Мойын тамырларын аускультациялау: ұйқы артериясының үстінен шуылды анықтау, əсіресе анамнезінде транзиторлы ишемиялық шабуыл жəне қантты диабеті болса.

  • 6. Неврологиялық статусты анықтағанда келесі белгілерге мəн беру керек:

  • - аяғында қозғалыстың бұзылысын: науқасқа 10 сек. аяғын көтеріп тұруын сұраймыз, салданған аяғы тезірек шаршайды (Баре сынамасы).

  • - сөйлеудің бұзылуы (дизартрия, афазия), дизартрия кезінде науқас түсінеді, бірақ түсініксіз сөйлейді; афазия кезінде науқас түсінеді бірақ мүлдем сөйлей алмайды.

  • - бассүйек иннервациясының бұзылуы :беттің ассиметриясы, дисфагия (жұтынудың бұзылуы- қатты немесе сұйық тағам ішкенде қақалуы);

  • - сезімталдықтың бұзылуы: денесінің немесе аяғының симметриялық бөліктерін инемен сұққанда бір жақты ауырсыну байқалады;

  • - естің төмендеуі (есеңгіреу, сопор, кома);

  • - көру алаңының дефектісі (геми анопсия- сол немесе оң көзінің көру алаңының төмендеуі).

  • 7. Қандағы глюкозаның мөлшерін анықтау.

    Диагноз қою күрделілігі бұл жағдайда дәрігер анықтап үлгеруі үшін ТИШ аз уақытқа созылуында. Дәрігер инсульт және ТИШ пайда болуымен байланысты қауіп факторларының болуын міндетті түрде тексереді. Кейде неврологиялық тексеру жүргізіледі. Қарау кезінде дәрігер жүректің жағдайын тексеріп, артериалдық қысымды өлшейді. Сондай-ақ, жүйке жүйесінің, бұлшық еттің жағдайы бағаланады. Сондай-ақ, дәрігер стетоскоптың көмегімен ұйқы артериясын тыңдап, қан ағымының бұзылысымен байланысты шуылды анықтайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет