Қызыл иек (гингивальная) хирургиясы. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюретаж).
Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау қалта тереңдігі 4 мм-ден асқанда қолданылады. Бүл операцияны жасайтын арнаулы аспаптар комплексі медицина заводтарында дайындалады.
Аспаптар қүрамына имек ілгіш, көтергіш, астауша (кюретки), түрпі, бурышты көтергіш тәрізді аспаптар кіреді.
Операцияның негізгі мақсаты — патологиялық қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою. Мұны орындау үшін біріншіден, қызыл иектің үстіңгі және астыңғы жағында жиналған іріңді тұнбаларды қалдырмай алып тастап, екіншіден — бұзылған тіске жиналған тастарды (қақты), жұмсақ түйір еттерді, қызыл иек және тіс-сүйек қалталарына қарай өскен эпителийдің өскінін алып тастау керек (52-сурет).
52- сурет. Патологиялық қалтаға кюретаж жасау операциясы (жоба).
Сонда операциядан кейін жарақатты таза ет пен сүйек қана қалады. Сөйтіп, бұл араларға қан келіп, ол ұйығаннан кейін қатты етке айналады да, тіс цементімен біргіп қалталар жоғалады. Алайда мұндай операцияны қабыну процесі асқынғанда жасауға болмайды. В. Е. Крешкина 1973 жылы бул операцияның басты негізгі төрт принципін атады. Олар: 1. Операция жасалатын жерді жансыздандыру;
2. 2—3 тіс қалталарын ғана тазалау;
3. Сау ет пен сүйекке аса уқыпты болып, оларды сақтай білу;
4. Таза сау тіс қалталарына толған қанды іріңді түрлі биологиялық дәрі-дәрмектермен залалсыздандыру.
Бул операцияның мынадай артықшылықтары бар: а) оңай, б) жеңіл, в) аспаптар жеткілікті; г) аурудан тез арада жазылуға болады.
Қызыл иекті сылу (гингивотомия). Бұл операцияда қызыл иек қалтасын кесіп алып, тіс айналасын қасықшамен тазалайды. Операцияны мынадай көрсеткіштер бар кезде жасайды: а) тар және терең, біржақты тіс қалтасы болғанда; б) дара, 1—2 тістің парадонтальды іріңді тіс-иек қалталары болғанда. Операцияны мына жағдайда жасауға болмайды: кең және терең тіс-иек және тіс-сүйек қалталары болғанда.